Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!



бет15/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

18 сұрақ 30 сұрақпен бірдей


19. Әдебиеттің эстетикалық қызметі. Эстетика əсемдік туралы ғылым. Саналы адамзат баласының сұлулыққа сұқтанбайтыны, əдемі нəрсеге қызықпайтыны болмайды. Адам жаратылысынан əдемілікке, əсемдікке құштар. Адам қоғамдаса өмір сүре бастаған ең ежелгі дəуірлердің өзінде айналадағы өздеріне жұмбақ құбылыстардың сырын ұғуға тырысқаннан бастап-ақ əсемдіктің де сыр-сипатын тануға талпынғаны байқалады. Оны бізге жеткен əр алуан тарихи деректер мен аңыз əңгімелер дəлелдеп отыр.
Əдебиет – сөз өнері болғандықтан, оның да ауылы эстетикадан алшақ жатқан нəрсе емес. Əдебиет теориясы пəні жоғары оқу орындарында қанша жылдан бері оқылып келе жатса да оның негізгі қағидаларын орыс тілінде жазылған эстетикадан алып пайдаланып келе жатқанымызды да жасыра алмаймыз. Бірақ күні бүгінге шейін қазақ тілінде бірқатар ауыз толтырып айтарлық əдеби-теориялық еңбектерде эстетика мəселесі əр қырынан талданып, негізгі терминдерінің де қалыптасып қалғанын атап өтуге тиіспіз. Бұл саладағы 1926 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиеттанытқышынан» бастап, Мұхтар Əуезовтің, Есмағамбет Ысмайловтың, Қажым Жұмалиевтің, Мұхамеджан Қаратаевтың, Зейнолла Қабдоловтың, Зəки Ахметовтің, Рымғали Нұрғалидың, Бақытжан Майтановтың бірқатар еңбектерінде жалпы өнерге қатысты, соның ішінде əдебиетке байланысты эстетикалық таным-түсініктерге талдау жасалып, нақты тұжырымдар берілген. Əдеби сында өздерінің айшықты іздерін қалдырған А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, С. Əшімбаев, А. Егеубаев, Ə. Бөпежанова т.б. сыншылар да аталған саланы дамытуға үлкен үлес қосты деп сеніммен айта аламыз. Дей тұрғанмен де эстетика мəселесі тұтастай сөз өнерімен бірлікте əлі күнге шейін толық қарастырыла қойған жоқ. Көрнекті алаш əдебиеттанушысы А. Байтұрсынов та өзінің «Əдебиеттанытқыш» деген еңбегінде өнерге ғылыми талдау жасай келіп, «табиғат ісінен шыққан жаратынды нəрселердің бəрі табиғат дүниесі болады, адам ісінен шыққан жасалынды нəрселердің бəрі өнер дүниесі болады; өйткені жасалынды нəрселердің істеліп шығуына адам ақылы, əдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен», – деген тұжырым жасаған. Əрине бұл пікірдің айтылғанына да бір ғасырға жуық уақыт өтті. А. Байтұрсыновтың өз кезінде өнер туралы Гегель пайымдауларымен үндес пікір айтып отырғандығы да сондықтан. Ол Гегельді оқыды ма, оқымады ма бізге беймəлім, бірақ оның эстетикалық ой-тұжырымдарымен орыс ғалымдары арқылы таныс болғанына шүбə келтіре алмаймыз. Эстетика философияның бір тармағы. Сондықтан да өз тарихын адамзат баласы саналы өмір сүре бастаған тұстан алады. Ежелгі шығыс халықтарынан шыққан философтар сол ерте дəуірлердің өзінде сөз өнерінің, музыканың адамға, жалпы қоғамға əсері туралы əр алуан пікірлерін жазып қалдырған. Мысыр, Вавилон, Үнді, Қытай, Шумер жазбаларының кейбір бізге жеткен үзінділерінен біз мұны анық аңғарамыз. Әдебиет оқушының өмірді тануына, оның эстетикалық ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Әдебиеттің қоғамдағы атқаратын рөлі зор. Мысалы, шығармада бейнеленген тұлғаға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Құбылысты сөзбен емес іспен жасатады. Көркем әдебиет саласында тұрмыс-салт жыры, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, батырлық, ғашықтық, эпос, тарихи жырлар ауқымды дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін көрсетеді. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дербес идеясы жырланған. Әдебиеттің мәні – негізінен тәрбие, ізет, өнеге, көркемдікке сүйеніп, «әдеп» түбірінен тарайды. Мұнымен қоса, көбіне ол дүниетанымға қатысты рухани өмірдің жаңа сырларын ашуға себеп болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет