4
жеріне жақын орналасқан мектептен тыс ұйымдардың және тегін мектеп
үйірмелері санының жеткіліксіздігі, балалар
мен жасөспірімдердің бос
уақыттарының дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан әлеуметтік желілерге,
интернетке тәуелділіктің артуы және т.б. тәрбиенің мәселелерін шешуде
педагогтердің практикалық құзіреттілігін арттыру мәселесі маңызды.
Осыған байланысты
қоғам
алдында
ұлттық құндылықтарды бойына
сіңірген, өзінің елін, жерін, Отанын қадірлейтін,
еліміздің әрі қарай дамуына
серпін беретін терең білімді, озық тәжірибелі және рухани-адамгершілік
болмысы қалыптасқан жан-жақты кемелденген буын қалыптастыру міндеті тұр.
Сондықтан
«Біртұтас тәрбие: құндылықтарға негізделген тәрбие ісін
басқару және жүзеге асыру» атты педагогтердің
кәсіби біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасы
жүзеге асыру өзекті болып отыр.
Мақсатты топ: білім беру ұйымдарының педагогтері, мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәрбие
саласының мамандары
Достарыңызбен бөлісу: