6. Көркем туынды және тарихи шындық
Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың, халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Алайда, әдеби шығармадағы тарихи шындық – көркемдік бейнелеу тәсілмен берілетін өмір шындығы, яғни, көркемдік шындық [2]. Менің талдайтын еңбегім: І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы.
І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы нағыз тарихи шындық сипатталып көрсетілген еңбек. Трилогияда қазақ халқының 500 жылдық тарихы кезең-кезеңімен өрнектеп жазылған. Қазақ хандығы құрылған жылдап бастап, қазақ халықының басынан өткен ауыр да, қиын тағдыры сипатталған. Қазақ халқының басынан өткен қилы заманнан бөлек, біздің бейбітшілікте өмір сүруімізге өз септіктерін тигізген азаматтарымыз жайлы сөз қозғалған. Олардың ерен еңбектері көркем сөзбен сипатталып көрсетілген. «Көшпенділер» трилогиясы 3 бөлімнен тұрады: «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар».
«Жанталаста» автор Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр халін, Абылай хан билеген дәуірді, ел тарихындағы қилы замандарды суреттеген. І.Есенберлин «Жанталас» романында ұлтымыздың халқымыздың басынан өткен тарихи кезең, болашақ Тәуелсіз мемлекеттің тарихи сипатын ерекше көрсете білген ақын - жыраулар образын сомдауға ұмтылған. Бұл орайда жазушы халық аңызына ден қойып, жыраулар поэзиясындағы ханға арналып айтылған өлең - толғаулардың айтылу ретіне қарай және мұрағаттағы тарихи деректерге сүйенген.
Жоңғар шапқыншылығынан бөлек, қазақ халқының ауыр қасіретке душар болғаны, бірте - бірте ес жиып, күш қосып, Бұланты өзені мен Алакөл бойында алғашқы екі жеңіске жеткені одан әрі шертіледі. Сонымен қатар, Бұқар жыраудың әңгімесі арқылы өткен тарихтың - Хақназар хан тұсындағы ахуал мен қазақ жұртының Бұхар ханы Абдолла әскерінен Сауран қаласын қалай сақтап қалған хикаясы қозғалады. Шығарманың екінші бөлімі Әбілхайыр, Бөгенбай бастаған қазақ қолының Ордабасы деген жерде жоңғарларға күйрете соққы бергеніне, Бұхардың Тәуекел хан заманынан айтқан әңгімесіне, Әбілхайырдың орыс патшалығының қол астына кіріп, әрі елдің тыныштығын сақтау, әрі өзі бүкіл қазаққа хан болмақ әрекетіне, ақырында ол арманына толық жете алмай, патша әкімдерінің ойыншығына айналғанына, саяси аренаға оның ұлы Нұралының шыққанына, Барақ сынды бақталас сұлтанның Әбілхайырды өлтіргеніне, қысқаша айтқанда Жоңғар шабуылының нәтижесі қазақ қауымын қандай бетбұрысқа итермелегенін көрсетуге арналған. Романның соңғы, үшінші бөлімінде Абылайдың және оның батырларының жоңғар мен Қоқан билеушілерінен қазақ жерін азат ету жолындағы ауыр, даңқты күрестері, Абылайдың дербес қазақ хандығын бүтін, тәуелсіз етіп ұстап тұруға бағытталған істері тізбектеле беріледі. Шығарма соңы Абылайдың дүниеден қайтар алдындағы Бұқар жыраумен диалогы берілумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |