Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!



бет14/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

16-сұрақ.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).
2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);
З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);
5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);
6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы).
17-сұрақ.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Қазақ әдебиетін оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру – негізгі міндетболып саналады. Дұрыс ойлау және сөйлеуге үйретуде оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі, өзін-өзі ұстау тәртіптері, жан-дүниесіндегі мәнді болып саналатын рухани құндылықтары жетілдіруі аса маңызды. Оқушының интеллектуалдық даму деңгейі оның өзін-өзі және басқа адамдарды тани білуі арқылы танылады. Адам баласы бір-бірімен алдымен, ТАНЫСАДЫ, сонан соң БІЛІСЕДІ, үшінші кезекте – ТАНИДЫ.Бұл – дүниені тану барысындағы теориялық ойлаудың қалыптасу үдерісі. ТАНЫСУ сатысында оқушы заттың, құбылыстың сыртқы белгілерін таныпмеңгереді. БІЛІСУ сатысында оқушы заттың, не құбылыстың құраушы компоненттерінің өзара байланысы мен одан туындайтын қатынастарының түрін және мәнін танып-меңгереді. ТАНУ сатысында оқушы алғашқы екі сатыдатанып-меңгерген заңдылықтары негізінде өзіндік ой-тұжырымдар құрап, жаңа зат немесе құбылыстарды танып, аша алатын қабілетін ашады. Әдебиетті оқыту әдістемесінің маңызды тармағы оқушылардың әдеби шығармаларды оқуын ұйымдастырумен байланысты. Көркем шығарма мәтінін оқу , әрине, күрделі де көпқырлы үдеріс. Мәтінді оқи отырып, оны тақырыбына, идеясына, мазмұндық көркемдігіне, композициясы мен сюжетіне талдау жасау – арнайы үйретуді қажет ететін біліктілік. Ал қазіргі кездегі оқушылардың ақпараттық технологияның сан түрін күнбе-күн тікелей өмірлік қолданысында пайдаланып жүргендігін ескеретін болсақ, оқушыларды кітап оқуға отырғызудың өзі – соншалықты қиын мәселе екендігі таныла түседі. Қазіргі оқушылардың көркем шығармаларды оқуға бет бұра алмай жүруінің, психологиялық тұрғыдан да, әдістемелік, тіпті әлеуметтік тұрғыдан да күрмелген проблемалары көп. Олардың қатарында оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлану арқылы өзінің рухани дүниесін байытатын көркем шығармаларды оқуға толыққандылықпен бет бұруға уақытының шектеулігі; қазақ тілінде сөйлеу мәдениетінің төмендігі; кітап сатып алу немесе кітапхана жазылып кітап сияқты маңызды шаруаның екінші деңгейге түсіп қалғандығы; ата-ана тәрбиесінің қай тілде басым болып жатқандығы; болашақ өмірін қандай модельде құрып алуымен (Англияда оқимын, Америкада тұрғым келеді т.б.) байланысты мәселелер орын алып отыр. Негізінде, оқушылардың оқырман ретінде тәрбиелеудің бірнеше кезеңі бары белгілі. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті шығармаларын оқытуда осы кезеңге бөлу ерекшелігін басты назарда тұтқан дұрыс
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда дәстүрлі оқу түрлері – кітапты мұғалімнің оқуы, рольге бөліп оқу, өз бетімен оқу сияқты әдістермен ғана шектеуге болмайды. Жаңа инновациялық технологияларды шеберлікпен және көбірек қолдану арқылы тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін жаңа және сапалы жүйеде оқыту дәстүрін қалыптастыру керек. Қазақ әдебиетін оқытдың жаңа технологиялары – қазақ әдебиеті бойынша оқу бағдарламасында берілген тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнын жүзеге асырушы тәсілдері жүйесі. Бұл жүйеде білім берудің көздеген мақсат-міндеттеріне сәйкес формалары, әдістері мен құралдары өзара байланыспен орналасып, мұғалімнің шеберлігінің арқасында оқушылардың бірізділікпен білім алуы ұйымдастырылады. Педагогикалық технология дегеніміз – жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің түбінде жемісті болуына арналған жүйені ғылыми тұрғыдан жобалау және оны практикада сәйкесінше қолдану. Педагогикалық технологияда кездейсоқтық деген болмайды. Онда стандарттан бастап, оқу бағдарламасы, күнтізбелік бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, әдіс-тәсілдер – барлығы таңдалған әдіснамалық негіздерді басшылыққа ала отырып, пәннің әдістемелік ұстанымдарына сай, білім беруші тұлға – мұғалім мен білім алушы тұлға – оқушының жеке тұлғалық қасиеттеріне сәйкес жүйелік жиынтыққа біріктіріледі. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары – қазақ әдебиетін оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеріп, оқушылардың дамуына заман деңгейіне жауап бере алатын білім беру жүйелері. Осындай технологиялардың бірнеше түрін атап кетуге болады. 1) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 2) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 3) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың АҚПАРАТТЫҚКОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 4) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін САРАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 5) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін ДАРАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 6) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін ШЫҒАРМАШЫЛЫҚКРЕАТИВТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 34 7) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін ЖОБА ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 8) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 9) ТЕСТІЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Жаңа педагогикалық технологиялармен бірге, сабақ берудің де жаңа инновациялық формаларын қолдану арқылы Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін сапалы оқытуды ұйымдастыру жолдары көп. Негізінде, дидактикада әдебиетті оқыту сабақтарының түрлері көп болғанымен үш топқа жинақталған, олар:  көркем туындыларды меңгерту сабақтары;  әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын меңгерту сабақтары;  тіл дамыту сабақтары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет