Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Хроматографиялық талдаудың қандай түрлерін білесіз? Хроматографиялық талдау әдісінің мүмкіндіктерін атаңыз. (Почти толық)



бет29/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Хроматографиялық талдаудың қандай түрлерін білесіз? Хроматографиялық талдау әдісінің мүмкіндіктерін атаңыз. (Почти толық)

Хроматография - дегеніміз газ, бу, сұйық немесе еріген заттардың қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография аналитикалық химияда, органикалық және бейорганикалық қосылыстарды талдауда, заттарды бөлу және тазарту үшін химиялық технологияда кеңінен қолданылады.
Хроматографиялық қондырғылар - физикалық-химиялық әмбебап аспап, оны шамалы өзгертір адсорбцияны, қайнау температурасын өлшеуде, фазалық өзгерістермен беттік құбылыстарды зерттеуде т.б пайдаланылады.
Хроматографияның молекулалық және хемосорбциум түрлері бар. Хроматографияда қоспаларды тиімдірек бөлу үшін электр өрісін немесе температура өрісін пайдалану әдістері қолданылады.
Хроматографияның негізгі екі түрі: препаративті және аналитикалық. Препаративті хроматографияның мақсаты - қоспаның компоненттерін кейінірек пайдалану үшін бөлу, сондықтан заттарды тазартудың жолы болып табылады. Аналитикалық хроматография әдетте аз мөлшердегі материалмен орындалады және қоспадағы аналиттердің мөлшерін немесе бар болуын анықтауға арналған. Препаративті хроматография аналитикалық бола алмайды, және керісінше.
Хроматография процесін жүргізудің бірнеше жолы бар: сорбент колонкасын, сүзгіш қағаз қолдану, газ қоспаларын жіңішке капилляр арқылы өткізу және т.б
Хроматографиялық талдаудың қолдану аймақтары:
1. Нефтехимия, химиялық өндіріс;
2. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау;
3. Азық-түліктер мен дәрілік заттардың анализі;
4. Клиникалық анализ;
5. Ғылыми зерттеулер
Хроматографиялық әдістердің жіктелуі:
1. Фазалардың агрегаттық күйі бойынша: газдық, сұйықтықтық және флюидтық хроматография
2. Фазааралық таралу механизмі бойынша: таралу, адсорбциялық, ионалмасу, тұндыру және т.б
3. Өткізу тәсілі бойынша: бағаналық, қағаздық, жұқа қабаттағы
4. Сорбаттың таралу механизмі бойынша: элюенттік, ығыстыратын, фронтальді
5. Мақсаттары мен міндеттері бойынша: аналитикалық, препаративтік
Хроматографиялық әдістің негізін салушы орыс ботанигі М.С.Цвет (1872-1919). Ол 1903 жылы күрделі зат қоспасын бөліп алудың хроматография (гр. "хроматос" - түс деген сөзі) деп аталатын жаңа әдісін ұсынды. Бұл әдіспен хлорофилл өсімдігінің біртекті деп есептеліп келген жасыл пигментін бірнеше түстегі өнімдерге жіктеді. Ол үшін жасыл жапырақты езіп, органикалық еріткішпен шаймалап алынған затты диаметрі 10-60 мм, ішіне бор ұнтағы толтырылған тік шыны түтікшеге құяды. Мұндай шыны түтіктерді хроматографиялық бағана деп атайды. Түтіктің төменгі ұшында шүмек бар. Бағанадағы шайма үстіне петролейн спиртін (бензиннің жеңіл ұшатын таза түрін) қосқанда, шаймаланған зат құрамындағы әрбір жеке қосылыс бор ұнтағында әр түрлі жылдамдықпен төмен қарай жылжиды. Олар бағана бойымен әр түрлі сақиналы буындарға бөлінеді. Шүмекті әлсінәлі ашу арқылы оларды жеке-жеке бөліп алады. Бұл хроматографиядағы әрі негізгі, әрі бірінші зерттеу болды. Ол хроматография түрлерге біртұтас теориямен байланыстырады. Зат - сорбент - еріткіш жүйесіндегі бөлінудің күрделі сипатын ашып берді. Әйтсе де бұл әдіс органикалық, әсіресе, табиғи органикалық қосылыстарды зерттеуге ғана пайдаланылып, өзге салаға еркін енбей келеді.
Кез келген хроматографиялық жүйеде бірі – қозғалмайтын (қатты және сұйық), екіншісі – қозғалатын (сұйық және газ), ығыспайтын екі фаза арасында заттардың қайтымды алмасуы жүреді. Қозғалысты фаза козғалмайтын фазаның беткі қабатымен жанасқанда, қоспадағы құрамдас бөліктер осы екі фазалар арасында тұрақтысы немесе таралу коэффициенті бойынша олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкес таралады. Динамикалық жүйеде динамикалық тепе-теңдік орнайды. Яғни молекулалардың біраз уақыты қозғалмайтын фазада, біраз уақыты қозғалысты фазада өтеді де, бәрі бірге қозғалмайтын фазаның бойымен орын ауыстырады. Заттың әр түрлі сорбциялануы нәтижесінде, олар фазада әр мезгілде болады. Қозғалыссыз фазамен күштірек әрекеттесетін құрамдас бөліктер, оның өн бойымен баяу жылжиды, нәтижесінде құрамдас бөліктердің бөлінуі басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет