«біртұтас тәрбие: ҚҰндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» педагогтердің КӘсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата08.07.2024
өлшемі487.86 Kb.
#502889
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ТӘРБИЕ

Мемлекетшілдік – белгілі бір аумақта тұратын және бір мемлекеттік
жүйеге бағынатын адамдар жиынтығы. Адамның Отанына, туған еліне, оның 
тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі казак 
өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. 
Табиғи мұра – ерекше ғылыми, мәдени немесе эстетикалық
құндылығы бар табиғи объектілердің жиынтығы. Табиғи мұра қоғам үшін 
маңызды құндылық, өйткені ол қоршаған ортаның тұрақты дамуы мен сақталуын 
қамтамасыз етеді. 
Денсаулық – аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес,
толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы. Денсаулық 
адам үшін маңызды құндылық, ол оған толыққанды өмір сүруге мүмкіндік 
береді. 
Эмоционалды интеллекет – адамның өз эмоцияларын, сондай-ақ
басқа адамдардың эмоцияларын түсіну және басқару қабілеті. Эмоционалды 
интеллект жеке тұлғаның маңызды сипаттамасы, ол адамға басқа адамдармен 
тиімді қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ стресс пен қиын жағдайларды жеңуге 
көмектеседі. 
Кәсіби педагогикалық этика – мұғалімнің кәсіби іс-әрекеттегі
мінез-құлқын реттейтін моральдық нормалар мен ережелер жүйесі. Кәсіби 
педагогикалық этика педагогикалық қызметтің маңызды құрамдас бөлігі, ол 
мұғалімнің балалармен, әріптестермен және қоғаммен қарым-қатынасында 
моральдық принциптердің сақталуын қамтамасыз етеді. 



Еңбекқорлық – еңбекке деген ұмтылыста, шеберлікте және
жұмыс істеуге деген ұмтылыста көрінетін жеке қасиет. Еңбекқорлық адам үшін 
маңызды құндылық, ол өмірде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. 
 
3. 
Курс бағдарламасының тақырыбы: «Біртұтас тәрбие: «Біртұтас 
тәрбие: құндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» 
Бағдарламаның жаңашылдық дәрежесі: Құндылықтарға негізделген 
білім беру бағдарламасының практикалық бағыты жоғары дәрежесіне ие. 
Бағдарламаның мазмұны 20% теориядан және 80%-ы практиканы құрайды. 
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында бала бойында ұлттық 
құндылықтарды сіңіру мен рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру 
мәселесі өзекті. Сондықтан қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында 
құндылықтарға негізделген тәрбиеге баса назар аударып, ұлттық салт-дәстүрлер 
мен әдет-ғұрыптарымызды насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде оқу-
тәрбие процесінде педагогтерге, сынып жетекшілеріне, тәрбие орынбасарлары 
мен тәрбие саласындағы мамандарға әдістемелік қолдау көрсету маңызды.
Осы бағытта әзірленген Бағдарлама білім беру ұйымдарында тәрбие 
жұмысын жүргізудің механизмдері мен алгоритмдерін, тәрбиенің заманауи 
принциптері мен интерактивті әдіс-тәсілдерін практикада жүзеге асыруды 
қамтиды. Білім беру бағдарламасы құндылықтарға негізделген тәрбие ісін 
басқару және жүзеге асыруда білім алушылардың бойында ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. 
Білім беру ұйымдарында педагогтердің біліктілігін арттыру 
жүйесінде осы Бағдарламаның аналогтары жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет