Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Сұрақ.Көркем шығарманың тегіне және жанрлық ерекшелігіне қарай танымдық тұрғыдан оқыту



бет27/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

31.Сұрақ.Көркем шығарманың тегіне және жанрлық ерекшелігіне қарай танымдық тұрғыдан оқыту
Әдеби жанр (французша-genre -тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады. 1. Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма; 2. Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан; көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығын нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынасынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән күйі, нәзік және психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына - түрліше тағдырлар тұтасына құрылады. З.Қабдолов әдеби текті жанр деп қарайтын қағиданы ұстанады. Мәселен, эпос – жанр; эпостың үш түрі бар – шағын көлемді, орта және кең көлемді, шағынына – очерк, новелла, т.б. орта көлемдіге – повесть, поэма, кең көлемдіге – роман, эпопея жатады деп жіктейді. Сол арқылы өзі жанр деп таныған эпос, лирика, драма, олардан өрбитін жанрлық түрлерді жеке-жеке талдап, әрқайсысының даму, өзгеру жолдарын, қайсысының қандай тенденцияда дамып жатқанын әңгімелейді. Жанр мәселесін бұлай топтап, бұлай тұжырымдау бәлкім әлі даусыз дәлеліне ие бола алмай жатуы мүмкін, бірақ бұлай жіктеудің әдбиеттің тегі мен түрін саралауға біршама айқындық енгізетіні рас.
Танымдық әрекет дегеніміз - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой
қызметі. Мұның өзі көркем шығарманы талдауға, оқушы ізденісіне негіз болары сөзсіз. Бұл мәселені кеңінен қарастырған В.В.Давыдов, Г.К.Селевко сынды белгілі ғалымдар. Олардың: «Оқушы оқу үдерісі барысында, өз әрекетінің субъектісі, яғни білімді, жаңа ойды өзі табушы ретінде танылады», - деген пікір- тұжырымдарын біз де толық құптаймыз. Оқушының көркем туындыны талдау
әрекеті барысында сыни көзқарасы қалыптасады. Мұның өзі әдеби жаттығулар мен тапсырмалар негізінде жүзеге асады .


Эпикалық шығармаларды оқыту. Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композиция, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы, Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалык шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
1. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
2. Көркем образдары, образдар галереясы.
3. Автор — көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет