Серуен 1115-1130
|
Серуен-бақылау «Үлкендер еңбегі»Мақсаты: Балалармен бақша ауласында мақсатты серуен құру. Үлкен адамдар еңбегін бақылау. Бақша ауласында серуендеу кезінде үлкендердің еңбектеріне назар аударту.Балалар, аулада еңбек етіп жүрген апайға қараңдаршы, ол не істеп жүр?Қалай ойлайсыңдар, ол кісі неге ауланы сыпырып,тазалап жүр? Дидактикалық ойын:"Мамандықтың бәрі жақсы". Ойын шарты: балаларды әртүрлі мамандықпен таныстыру. Суреттерін тақтаға ілу. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді. Кімге не керек екенін айтады.
|
Серуен №3
Күнді бақылау
Бақылау
Балалар назарын күзгі күн көзінің қалай шығатынына, қалай қыздыратынына аудару. Күннің қай уақытында күн көзі қатты қыздырады және неліктен? Күннің орны мен күздегі күн ұзақтығының арасындағы өзара байланысты айту (күн жоғары көтерілмейді, күндер қысқарып барады). Табиғатқа деген байқағыштығын, білуге құштарлығын, сүйіспеншілігін дамыту.
Көркем сөз
«Анамыздай мейірлі күн, Аймалайды шыңда тұрып».
Май берейін, құрт берейін, Күннің көзі шық, шық! Алақай, алақай! Күн шықты, күн шықты, Жер үстіне нұр шықты!
Ырым
Егер таңертең күн қызарып шықса, ауа райы бұзылады, жаңбыр және жел болуы мүмкін.
|
Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Суық жел»
Мақсаты:Балаларды таза ауаға серуенге шығарып, табиғат құбылысы күзгі суық желдің бағытын лентамен анықтатып үйрету. Жазғы желмен күзгі желді салыстыру Күзгі желмен жазғы желдің айырмашылығын түсіндіру. Күзде қандай жел соғады екен? Жылы жел қай кезде соғады?
|