Біріккен Ұлтар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі371 Kb.
#124039
1   2   3   4   5

Жүзеге асыру тетігі

 

63-бап



Конвенцияға Қатысушы мемлекеттердің конференциясы

 

1. Осымен Қатысушы мемлекеттердің мүмкіндіктерін және осы Конвенциямен белгіленген мақсаттарға жету үшін олардың арасындағы ынтымақтастықты ұлғайту, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыруға көмектесу және оны жүзеге асыру барысына шолу жасау мақсаттарында Конвенцияға Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы құрылады.



2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қатысушы мемлекеттердің Конференциясын осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей шақырады. Кейіннен Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы қабылдаған рәсім ережелеріне сәйкес Конференцияның кезекті кеңесі өткізіледі.

3. Қатысушы мемлекеттердің конференциясы рәсім ережелерін және осы бапта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруды реттейтін ережелерді, оның ішінде байқаушыларды жіберу мен олардың қатысуына және қызметтің осы түрлерін жүзеге асыру кезінде шеккен шығындарды өтеуге қатысты ережелерді қабылдайды.

4. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осы баптың 1-тармағында айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мыналарды қоса алғанда, қызметтің түрлерін, жұмыстың рәсімі мен әдістерін келіседі:

а) 60 және 62-баптарға және осы Конвенцияның II-V тарауларына сәйкес, оның ішінде Ерікті жарналарды жұмылдыруын ынталандыру арқылы Қатысушы мемлекеттер қызметіне көмектесу;



b) Қатысушы мемлекеттер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың нысандары мен осы саладағы үрдістер туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрестің табысты өндірістері мен қылмыстардан түскен табыстарды қайтару, өзгелерімен қатар, осы бапта айтылған тиісті ақпаратты жариялау туралы ақпарат алмасуға көмектесу;

с) тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен және тетіктермен, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық;

d) басқа халықаралық және аймақтық тетіктер әзірлеген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес, жұмыстың артық қайталануын болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес үшін тиісті ақпаратты тиісті пайдалану;

е) осы Конвенцияны оның Қатысушы мемлекеттерінің жүзеге асыруы туралы мезгілді түрде қарау;

f) осы Конвенцияны жетілдіру мен жүзеге асыруға қатысты ұсынымдар шығару;

g) осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты Қатысушы мемлекеттердің техникалық қажеттерінің есебі мен онымен байланысты қажетті деп есептейтін кез келген әрекеттерге қатысты ұсынымдар шығару.

5. Осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осы Конвенцияны жүзеге асыру барысында қабылдаған шаралар, өздері берген хабарламалар негізінде бұл орайда олар кездескен қиындықтар және Қатысушы мемлекеттер Конференциясы құруы мүмкін осындай қосымша тетіктер арқылы талдау өткізу туралы деректерді Қатысушы мемлекет алады.

6. Әрбір Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына өздерінің бағдарламалары, жоспарлары мен тәжірибелері, сондай-ақ Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы талап ететіндей осы Конвенцияны жүзеге асыруға бағытталған заң шығару және әкімшілік шаралар туралы хабарламаны береді. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осындай ақпаратты алудың және оның негізінде, басқаларымен қатар, Қатысушы мемлекеттерден және құзыретті мемлекеттік ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, тиісті шешімдер қабылдаудың неғұрлым тиімді жолдары туралы мәселені зерттейді. Сонымен қатар, Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы шешімімен анықталатын рәсімдерге сәйкес тиісті түрде тіркелген мемлекеттік емес ұйымдардан алынған материалдардың қаралуы мүмкін.

7. Осы баптың 4 - 6-тармақтарына сәйкес Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы, егер ол оны қажет деп санайтын болса, Конвенцияны тиімді жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін кез-келген тиісті тетікке немесе органға құрылтайшылық етеді.

 

64-бап



Хатшылық

 

1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қатысушы мемлекеттер Конференциясына қажетті хатшылық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.



2. Хатшылық:

а) Қатысушы мемлекет Конференциясына осы Конвенцияның 63-бабында айтылатын қызметті жүзеге асыруға көмек көрсетеді, сондай-ақ Қатысушы мемлекеттер Конференциясының сессиясын ұйымдастырады және оларды қажетті қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді;

b) осы Конвенцияның 63-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделгендей сұрау салу арқылы Қатысушы мемлекеттерге, Қатысушы мемлекеттер Конференциясына ақпарат беруге көмек көрсетеді; және



с) басқа да тиісті халықаралық және аумақтық ұйымдардың хатшылықтарымен қажетті үйлестіруді қамтамасыз етеді.

 

VIII тарау



Қорытынды ережелер

 

65-бап



Конвенцияны жүзеге асыру

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес, заңдық және әкімшілік шараларын қоса алғанда, осы Конвенцияға сәйкес өздерінің міндеттемелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданады.



2. Әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес үшін осы Конвенцияда көзделгендерден басқа барынша қатаң немесе қатал шараларын қолдануы мүмкін.

 

66-бап



Дауларды реттеу

 

1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дауларды келіссөздер арқылы реттеуге ұмтылады.



2. Екі немесе одан да көп Қатысушы мемлекеттер арасындағы ақылға қонымды уақыт ішінде осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты келіссөздер арқылы реттелмейтін кез келген дау осы Қатысушы мемлекеттердің бірінің өтініші бойынша төрелік соттың қарауына беріледі. Төрелік сот туралы өтінішпен жүгінген күннен бастап алты ай ішінде осы Қатысушы мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы уағдаласа алмайтын болса, осы Қатысушы мемлекеттердің кез келгені дауды Соттың Мәртебесіне сәйкес өтінішпен жүгіне отырып, Халықаралық Сотқа береді.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға қол қойған, бекіткен, оны қабылдаған немесе бекіткен кезде немесе оған қосылған кезде ол өзін осы баптың 2-тармағының ережелеріне байланысты емес деп мәлімдей алады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осындай ескерту жасаған кез келген Қатысушы мемлекеттерге қатысты осы баптың 2-тармағымен байланысты болмайды.

4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ескерту жасаған Қатысушы мемлекет кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымына жазбаша ақпарат жіберу арқылы осы ескертуді алып тастай алады.

 

67-бап



Қол қою, бекіту, қабылдау, бекіту және қосылу

 

1. Осы Конвенция 2003 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында Меридада, Мексикада, содан соң 2005 жылғы 9 желтоқсанға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық ұйымдарында барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық болады.



2. Осы Конвенция, сондай-ақ, әрі кеткенде, осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Конвенцияға осындай ұйымға мүше елдердің бірінің қол қоюы жағдайында экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымдарының қол қою үшін ашық болады.

3. Осы Конвенция ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге жатады. Қабылдау немесе бекіту туралы Бекіту грамоталары мен құжаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткізіледі. Экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы, әрі кеткенде, егер оған мүше мемлекеттердің бірі осылайша жасайтын болса, өзінің бекіту грамотасын немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатын сақтауға өткізе алады. Қабылдау немесе бекіту туралы бұл бекіту грамотасында немесе құжаттамада мұндай ұйым осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өзі құзыретінің саласы туралы мәлімдейді.

Мұндай ұйым сондай-ақ өз құзыреті саласының тиісті кез келген өзгеруі туралы депозитарийге хабарлайды.

4. Осы Конвенция кез келген мемлекеттің немесе кез келген экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымның, әрі кеткенде, осы Конвенцияның Қатысушысы болып табылатын мүше мемлекеттердің бірінің қосылуы үшін ашық болады. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткізіледі. Қосылу кезінде экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы мәлімдейді. Мұндай ұйым сондай-ақ өз құзыреті саласының тиісті кез келген өзгеруі туралы депозитарийге хабарлайды.

 

68-бап



Күшіне ену

 

1. Осы Конвенция қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы отызыншы бекіту грамотасын немесе құжатын сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді. Осы тармақтың мақсаты үшін экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымына сақтауға тапсырылған кез-келген осындай грамота немесе құжат осындай ұйымның мүше мемлекеттерінің сақтауына тапсырылған грамоталарға немесе құжаттарға қосымша ретінде қарастырылмайды.



2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін осындай әрекет туралы отызыншы бекіту грамотасын немесе құжатын сақтауға тапсырғаннан кейін оған қосылатын әрбір мемлекет немесе экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы үшін осы Конвенция тиісті грамотаны немесе құжатты мемлекеттің немесе ұйымның сақтауына өткізген күнінен кейін отызыншы күні немесе кейінірек басталуына қарай, осы Конвенцияның күшіне енген күні осы баптың 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.

 

69-бап



Түзетулер

 

1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бес жыл өткен соң Қатысушы мемлекет түзету енгізуі және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберуі мүмкін, ол содан соң ұсынылған түзетуді Қатысушы мемлекеттерге және Конвенцияға Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына осы ұсынысты қарау және ол бойынша шешім қабылдау үшін одан әрі жөнелтеді. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы әрбір түзетуге қатысты келісімге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Егер келісімге қол жеткізу жөніндегі барлық күш-жігері сарқылатын болса және келісімге қол жеткізілмеген болса, онда түзетуді қабылдау үшін ең соңғы шара ретінде Қатысушы мемлекеттердің Конференциясының мәжілісінде дауыс беруге қатысқан немесе қатысатын Қатысушы мемлекеттердің үштен екі көпшілік дауысы қажет болады.



2. Олардың құзыретіне кіретін салаға жататын мәселелерде экономикалық ықпалдасудың аймақтық Ұйымы осы Конвенцияға Қатысушылар болып табылатын оған мүше мемлекеттердің санына тең дауыс санына ие бола отырып, осы бапқа сәйкес өзінің дауыс құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйымдар, егер олардың мүше мемлекеттері өзінің дауысын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырмайтын болса, өзінің дауыс құқығын жүзеге асырады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы мемлекеттің ратификациялануына, бекітілуіне, қабылдауына жатады.

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы мемлекетке қатысты оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына бекітілген грамотаны немесе осы түзетуді қабылдау мен бекіту туралы құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсан күн өткен соң күшіне енеді.

5. Түзету күшіне енген кезде ол онымен байланысты болуға келісімін білдірген Қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның, олар бұрын ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен кез келген түзетудің ережелерімен одан әрі байланысты болады.

 

70-бап



Күшін жою

 

1. Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның күшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша ақпарат жіберу арқылы жоя алады. Мұндай күшін жою Бас хатшы хабарламаны алғаннан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.



2. Экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы оның барлық Қатысушы мемлекеттері осы Конвенцияның күшін жойған кезде осы Конвенцияға Қатысушы болудан шығады.

 

71-бап



Депозитарийлер мен тілдер

 

1. Осы Конвенцияның депозитарийі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалады.



2. Осы Конвенцияның түпнұсқасы, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінде тең түпнұсқаулықта болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

 

ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН осыған өздерінің үкіметтерімен тиісті түрде уәкілдік алған төменде қол қойған уәкілетті өкілдер осы Конвенцияға қолдарын қойды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет