«біртұтас тәрбие: ҚҰндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» педагогтердің КӘсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата08.07.2024
өлшемі487.86 Kb.
#502889
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ТӘРБИЕ

Мәселенің өзектілігі 
Елімізде білім беру жүйесінің басты құндылығы – адам капиталын 
дамытудың өзгермес қағидат ретінде бекіді. Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде 
қоғамның барлық саласы әлеуметтік әділеттілік пен әрбір адамның әл-ауқатын 
қамтамасыз ету мақсатында жаңғыртылуда.
Алайда, ұлттық құндылықтардың қоғамда толыққанды көрініс таппауы, 
күнделікті тұрмыс тіршілікке жүйелі енбеуі секілді бірқатар факторлар ұлттық 
құндылықтардың тәрбиенің құралы ретінде қолданыс табуына және оның бала 
бойына сіңуіне кедергісін келтіреді. 
Сондықтан да білім беру ұйымдары және қоғамдық институттардың 
ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар оны 
шынайы жүзеге асырудың әдіснамасын әзірлеуді, ұрпақ санасына сіңіру 
тәсілдерін қайта қарауды және формализм көріністерін болдырмауды талап етеді.
«Тәрбие тал бесіктен» берілетінін ескерсек, отбасындағы сүйіспеншілік 
пен жылулық, татулық пен береке бала жанын жақсылықпен сусындатып, 
махаббатпен қанаттандырып, үлкен өмірде өз орнын табуға қолдау көрсетеді. 
Алайда отбасындағы ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, маскүнемдік, 
баспана мәселелері, ата-аналардың төмен құқықтық мәдениеті, балаға қатыгездік 
көрсету, ұрып-соғу фактілерінің орын алып жатқандығы да жасырын емес. Бұл 
фактілер балалардың дамуы мен тәрбиесіне, олардың тұлғалық қалыптасуына 
кері әсерін тигізеді. Өйткені, бала отбасында көргенін сыртта істейді, бала 
отбасының айнасы, «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық 
даналығы бекер айтылмаған.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеудің заман талабына, қоғам мен 
мемлекеттің міндеттеріне, білім берудің заманауи ағымдарына жауап беретін 
жаңа жолдарын қарастырудың қажеттілігі туындап отыр. 
Сондықтан да өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық және жалпыадамзаттық, 
құндылықтарды қалыптастыру мен сақтаудың маңыздылығын насихаттауға
баланың қауіпсіздігін, әл ауқатын қамтамасыз ету үшін қоғам, білім беру 



ұйымдары, отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға назар аударудың 
өзекті екендігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет