Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Сапаны бақылауға қойылатын талаптар



бет27/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Сапаны бақылауға қойылатын талаптар төмендегіше белгіленеді:

  • Өнімді тексеріп қарайтын, сынақ түрлері;

  • Сынақтың өткізілу мерзімі;

  • Жекелеген бақылау жүргізу кезінде сынақ үшін өнімді іріктеу тәртібі және байқап көруге дайындау;

  • Бақылаудың жүргізілу тәртібі;

  • Өнім сапасының нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келуі туралы бақылау процесінің параметрлері мен талқылау критерийлері;

  • Тиісті нақтылығы көрсетілген бақылау – өлшеу аппаратураларына, құралдары мен саймандарына қойылатын талаптар; сондай-ақ сынақ жүргізілетін стендалар мен қондырғылар талаптары;

  • Бақылау нәтижесін өңдеу тәсілдері;

  • Бақылау нәтижесі хаттамасының формасы.




  1. Иммунобиологиялық препараттарды өндірудің жақсы өндірістік тәжірибесінің принциптері мен ережелерін атаңыз. (Толық)

Иммунологиялық дәрілік препарат (иммундық-биологиялық дәрілік препарат) (бұдан әрі – ИДП) – белсенді немесе белсенді емес иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық жауаптың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға (дайындауға) арналған дәрілік препарат;
Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұратын, бір бірінен тегімен, шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ иммундық жүйе арқылы әсер етуі олардың ортақ қасиеті болып саналады. Иммунды биологиялық препараттардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық белсенді иммунды цитокиндерге ұқсас заттар болып келеді. Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін иммундыбиологиялық препараттарға басқада заттар қосылуы мүмкін. (Стабилизаторлар, адьюванттар, консерванттар, витаминдер, адаптогендер)
Иммундыбиологиялық препараттар параэнтеральды, пероралды, аэрозолды және басқа тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайынадалады.
Қазіргі кезде иммундыбиологиялық препараттардың 5 тобы белгілі:
1 - тобы: тірі, не өлі микробтардан немесе олардың құрамдық заттарынан алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар. Оларға тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасушалық вакциналар, анатоксиндер, бактериофагтар, пробиотиктер жатады.
2 - тобы: спецификалық антиденелерге негізделген иммундыбиологиялық препараттар. Оларға иммундыглобулиндер, иммундысарысулар, иммундытоксиндер, фермент-антиденелер, рецепторлы антиденелер, мини-антиденелер жатады.
3 - тобы: жұқпалы немесе жұқпалы емес аурулардың иммундытапшылықтарын иммундыкоррекциялау, алдын алу және емдеуі үшін қолданылатын иммундыбиологиялық препараттар. Оларға экзогендік иммундымодуляторлар, эндогендік иммундымодуляторлар жатады.
4 - тобы: адаптогендер, биологиялық кең белсенді, иммундық жүйеге әсер ету мүмкіншілігі бар өсімдіктер мен жануардан алынған немесе тегі басқа күрделі құрылысты химиялық заттар. Оларға тағамға қосылатын биологиялық заттар, өсімдік сығындылары жатады.
5 - тобы: жұқпалы немесе жұқпалы емес аурулардың спецификалық не бейспецификалық диагнозын қою үшін қолданылатын диагностикалық препараттар мен жүйелер. Олардың көмегімен антиденелерді, антигендерді, ферменттерді, метаболизм заттарын, биологиялық белсенді, бөгдетекті жасушаларды және т.б анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет