Биопрепараттар өндірісінде қандай биологиялық обьектілер қолданылады? (толық)
Биологиялық препараттар, биопрепараттар — адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.
Биотехнологиялық өндірісте қолданылатын биологиялық объектілер.
Микроорганизмдердің биотехнологиялық өндіріс объектісі ретіндегі маңызы. Микроб клеткаларындағы зат алмасу жылдамдығы мен ерекшелігі. Биоөндіріс түріне байланысты микроорганизмдердің әртүрлі штамдарын қолдану.
Микроорганизмдердің біріншілік және екіншілік метаболиттері. Ашытқылар сиапаттамасы – сахаромицеттердің. Лактозаны ыдырататын ашытқылардың сипаттамасы. Сүт қышқылды бактериялардың сипаттамасы.
Микроағзалар – органикалық және аминқышқылдарының, дәрумендердің, ферменттердің процуденттері. Лимон қышқылын алу үшін қажетті субстраттар.
Микроағзалар – екіншілік метаболиттердің продуценттері. Жемдік ақуыды өндіру.
Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады.
Вакцина - микроорганизмдерден немесе олардың антигендерінен тұратын белгілі бір микроорганизмдерге немесе оның бөліп шығаратын токсиніне қарсы жасанды түрде активті иммунитет жасау үшін қолданылатын препараттар.
Биологиялық активті заттар - олар асқазан-ішек қызметін жақсартып, ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қолдануға болатын бифидо қоспалары бар емдік-диеталық қоректік тағамдар.
Антибиотиктер - микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық заттар.
Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.
Эутобиотиктер - бұл әсер ету бастамасы қалыпты микрофлора өкілдерінен құралған тірі лиофильді кептірілген микроорганизмдер дақылынан жасалынатын бактериалық препараттар.
Пробиотиктер - негізінде табиғаты микробтан тұратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар және ас қорыту процесіне қатысатын, әсер ету бастамасы ферменттік жүйе болатын препараттар.
Достарыңызбен бөлісу: |