Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет40/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

2.Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Ғ» дыбысы мен әрпі. Мақсаты: «Ғ» дыбысымен таныстыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі Педагог балалардың назарын өзіне аударады да, жұмбақ жасырады. Жұмбақ: Ғарышкерде сөз басында, Аға сөзінің ортасында. Ойшыл болса қай бала – Тез табады ойлана. Кәне, шешіп көрейік, Қызық жұмбақ айнала. – Дұрыс таптыңдар, балалар, бұл – «Ғ» дыбысы. 2. Негізгі бөлім «Ғ» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен «Ғ» дыбысы естіледі. – Балалар, «Ғ» дыбысын айтып көрейік. – «Ғ» дыбысы – дауыссыз дыбыс, ол әндетіп, созып айтуға келмейді. – Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейтін едік? – «Ғ» дыбысы бар сөздерді кім тез тауып айтады? – Кәне, кім «аға» сөзін буынға бөліп береді – Енді «Ғ» дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік. Жаңылтпаш: Ағабай ағасын, Ағатай ағасын! Аға деп бағалар, Ағаның бағасын. Педагог сызғыштың суретін көрсетіп, осы сөзді буынға бөлдіреді. Ғ дыбысының орнын тапқызады. – Сыз-ғыш – екі буын. Ғ дыбысы сөздің ортасында тұр. Билингвалды компонент: сызғыш – линейка – Балалар, буындардың жазылуын сызба түрінде былай көрсетеді (тақтада көрсетеді): Сыз-ғыш. – «Сызғыш» сөзіне дыбыстық талдау жасайық. – «Сызғыш» сөзінде неше дыбыс? – Екінші буын қай дыбыстан басталады? Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын, тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың. (Х.Талғаров) Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыру». Ойын шарты: Балалар педагогтің бастаған сөйлемін жалғастырады. – Өзімнің үлкен бауырым Қыз құлағындағы әшекей ... – Ат тұяғындағы темір ... – Қап-қара құс ... – Шегені қағатын ... – Жарыста айғайлайды... – Шыр-шыр еткен ... – Мысықтың баласы ... Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №9 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. – Бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлеріңді, басбармақтарыңды көтеріп немесе төмен қаратып түсіру арқылы көрсетіңдер
3.Музыка


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет