Тақырыбы: Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері. Оындаған: Жаркымбек С.Қ Өзектілігі



бет1/6
Дата20.02.2023
өлшемі33.88 Kb.
#469823
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері.


Реферат
Тақырыбы: Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері.





Оындаған: Жаркымбек С.Қ

Өзектілігі: егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары. Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады.
Жаңашылдығы: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. «Таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».
Ізденушілік сипаты: Танымдық іс- әрекет дегеніміз,адамның өз түйсігі арқылы дүниені тануы. Өзін-өзі тану принципі- оқушылардың оқу материалының мазмұнын ғана емес, оның не үшін үйренуі керек екенін білуін қажет етеді. Қазақ тілін, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін неге білуі керегін ұқпаған бала тиянақты білім ала алмайды. Білім- оқушы үшін өмірлік мағынасы бар, жаңа қалыптаса бастаған көзқарасына, жоспарланған әрекетіне сай болу керек. Танымдық әрекетті өз білімін іс жүзінде қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қажеттілігімен байланыстыру қажет. Өз білімін іс жүзінде қолдану- білім алу қажеттілігін тудырады. Сонда танымдық әрекет жеке тұлғаны жалпы дамыту құралы қызметін атқарады. Адамның бұл бағыттағы басты қажеттілігі- ойлау және іс жүзінде қолдану. Еңбектену қажеттілігі жеке тұлғаның жан-жақты дамуымен тығыз байланысты.Оқытушының берген білімі өмірмен байланысты болса ғана, сын тұрғысынан ойлау қабілетін ұштайды. Жеткіншек өз-өзіне сын көзбен қарап, өмірден өз орнын іздейді.Өз-өзін тәрбиелеудің бірден-бір ұйытқы күші- өмірдің мағынасын түсіну.
Құрылымы: Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет