Серуен №22
Ағаштарды бақылау (қайың, үйеңкі, терек, шырша, шетен ағашы,)
Бақылау
Балаларға аулада өсіп тұрған ағаштарды айыра білге үйрету. Күз айында ағаштардың қандай өзгерістерге ұшырайтынын баяндау. Себебін сұрау? Жапырақты және қылқанды ағаштар туралы түсіндіру. Балаларға ағаштарды күтуге, олардан табиғат сұлулығының көркін сезінуге тәрбиелеу.
Көркем сөз Көше бойы аралас, Қаптап өскен қарағаш. Жемісі жоқ болса да, Саясы көп дара ағаш (А. Шаяхметов)
Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап. Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. Салқын түссе шешіліп, Қалады өзі жайрап. (Ағаш)
|
Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Суық жел»
Мақсаты:Балаларды таза ауаға серуенге шығарып, табиғат құбылысы күзгі суық желдің бағытын лентамен анықтатып үйрету. Жазғы желмен күзгі желді салыстыру Күзгі желмен жазғы желдің айырмашылығын түсіндіру. Күзде қандай жел соғады екен? Жылы жел қай кезде соғады?
«Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнатуға болады. Ойын шарты: педагог балаларға «М» дыбысынан басталатын сөздерді тез ойлантып айтқызады. Сөз айтқан сайын бір қаламнан қолдарына ұстатып отырады. Қай бала көп сөз айтса, соның қаламы көп,
|
Бақылау: «Бұлттарға бақылау жасау» Балалар, аспанға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?Аспанда бұлттар бар, күн бар.Бұлттардың түсі қандай болады екен?Аспан ашық күндері бұлттар ақ болады, оларды ақша бұлттар деп атайды. Ал, жауынды күні бұлттардың түсі қара болады, ондай күнді – бұлтты күн деп атайды. ажырату.)
Дидактикалық ойын:
.«Телефон» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: Балалар, бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы айтылған сөзді басқа балаға жеткізеді. Егер соңындағы бала, сөзді шатастырып алса, «айыбын» төлейді.
|