Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»


Тақырыбы: Бізді не қоршап тұр? Мақсаты



бет2/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

Тақырыбы: Бізді не қоршап тұр?
Мақсаты:Балалар «жансыз табиғат» түсінігімен танысып, жанды және жансыз заттарды бір бірінен ажырата алады жәнеқарапайым тәжірибеніөз бетінше жасайды орындайды. Таза бұлақ
Бар екен таудан аққан таза бұлақ,
Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ.
Жағалай біткен ағаш жапырақты,
Жайқалып күн мен желден тұрған қорғап.
Шілденің тас қыздырған ыстық күні,
Мөп-мөлдір суы салқын, əйбат түрі.
Шыныдай жалтыраған тазалығы
Көрініп айнадай боп жатқан түбі.
М.Дулатовбалаларға жанды жəне жансыз заттар туралы не білетіндерін сұрап, сол туралы əңгімелеулерін талап етубалабақшаға келе жатып, аспанда ұшып жүрген ұшақты көргенін, ал одан төменде көгершінді көзі шалғанын айтып, содан соң «олар жанды ма, жансыз ба?» – деп ойланып қалғанын əңгімелеп береді. Балалардан неліктен көгершіннің жанды, ал ұшақтың жансыз екенін түсіндіріп беруді сұрайды.
Балаларды əліппе-дəптерді пайдалана отырып, таным үдерісіне қызықтырады: Табиғат дегеніміз не? Біз бұл нысандарды неліктен табиғатқа жатқызамыз?
Əліппе-дəптердегі суреттерді қарап шығып, бұл жерде қайсысы табиғат нысаны екенін ажыратып айтып берулерін өтінемін.
. Жанды табиғат əлемі жəне жансыз табиғат əлемі деп екі үлкен бөлікке бөлуге болады. «Тағы не істейді?» деген ойын ойнауға шақырады. Ойын тəртібі бойынша балалар заттың іс-əрекеттерін немесе қасиетін атап көрсетуі тиіс. Балалардың жауаптары: Дəурен: Үйрек суда жүзе алады,тағы не істейді? Сүгір: Сүңгиді, жерде жүреді,ұшады, барылдайды. Д: Мысық тышқан аулайды, одан басқа тағы не істей алады? С: Бетін сипалайды, пысылдайды, мияулайды, серуендейді, ұйықтағанды жақсы көреді. Д: Күн жарық сəуле шашады. Тағы не жарық шашады? С: Қалта шам, шам, көліктің шамы... Сөйлемдерді аяқтайды: Мен бүгін мынаны білдім .... Мен үшін мынау өте қызықты болды....3.Жапсыру Тақырыбы: Көшедегі үйлер
Мақсаты:көп қабатты және бір қабатты үйлерге арналған бөлшектерді ретімен жапсыра білуге үйрету.
Міндеттері:архитектуралық бөлшектер туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр бөлікті өз орнына ұқыптылықпен жапсыру қабілеттерін дамыту; балалардың үй туралы, оның түрлері туралы ой-қиялдарын жетілдіру, шығармашылыққа тәрбиелеу. балалардың жұмыс істеуіне қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастыру мақсатында өлең оқиды. балалармен өздері тұратын ауыл, қала, көше және өз балабақшалары орналасқан көше туралы қысқаша сұрақ-жауапқа құрылған кіріспе әңгіме өткізеді.
– Біз қай республикада тұрамыз?
– Біздің ауылымыз (қаламыз) қалай аталады?
– Өздерің тұратын көшені атаңдар?
– Ал біздің балабақшамыз орналасқан көше қалай аталады? №1 слайдтан көше және көп қабатты, бір қабатты үйлер көрсетіледі.
Көше (аты, орналасуы, нелер бар екені т.б. ) туралы сұрақтар қою. №2 слайдтан көп қабатты және бір қабатты үйдің жасалу жолы көрсетіледі.
Педагог қауіпсіздік ережелерін және тазалық шараларын ескертеді.
I топ көп қабатты үйлер бойынша, ал II топ бір қабатты үйлер бойынша жұмыс жасаулары тиіс.
1. Үлкен тіктөртбұрышты қиямыз (үйдің қабырғасы).
2. Үшбұрышты қиямыз (үйдің шатыры).
3. Шаршыларды қиямыз (үйдің терезесі).
Педагог жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.
Үйлердің қиып алған бөліктерін үлестірмелі материалдың 2-бетіндегі үлгіге жапсырамыз. Жұмыс толық аяқталғанда «Ұшқыштар» және «Батырлар» көшесі бойына өз үйлерін жапсыру тапсырылады.
3.Рефлексия.
Сабақты қорытындылап, балаларды мадақтайды.
-Міне, балалар, көшемізде сәнді үйлер бой көтерді. Қандай шебер құрылысшысыңдар!
4.Дене шынықтыруТақырыбы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет