Дидактикалық ойын:
.«Телефон» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: Балалар, бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы айтылған сөзді басқа балаға жеткізеді. Егер соңындағы бала, сөзді шатастырып алса, «айыбын» төлейді.
|
Серуен-бақылау«Үлкендер еңбегі»Мақсаты: Балалармен бақша ауласында мақсатты серуен құру. Үлкен адамдар еңбегін бақылау. Бақша ауласында серуендеу кезінде үлкендердің еңбектеріне назар аударту.Балалар, аулада еңбек етіп жүрген апайға қараңдаршы, ол не істеп жүр?Қалай ойлайсыңдар, ол кісі неге ауланы сыпырып,тазалап жүр? Дидактикалық ойын:"Мамандықтың бәрі жақсы". Ойын шарты: балаларды әртүрлі мамандықпен таныстыру. Суреттерін тақтаға ілу. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді. Кімге не керек екенін айтады.
|
Балалардың үйге қайтуы1200
|
Ата-аналарға балалардың жетістіктерін айту,ертегі немесе әңгіме айтуға кеңес беру.
Балаларды ата-аналарына табыстап, шығарып салу
|
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты:
қоршаған ортамен өзара əрекет етуге қажетті танымдық əрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті жəне адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.
Міндеттері:
Балаларда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімі,оларға қамқорлық көрсету ұмтылысы,туған еліне,қаласына оның тарихынақызығушылық таныту сияқты адамгершілік сапаларды тәрбиелеу;
Адам еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру,адам қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға ,бала қиялын дамыту;
Отанға ,табиғатқа,туған халқына,туып өскен жеріне сүйіспеншілік таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |