Біріккен Ұлтар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы


Қылмыстың белең алуы және құқық қорғау қызметі



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі371 Kb.
#124039
1   2   3   4   5

Қылмыстың белең алуы және құқық қорғау қызметі

 

15-бап



Ұлттық жария лауазымды тұлғаларды параға сатып алу

 

Әрбір Қатысушы мемлекет қасақана жасалатын мынадай әрекеттерді қылмыстық жазалау ретінде тану үшін қажет болатын заңдық және басқа да шаралар қолданады:



а) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы лауазымды адамның қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен тікелей өзі немесе делдалдар арқылы жария лауазымды адамға қандай да бір лауазымды адамның өзіне немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қандай да бір заңсыз артықшылыққа уәде беру, осы артықшылықты ұсыну немесе беру;

b) жария лауазымды тұлғаның тікелей өзі немесе делдалдар арқылы лауазымды тұлғаның өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін осы лауазымды адамның өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен қорқытуы немесе қандай да бір заңсыз артықшылықты қабылдауы.

 

16-бап



Шетелдік жария лауазымды тұлғаларды және жария халықаралық

ұйымдардың лауазымды тұлғаларын параға сатып алу

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет халықаралық істерді жүргізуге байланысты коммерциялық немесе өзге де заңсыз артықшылықтарды алу немесе сақтау үшін өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы лауазымды адамның қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен осы қылмыстар қасақана жасалған кезде шетелдік лауазымды тұлғаға немесе жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасына тікелей өзі немесе делдалдар арқылы лауазымды тұлғаның өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қандай да бір артықшылыққа уәде беру, осы артықшылықты ұсынуын немесе беруін қылмыстық жазалау әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын заңдық және басқа да шараларды қолданады.



2. Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс қасақана жасалған кезде шетелдік лауазымды тұлғаның немесе жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасының тікелей өзі немесе делдалдар арқылы лауазымды тұлғасының өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қорқытып алуы немесе қандай да бір артықшылықты қабылдауы өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы лауазымды адамның қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен қылмыстық жазалау  әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңдық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.

 

17-бап



Жария лауазымды тұлғаның мүлікті талан-таражға салуы, заңсыз

иемденуі немесе өзге де мақсатсыз пайдалануы

 

Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыстарды қасақана жасауын, лауазымды тұлға өзі үшін немесе басқа жеке немесе заңды тұлға үшін пайда табу мақсаттарында осы жария лауазымды адамның қызмет бабына  қарай қандай да бір мүлікті, көпшілікке арналған немесе жеке қаражаттарды, немесе бағалы қағаздарды, немесе кез келген басқа да құнды затты талан-таражға салуын, заңсыз иемденуін немесе өзге де мақсатсыз пайдалануын қылмыстық жазалау әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңдық және басқа да шараларды қабылдайды.



 

18-бап



Пайдакүнемдік мақсатта әсер ету арқылы теріс қылық жасау

 

Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыстарды қасақана жасаған кезде осы әрекеттерді қылмыстық жазалау әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын мынадай заңдық және басқа да шараларды қабылдайды:



а) осы жария лауазымды тұлға немесе осындай басқа адамға әкімшіліктен немесе Қатысушы мемлекеттің бұқаралық органынан заңсыз мүлікті осындай әрекеттердің бастапқы бастамашысы немесе кез келген адам үшін алу мақсатында өзінің шын мәніндегі немесе көздеген ықпалымен қиянат жасауымен жария лауазымды тұлғаға немесе кез келген басқа адамға өзі тікелей немесе делдалдар арқылы заңсыз басымдылыққа уәде беру, осы басымдылықты ұсыну немесе беру;

b) әкімшіліктен немесе Қатысушы мемлекеттің бұқаралық органынан заңсыз мүлікті алу мақсатында өзінің шын мәніндегі немесе  болжаған ықпалымен осы көпшілік адам немесе кез келген басқа адам теріс қылық жасауымен тікелей өзі үшін немесе басқа адам үшін қандай да бір заңсыз артықшылықты тікелей өзі немесе делдалдар арқылы жария лауазымды адамның қорқытуы немесе қабылдауы.

 

19-бап



Қызмет бабын теріс пайдалану

 

Әрбір Қатысушы мемлекет қылмысты қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қызметтік өкілеттерін немесе қызмет бабын теріс пайдалану, яғни жария лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қандай да бір заңсыз басымдылық алу мақсатында заңды бұза отырып, қандай да бір әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауы қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шараларды қабылдауын қарастырады.



 

20-бап



Заңсыз баю

 

Өзінің конституциясын және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптерін сақтаған жағдайда әрбір Қатысушы мемлекет жария лауазымды адамның заңсыз баюын, яғни оның заңды табыстарынан елеулі түрде артып кетуін, ол ақылға қонымды ретпен негіздей алмаған қылмысты қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңдық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.



 

21-бап



Жеке сектордағы параға сатып алу

 

Әрбір Қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында қылмыстарды қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын мынадай заңнамалық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады:



а) жеке секторды ұйымдастыру жұмысына басшылық ететін немесе кез келген сапада, осындай ұйымда, осындай адам немесе басқа адам үшін жұмыс істейтін адам өзінің міндеттерін бұза отырып қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен тікелей өзі немесе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе беру;

b) жеке секторды ұйымдастыру жұмысына басшылық ететін немесе кез келген сапада, осындай ұйымда, осындай адам немесе басқа адам үшін жұмыс істейтін адам өзінің міндеттерін бұза отырып қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен тікелей өзі немесе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз басымдылықты қорқытып алу немесе қабылдау.

 

22-бап



Жеке секторда мүлікті талан-таражға салу

 

Әрбір Қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында қылмыстарды қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде, жеке секторды ұйымдастыру жұмысына басшылық ететін немесе кез келген сапада, осындай ұйымда, осындай адам немесе басқа адам үшін жұмыс істейтін адамның қандай да бір мүлікті, жеке қаражаттарды, немесе бағалы қағаздарды, немесе осы адамның қызмет бабына қарай иелігіндегі кез келген құнды затты талан-таражға салуы ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.



 

23-бап



Қылмыстардан түсетін табыстарды жылыстату

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қылмыстарды қасақана жасаған кезде мынадай әрекеттерді қылмыстық жазалау ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолданады:



а) і) егер мұндай мүлік өзінің әрекеттері үшін жауапкершіліктен жалтаруы үшін негізгі құқық бұзушылықты жасауға қатысқан кез келген адамға көмек көрсету мақсатында осы мүліктің қылмыс көзін жасыру немесе бүркемелеу мақсатында немесе қылмыс жасаудан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, мүлікті конверсиялау немесе көшіру;

іі) егер мұндай мүлік қылмыс жасаудан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, мүліктің шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, билік ету әдісін орнын ауыстыруды, мүлікке құқықты немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырын меншіктену;

b) өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптерін сақтаған жағдайда:

і) егер оны алу кезінде мұндай мүлік қылмыс жасаудан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, мүлікті сатып алу, иелену немесе пайдалану;

іі) осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың кез келгенін жасау мақсатында қатысу, оған қатыстылығы немесе сөз байласу, оны жасауға оқталу, сондай-ақ оны жасау кезіндегі еліктендірушілік, айдап салушылық, жәрдемдесу немесе кеңестер беру.

2. Осы баптың 1-тармағын жүзеге асыру немесе қолдану мақсаты үшін:



а) әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағын негізгі құқық бұзушылықтардың кең ауқымына қолдануға ұмтылады;

b) әрбір Қатысушы мемлекет негізгі құқық бұзушылықтар қатарына ең аз дегенде, осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстардың кең ауқымын жатқызады;

с) (b) тармақшасының мақсаттары үшін (жоғарыда қараңыз) негізгі қылмыстарға Қатысушы мемлекеттің тиісті іс жүргізу шектерінде, сондай-ақ шектерінен тыс жасалған қылмыстар жатады. Алайда, қандай да бір Қатысушы мемлекеттің іс жүргізу шектерінен тыс жасалған қылмыстар тек мынадай жағдайда ғана негізгі құқық бұзушылықтар болып табылады: тиісті әрекет осы қылмыс жасалған мемлекеттің ішкі заңына сәйкес қылмыстық жазаланатын қылмыс болып табылады және, егер осы қылмыс сол мемлекетте жасалған болса, Қатысушы мемлекеттің ішкі заңына сәйкес қылмыстық жазалатын қылмыс болар еді, бұл мемлекетте осы бап жүзеге асырылады немесе қолданылады;

d) әрбір Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптың ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өз заңдарының мәтіндерін, сондай-ақ осындай заңдарға кейіннен енгізілген кез келген өзгертулердің мәтіндерін немесе олардың сипаттамаларын береді;

е) егер оны Қатысушы мемлекеттің ішкі заңының негізгі принциптері талап ететін болса, онда мынаны қарастыруға болады: осы баптың І-тармағында көрсетілген қылмыстар негізгі құқық бұзушылықты жасаған адамдарға қатысты болмайды.

 

24-бап



Жасыру

 

Осы Конвенцияның 23-бабының ережелеріне нұқсан келтірместен әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес мұндай қылмыстарды жасауға қатыспастан, мүлікті жасыру немесе үздіксіз ұстап отыру, егер тиісті адамға мұндай мүліктің осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстың кез келгені нәтижесінде алынған болса, осындай деп танылған кез келген қылмысты жасағаннан кейін оларды қасақана жасалған кезде қылмыстық жазаланатын әрекеттер деп тану үшін қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырады.



 

25-бап



Сот билігін жүзеге асыруға кедергі келтіру

 

Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыстар қасақана жасалған кезде мына әрекеттерді қылмыстық жазалау ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шаралар қолданады:



а) осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстарды жасаумен байланысты іс жүргізу барысында жалған айғақтар беруге көндіру немесе айғақтар беру немесе дәлелдер беру процесіне араласу мақсатында күш көрсету, қауіп төндіру немесе қорқыту әрекеттерін қолдану, немесе заңсыз басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе беру;

b) осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстарды жасаумен байланысты іс жүргізу барысында лауазымды тұлғаның немесе құқық қорғау органдарының қызметтік міндеттерін орындауға араласу мақсатында күш көрсету, қауіп төндіру немесе қорқыту әрекеттерін қолдану қолдану. Осы тармақшада жария лауазымды тұлғалардың басқа санаттарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаға ие болуы Қатысушы мемлекеттердің құқығына ешқандай нұқсан келтірмейді.

 

26-бап



Заңды тұлғалардың жауапкершілігі

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық принциптерін ескере отырып, осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстарға қатысқаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау үшін талап етілуі мүмкін шаралар қолданады.



2. Қатысушы мемлекеттің құқықтық принциптерін сақтаған жағдайда заңды тұлғалардың жауапкершілігі қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік жауапкершілік болуы мүмкін.

3. Ондай жауапкершілікті жүктеу қылмыс жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігіне нұқсан келтірмейді.

4. Әрбір Қатысушы мемлекет, атап айтқанда, осы бапқа сәйкес жауапкершілікке тартылатын заңды тұлғаларға қатысты, ақша санкцияларын қоса алғанда, қылмыстық немесе қылмыстық емес тиімді, мөлшерлес және тежейтін ықпал ететін санкцияларды қолдануды қамтамасыз етеді.

 

27-бап



Қатысу және қастандық жасау

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес кез келген жағдайда қатысуын, мысалы, сыбайлас, еліктетуші немесе айдап салушы ретінде қатысуын, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасауын қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолданады.



2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға кез келген оқталуын қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолдана алады.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне орай осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға дайындалуды қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолдана алады.

 

28-бап



Ұғыну, ниет ету және тікелей ниеттену - қылмыс элементтері

 

Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс элементтері ретінде қажетті ұғыну, ниет ету немесе тікелей ниеттену істің объективті нақты мән-жайларымен анықталуы мүмкін.



 

29-бап



Ескіру мерзімі

 

Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда өзінің ішкі заңнамасына орай осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған кез келген қылмысқа қатысты іс жүргізуді қозғау үшін ұзақ ескіру мерзімін белгілейді және неғұрлым ұзақ ескіру мерзімін немесе қылмыс жасады деп күдік туғызған адам сот билігінен жалтарған жағдайларда ескіру мерзімінің өтуін тоқтата түру мүмкіндігін анықтайды.



 

30-бап



Ізге түсу, сот шешімін шығару және санкциялар

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасағаны үшін осы қылмыстың қауіптілік деңгейі ескерілетін қылмыстық санкциялар қолдануды көздейді.



2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесіне және конституциялық принциптеріне сәйкес олардың өздерінің міндеттерін орындаумен және мүмкіндіктеріне байланысты жария лауазымды тұлғаларға берілген кез келген иммуниттері мен заңдық іс жүргізу басымдылықтары арасында сенімді тепе-теңдікті анықтау немесе қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда, тиімді тергеу мен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған кез келген қылмыстармен байланысты сот шешімін шығару үшін қажетті шараларды қолданады.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс үшін осы қылмыстарға қатысты құқық қорғау шараларының барынша тиімділігіне қол жеткізу және осындай қылмыстарды жасауға кедергі келтіру қажеттігін тиісінше ескере отырып, оның ішкі заңнамасында көзделген қылмыстық ізге түсуге қатысты кез келген заңдық сенімсіздік білдіру өкілеттіктерін пайдалануды қамтамасыз етуге ұмтылады.

4. Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заң заңнамасына сәйкес және қорғау құқықтарын тиісті түрде ескере отырып, сотқа дейін немесе кассациялық шағымдану немесе наразылық бойынша босату туралы шешімдерімен байланысты белгіленген жағдайлар кейінгі іс жүргізу барысында айыпталушының қатысуы қажеттігін ескеру үшін тиісті шаралар қолданады.

5. Әрбір Қатысушы мемлекет осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын немесе шартты түрде босату туралы мәселе қараған кезде тиісті қылмыстардың қауіптілік деңгейін ескереді.

6. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес рәсімдерді белгілеу мүмкіндіктерін қарастырады, олардың көмегімен жария лауазымды тұлға осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыс жасағаны үшін айыпты адамды тиісті жағдайларда уақытша қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі немесе кінәсіздік презумциясы принципін құрметтеу қажеттігін ескере отырып, тиісті органмен басқа қызметке ауыстыру мүмкін.

7. Бұл қылмыстың қауіптілік деңгейін ескере отырып, негізделген кезде әрбір Қатысушы мемлекет құқықтық жүйенің негізгі принциптеріне қандай дәрежеде сай келуі жағдайында оның ішкі заңнамасымен белгіленген осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыс үшін сотталған адамдарды соттың шешімімен немесе кез келген басқа да тиісті құралдар көмегімен оны белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру үшін рәсімдерін белгілеу мүмкіндігін қарастырады:



а) жария қызметпен айналысу; және

b) толық немесе ішінара мемлекет меншігіндегі қандай да бір кәсіпорында лауазыммен айналысу құқығынан толық немесе ішінара айыру.

8. Осы баптың 1-тармағы құзыретті органдардың азаматтық қызметшілерге қатысты тәртіптік өкілеттіктерін жүзеге асыруға нұқсан келтірмейді.

9. Конвенцияға кіретін принцип ештеңені де қозғамайды, бұл принципке орай осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды және қолданылатын заңды наразылықтарды немесе әрекеттердің заңдылығын анықтайтын басқа да құқықтық принциптерді анықтау әрбір Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасы саласына жатады, ал осындай қылмыстар үшін қылмыстық ізге түсу мен жазалау осы заңға сәйкес жүзеге асырылады.

10. Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстары үшін сотталған адамдардың қоғамға оралуына жәрдемдесуге ұмтылады.

 

31-бап



Операцияларды тоқтата тұру (бөгеп тастау), тыйым салу мен тәркілеу

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет, ең көп дәрежеде, оның ішкі құқықтық жүйесі ауқымында тәркілеудің мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет болатын шараларды қолданады:



а) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды немесе құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетін мүлікті;

b) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлікті, жабдықты немесе басқа да құралдарды.

2. Әрбір Қатысушы мемлекет кейіннен тәркілеу мақсатында осы баптың 1-тармағында аталған кез келгенін анықтау, ізге түсу, бөгеп тастау немесе тыйым салу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет болатын шараларды қолданады.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бөгеп тастауға, тыйым салынған немесе тәркіленген мүлікті құзыретті органдардың басқаруын реттеу үшін қажет болатын заңды және басқа да шараларды қолданады.

4. Егер қылмыс жасаудан түскен мұндай табыстар толықтай немесе ішінара басқа мүлікке айналдырылатын немесе өзгертілетін болса, онда осы бапта көрсетілген шаралар осындай мүлікке қатысты қолданылады.

5. Егер қылмыс жасаудан түскен мұндай табыстар заңды көздерден алынған мүлікке қоса берілген болса, онда бөгеп тастауға немесе тыйым салуға қатысты кез келген өкілеттіктерге нұқсан келтірмей тәркілеуге қосылып берілген табыстардың бағалау құнына сәйкес келетін мүліктің бөлігі тәркілеуге жатады.

6. Қылмыстардан түскен осындай табыстардан, мүліктен алынған, қылмыстардан немесе мүлікке айналдырылған немесе өзгерген мүліктен түскен осындай табыстардан алынған пайда мен басқа да тиімділікке, қылмыстардан түскен осындай табыстар сол мүлікке қоса берілген қылмыстардан түскен осындай табыстарға осы бапта көрсетілген қылмыстардан түскен табыстарға қатысты шаралар сияқты осылайша және сол деңгейде қолданылады.

7. Осы баптың және осы Конвенцияның 55-бабының мақсаты үшін әрбір Қатысушы мемлекет өздерінің соттарына және басқа да органдарға банк, қаржы немесе коммерциялық құжаттарын беру мен тыйым салу туралы қаулы шығаруға уәкілдік береді. Қатысушы мемлекет банк құпиясын сақтау қажеттігіне сілтеме жасай отырып, осы тармақтың ережелеріне сәйкес шаралар қолданудан жалтармайды.

8. Қатысушы мемлекет тәркіленуге жататын қылмыс жасаған адам қылмыстан немесе басқа мүліктен түскен осындай болжалды табыстардың заңды шығу көзін мұндай талаптың оның ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне және соттың және өзге де іс қарауының сипатына қандай деңгейде сәйкес келуін дәлелдеу үшін осындай талапты белгілеудің мүмкіндігін қарастыруы мүмкін.

9. Осы баптың ережелері адал үшінші тараптың құқықтарына нұқсан келтірмес үшін осылайша түсіндірілмейді.

10. Осы бапқа кіретіндер онда айтылатын шаралар туралы принципті еш қозғамайды, бұл шаралар Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес және оларды түсіндірген жағдайда анықталып, жүзеге асырылады.

 

32-бап



Куәларды, сарапшылар мен жәбірленушілерді қорғау

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесіне сәйкес және өздерінің мүмкіндіктері шектерінде осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстармен байланысты айғақтар беретін куәларға және сарапшыларға қатысты тиісті жағдайларда, олардың туыстары мен басқа да жақын адамдарына қатысты ықтимал кек алудан немесе қорқытудан тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданады.



2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларға, айыпталушының құқықтары үшін, оның ішінде тиісінше істі қарау құқығы үшін нұқсан келтірмей, басқаларымен қатар мыналар:

а) осындай адамдарды күш қолданудан қорғау, мысалы - мұның қандай дәрежеде қажеттігі мен оны нақты жүзеге асыруына қарай, - оларды басқа жерге көшіру үшін рәсімдерді белгілеу, рұқсат етілетін ережелерді қабылдау, тиісті жағдайларда, осындай адамдардың жеке басына және олар орналасқан жерге қатысты хабарламаны жария етпеуге, немесе хабарламаны осылайша жария етуге шектеулерді белгілейді;

b) куәлар мен сарапшыларға мысалы, айғақты көрініс жазбалары немесе басқа да тиісті құралдар сияқты байланыс құралдарының көмегімен рұқсат берілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей айғақтар беруге мүмкіндік беретін дәлелдеу ережелерін қабылдау кіру мүмкін.

3. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың қоныс аударуына қатысты басқа мемлекеттермен келісімдер немесе уағдаластықтар жасау мүмкіндігін қарастырады.

4. Осы баптың ережелері олардың куәлар болып табылатындай дәрежеде жәбірленушілерге қатысты да қолданылады.

5. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасын сақтаған жағдайда қылмыстық іс жүргізудің тиісті сатыларында мұның өзі қорғау құқықтарына нұқсан келтірмес үшін қылмыс жасаған адамдарға қатысты жәбірленушілердің пікірлері мен қауіптенулерін айтуы мен қарауы үшін мүмкіндіктер туғызады.

 

33-бап



Ақпарат хабарлайтын адамдарды қорғау

 

Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесіне осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстармен байланысты кез келген фактілер туралы құзыретті органдарға адал және ақылға қонымды негіздерде хабарлайтын кез келген адамды кез келген әділетсіз жүгінулерден қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.



 

34-бап



Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің салдарлары

 

Үшінші тараптардың адал иеленген құқықтарын тиісті есепке ала отырып, әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес сыбайлас жемқорлықтың салдарлары туралы мәселені реттеу үшін шаралар қолданады. Бұл тұрғыда Қатысушы мемлекеттер сыбайлас жемқорлықты келісім-шарттарды жою немесе бұзу, немесе концессияларды немесе басқада осыған ұқсас тетіктерді кері қайтарып алу, немесе туындаған жағдайды түзету жөнінде өзге де шаралар қолдану үшін іс жүргізуде маңызды фактор ретінде қарастырылуы мүмкін.



 

35-бап



Залалдың өтемақысы

 

Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қандай да бір сыбайлас жемқорлық әрекеттің нәтижесінде залал шеккен заңды немесе жеке тұлғаның осы залал үшін жауапты адамдарға қатысты іс қозғауға, өтемақы алуға құқығы болуы үшін қажет болатын шараларды қолданады.



 

36-бап



Мамандырылған органдар

 

Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес құқық қорғау шараларының көмегімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске маманданған органының немесе органдарының немесе адамдарының болуын қамтамасыз етеді. Ондай органға немесе органдарына немесе адамдарына Қатысушы мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес өздерінің міндеттерін тиімді орындау және қандай да бір тиісінше ықпал жасамай орындау үшін қажетті дербестікті қамтамасыз етеді. Осындай органның немесе органдардың мұндай адамдары мен қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару үшін тиісінше біліктілік пен ресурстарға ие болуға тиіс.



 

37-бап



Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасауға, тергеу мен дәлелдеу мақсатында құзыретті органдар үшін пайдалы хабарлама беруге, қылмыскерлерді қылмыстардан түскен табыстардан айыруға көмектесуі мүмкін құзыретті органдарға іс жүзінде нақты көмек беруге және осындай табыстарды қайтару жөнінде шаралар қолдануға қатысатын немесе қатысқан адамды көтермелеу үшін тиісті шаралар қолданады.



2. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісінше жағдайларда осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасаумен байланысты тергеуде немесе ізге түсуде елеулі түрде ынтымақтасқан айыпталушы адамның жазасын жеңілдету мүмкіндігін көздейтін мәселені қарастырады.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасаумен байланысты тергеуде немесе ізге түсуде елеулі түрде ынтымақтасқан адамға иммунитет мүмкіндігін көздейтін мәселені қарастырады.

4. Бұндай адамдарды қорғау, mutatis mutandis осы Конвенцияның 32-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

5. Осы баптың 1-тармағында айтылған адам бір Қатысушы мемлекетте болған жағдайларда басқа Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдарымен елеулі түрде ынтымақтасуы мүмкін, мүдделі Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу, басқа Қатысушы мемлекеттің ондай адамына осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген режимнің ықтимал берілуіне қатысты мүмкіндіктерін қарастыруы мүмкін.

 

38-бап



Ұлттық органдар арасындағы ынтымақтастық

 

Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес ынталандыру үшін, бір жағынан, оның көпшілікке арналған органдарымен, сондай-ақ жария лауазымды тұлғалармен, екінші жағынан, қылмыстармен байланысты тергеу мен ізге түсу үшін жауапты органдарымен ынтымақтасу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады. Мұндай ынтымақтастыққа мыналар жатады:



а) осындай жауапты органдарға, егер осы Конвенцияның 15, 21 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған кез келген қылмыс жасады деп ойлау үшін ақылға қонымды негіз болса, өзінің тікелей бастамасы бойынша хабарлама беру; немесе

b) осындай жауапты органдарға тиісті өтініш бойынша барлық қажетті хабарламаны беру.

 

39-бап



Ұлттық органдар мен жеке сектор арасындағы ынтымақтастық

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы Конвенцияға орай осындай деп танылған қылмыстар жасаумен байланысты ұлттық тергеу органдары мен прокуратура органдары жеке сектордың ұйымдары, атап айтқанда қаржы мекемелері арасындағы ынтымақтастық үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.



2. Әрбір Қатысушы мемлекет, әдетте оның аумағында тұратын азаматтар мен адамдарды ынталандыру, ұлттық тергеу органдары мен прокуратура органдарына осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасағаны жөнінде хабарлау туралы мәселесін қарастырады.

 

40-бап



Банк құпиясы

 

Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға орай осындай деп танылған қылмыстармен байланысты ішкі қылмыстық тергеу жағдайында банк құпиясы туралы заңнаманы қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін кедергілерді жеңу үшін өзінің ішкі құқықтық жүйесі ауқымында тиісінше тетіктердің болуын қамтамасыз етеді.



 

41-бап



Соттылығы туралы мәліметтер

 

Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстармен байланысты қылмыстық іс жүргізу барысында осындай хабарламаны пайдалану үшін тергелетін қылмысты жасауда сезікті адамға қарсы басқа мемлекетте бұрын шығарылған кез келген айыптау үкімін, есепке алу үшін қажетті, ол тиісінше деп есептейтін жағдайларда және мақсаттарда осындай заңдық немесе басқа да шараларды қабылдауы мүмкін.



 

42-бап



Юрисдикция

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өзінің юрисдикциясын анықтау үшін мынадай кезде:



а) қылмыс осы Қатысушы мемлекеттің аумағында жасалған болса; немесе

b) қылмыс жасалған кезде осы Қатысушы мемлекеттің жалауы ілінген кеме қорабында немесе әуе кемесінде жасалған кезде, ол кеме осы Қатысушы мемлекет заңнамасына сәйкес осы мезгілде тіркегенде қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.

2. Осы Конвенцияның 4-бабын сақтаған жағдайда Қатысушы мемлекет сонымен бірге мына кездерде кез келген қылмысқа қатысты өзінің юрисдикциясын:



а) қылмыс осы Қатысушы мемлекеттің азаматына қарсы жасалған; немесе

b) қылмысты осы Қатысушы мемлекеттің азаматы немесе әдетте оның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасаған кезде; немесе

с) қылмыс осы Конвенцияның 23-бабы 1-тармағының (b) (іі) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бірі болып табылады және осы Конвенцияның 23-бабы 1-тармағының (b) (іі) тармағына немесе (b) (і) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасау мақсатында одан тыс жерде жасалған; немесе

d) қылмыс осы Қатысушы мемлекетке қарсы жасалған кезде белгілей алады.

3. Осы Конвенцияның 44-бабының мақсаттары үшін әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп күдік туғызған адам оның аумағында болып, оны оның азаматтарының бірі болып табылатыны негізінде бермеген кезде осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өзінің юрисдикциясын белгілеу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.

4. Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп күдік туғызатын адам оның аумағында болып, бұл адамды бермеген кезде, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өзінің юрисдикциясын үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолдана алады.

5. Егер осы баптың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес юрисдикциясын жүзеге асыратын Қатысушы мемлекет кез келген басқа Қатысушы мемлекеттер мыналар жөнінде жазбаша ақпарат алады немесе басқа жолмен біледі: осы басқа мемлекеттер осы әрекеттерімен байланысты тергеуді, қылмыстық ізге түсуді немесе сот тергеуін жүзеге асырады, тиісті жағдайларда осы Қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары өздерінің іс-әрекеттерін үйлестіру үшін бір-бірімен кеңестер алысады.

6. Халықаралық құқықтың жалпы нормаларына нұқсан келтірмей, осы Конвенция Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес белгіленген кез келген қылмыстық юрисдикциясын жоққа шығармайды.

 

ІV тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет