Орындаған: Мусаева Ж. Ж. Бопә, 1-курс Қабылдаған: Базарбекова Р. Ж



бет1/3
Дата20.05.2022
өлшемі32.94 Kb.
#458118
  1   2   3
инт - реф


«Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманы талдауға үйретудің өзекті мәселелері» 
Орындаған: Мусаева Ж.Ж.
БОПӘ, 1-курс
Қабылдаған: Базарбекова Р.Ж. 


Алматы, 2012ж  

Қазіргі кезеңде егемен еліміздің жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы озық көзқарас негізінде жан-жақты, жарасымды дамыған, қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары интеллектуалды адамдар етіп тәрбиелеу басты талаптардың біріне айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Мұғалімдер − қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда, анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кешіре отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адалдық, адамдық, тазалық, гуманизм, Отанды сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеуінен де танылады. Патриотизмнің биік бір белгісі, міне, осы емес пе?» − деп орынды атады.


Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда бастауыш сыныпта өтілетін пәндер арасында ана тна тлінің алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – ана тілі пәнінің басты мақсаты болып есептеледі.
Ана тілі пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Ана тілі арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Ана тілін оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа , имандылыққа , инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.
Бала жастан көрген-білгенін көкейге түйген оқушы этикалық құндылықтарға, әсемдік әлеміне, эстетикалық, сұлулық дүниесіне бастауыш сыныптардан бастап-ақ қызыға назар аударады. Олар оқу бағдарламасының талаптарына сай әдебиет сабағында қазақ және туысқан халықтардың, әлем әдебиетінің кейбір озық үлгілерімен таныстырылады.
Әдеби шығарманы оқып-үйренуде жас оқырман өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой-тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Сабақ барысында әдеби шығармаларды ұтымды талдау жұмыстарын жүргізу оқушылардың пәнді оқуға ынтасын арттырады. 
Көркем туындымен танысу үстінде бүлдіршіндердің қоршаған орта туралы түсініктері қалыптаса түседі. Табиғат әлемі, оның терең тылсым сырлары, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, обал мен сауап, сан алуан басқа да рухани-әлеуметтік мәселелер, қоғамдық, адамгершілік, тарихи-саяси құбылыстарды өз биігінен байқап барлайды. Жақсыдан үйренетін, жаманнан жиренетін өмірлік ғибрат алады. Соған сәйкес бала өз дәуірінің, өмір сүріп отырған заманының талабына сай азамат болып жетіледі. Әдеби шығарманы оқи отырып, олар ондағы образдар жүйесін, шығарманың тақырыптық-идеялық мұратын шәкірттік ақыл-таразысына салып, балаң ой елегінен өткізеді. Алған әсеріне қарай әрқайсысы өзінше баға береді. Ол мұнда өзін-өзі тану арқылы қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатысын саналы түрде сезінуге, айналаға, қоғамға өзінің көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға құлшынады. Өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Соның нәтижесінде оқушы өзінің дербес өсу және өзіндік жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, шәкірт адами толысуын, өмірдің мәні мен өзінің ондағы мақсатын ұғынады.
Көркем шығарманы сабақ үрдісінде талдаудың алғашқы үлгілері, кейіпкерді танытудың ең қарапайым белгілері − оның сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері, автордың кейіпкерге, қоршаған тұрмыстық-әлеуметтік ортаға көзқарасы, әдеби туындының тақырыптық-идеялық нысанасы секілді мәселелер бастауыш сыныптардан басталып, сынып жоғарылаған сайын көркем шығармаға әдебиеттанымдық талдау жасаудың жолдары күрделене, түрлене түседі. Жалпы білім беретін бастауыш мектеп тәжірибесінде көркем шығарманы талдаудың тұтастай (немесе автор ізімен), образ бойынша (кейіпкер, жан - жануар, табиғат, т.б. бейнелері), проблемалық-тақырыптық деген секілді кеңінен тараған әдістемелік жолдары қолданылады. Алайда, күнделікті сабақ барысында әлі де болса мақсатты түрде талдауға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтіндігі байқалып келеді. Оқушылар көркем шығарманы талдау барысында образ табиғатына, көркем бейне характерінің қалыптасу жолдарына, шығарманың сюжеттік желілері мен композициялық құрылымының атқарар қызметіне жете мән бере қоймайды.
Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Әдеби шығармада кейіпкер, оның өсу динамикасы, сюжеттік желі болмаса, тұтас құрылым − композиция болмайды. Демек, көркем туынды да жоқ деген сөз. Сондықтан да ұстаз мектеп қабырғасында көркем шығарманы оқып-үйрену барысында кейіпкерлерді әртүрлі жағдайларға байланысты өзге бейнелермен тығыз органикалық бірлікте, қарым-қатынаста қарастыруы қажет. Мұны өмірлік мәні бар құбылыстармен салыстыра танытуға, оған шәкірттердің өз пікірлерін білдіруіне назар аударуы керек.
Әдетте оқушы шығармадағы көркем ойды шындық түрінде ғана қабылдап, ондағы образдылық, типтілік, мазмұн мен форманың бірлігі секілді әдебиеттің теориялық астарларына назар аудара бермеуі мүмкін. Сол үшін мұғалім көркем мәтінмен жұмысты тереңдете отырып, оқушыларды әдеби-теориялық сауаттылыққа дағдыландыруы керек. Бұл көркем туындыны дәйекті түрде талдауға, білімді саналы меңгеруге үйретеді. 
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет