А мәтіні. Ғаламтор материалынан үзінді
Кәсіп пен еңбек
Адамзат өзінің саналы ғұмырында әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, бес-алты жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, алып барады, жылжытады және тағы басқа әрекеттерді орындайды. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап, ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, ебек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қаматамасыз етеді, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңдар кодекісінң 2-бабының мазмұнымен таныса келе, бұл бапта қызметкердің негізігі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын.
Адам баласы еңбектене отырып, өзінің табиғи дарыны мен қызығушылығы негізінде өзіне ұнайтын кәсіпке бет бұрады. Жалпы алғанда, кәсіп қолданылатын еңбек құралдарына қарай (машинист, автоматшы), еңбек затарын қарай (машина жасаушы, кенші), еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай (бұрғылаушы, құрылысшы) немесе өндіріс процесінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай осылай бірнеше топқа бөлінеді. Кәсіптің түріне, қажеттілігі мен сұранысына қарай бірнеше мамандықтар пайда болады.
Қорыта келгенде, кәсіп пен еңбек кез келген адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан да еңбек жолында өз қызуғышылығы мен икемі басым кәсіп түрін таңдай білу адамның жеке басы үшін ғана емес, қоғам үшін де өте маңызды. (211 сөз)
Ә мәтіні. Газеттен мақала
Болашақ мамандықтар
Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Заманның ағымынан қалмай, жаңадан пайда болатын мамандықтарға дағдыланған дұрыс. Біз өмір сүріп жатқан қоғам жаңашылдықты қажет етеді. Осыған орай, заман қажеттілігіне қарай әртүрлі бағытта жаңа мамандық түрлері пайда болуда.
Fact Future британдық агенттік футурологтері 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. Дәстүрлі кеңселік жұмыстан шаршаған жандардың құлағына алтын сырға қазірден бастап дайындалсаңыз, жаңа жұмысқа қажет машқытарды жақсарта аласыз. Сонымен, айналдырған он жеті жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет болады:
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман;
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтер. Бұл мамандық иелері адамдардың ғарышқа саяхаттауына мүмкіндік беретін қызмет түрлерін ұсынады;
Инфоқоқысшы – компьютеріңізден артық ақпаратты өшіріп отырады;
Уақыт биржасындағы брокер мамандығы ақша айналымдарын реттеп отырады;
Жеке бренд-менеджер пиар менеджерлер сияқты белгілі біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастырады.
Ел болған соң кез келген мамандық иесі маңызды. Ең бастысы, білікті маман болса, қоғамға пайдасын тигізері сөзсіз. Сондықтан да жаһандану дәуірінде жас ұрпаққа бүгінгі таңдағы сұранысқа ие, қоғам үшін пайдалы мамандық түрлері жайлы энциклопедия, прайс-лист жинақтарын шығару, бебинерлар мен мамандық көрмелерін ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу пайдасы зор. (199 сөз)
Тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссе жазыңыз. Эсседегі сөз саны 170-200 сөз болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |