«біртұтас тәрбие: ҚҰндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» педагогтердің КӘсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата08.07.2024
өлшемі487.86 Kb.
#502889
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ТӘРБИЕ

2. Глоссарий 
Тәрбие –
жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға
ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды 
мінез-құлқын дамыту.
 
Жалпыадамзаттық құндылықтар – 
жеке тұлғаның бойында өмірге
келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына 
сәйкес қалыптасады.
 
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл әлемдегі 
адамдардың көпшілігі мойындайтын және бөлісетін құндылықтар. Олар әділ 
және гуманитарлық қоғам құрудың негізі болып табылады. 
Теңдік – бұл барлық адамдар заң алдында тең және бірдей құқықтар
мен мүмкіндіктерге ие. 
Әділдік – ол шыншылдық, турашылдық, дұрыстық қасиеттерге ие.
Адамның қызметі, оның табиғи және ажыратылмайтын құқықтары мен 
міндеттері туралы көзқарастарға сәйкес келетін адами өзара қатынастардағы 
істердің дұрыс, тиісті болу идеясын білдіретін моральдық және құқықтық 
сананың түсінігі 
 
Адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-
сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық 
жиынтығы.
 
Адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірін бейнелейтін 
моральдық қасиет.  
Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және 
жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған 
және бақыламаған кезде де ұстану керек. Әрбір білім алушы мен педагогтерге өз 
қызметінде салмақты моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға 
көмектеседі, өзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілейді. 
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы
атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан 
ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері 
ұлтымыздың рухани байлығы. 
Ұлттық мүдде – тұтас бір ұлттың болашағының рухани біртұтастығын
қамтамасыз ететін қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру 
бағдарының негізгі, қозғаушы күш. Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны 
күйетін отаншыл тұлға сипаты. 
Мәдениет –  халықтың материалдық және рухани жетістіктерінің
жиынтығы. Мәдениет қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады
өйткені ол оның өмір салтын, құндылықтары мен дүниетанымын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет