Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Көркем шығарманы оқу барысында оқушылардың танымдық ой-қабілеттерінің даму ерекшеліктері



бет9/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

8. Көркем шығарманы оқу барысында оқушылардың танымдық ой-қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Әдебиет — өнер пәні, адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет — жан-жақты да терең ойлантудың пәні. Оқушы танымы мен логикасын дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем түспейді.
Жоғары сыныптарда әдеби тұлғаларды оқытуда оқушылар оқулықтағы жазушы пікіріне көбірек жүгінетіні кездеседі. Әдебиеттану ғылымының қол жеткізген жетістіктерін білу, әрине, ағаттық емес. Дегенмен әдеби үдерістегі сол шығармашылық тұлғаның ерекшелігін тану үшін автордың өз шығармаларын оқу, салыстыру, талдап, тану аса маңызды. Кітап оқуға деген белсенділіктің бәсеңдеп тұрған қазіргі кезеңінде оқушыларға автордың төл туындыларын оқыту мұғалім тарапынан аса үлкен жауапкершілік пен ізденісті қажет етеді. Сол себепті әдебиет пәнін оқытуда белгілі бір шығарма бойынша жазылған ғалымдардың не оқулық авторының пікірін айтқызуға, қайталауға, мазмұндауға жол беру оқушыны ізденбеуге әкеп сағады. Оқулық авторларының пікірлері оқушының өз ойы мен көзқарасын дәйектеуге ғана қызмет етуі тиіс. Белгілі бір шығарманы оқушының өзіне оқытып, өз пікірі мен қабылдауына баса назар аударылса, әлдеқайда тиімділігі артады. Әдебиетті оқытудың басқа пәндерден айырмашылығы, күрделілігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, әсер, шабыт, қиялдау, армандау, еліктеу – әртүрлі психологиялық күй әдебиет пәнінде ерекше көрінеді. Яғни, әдебиет жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән. Жоғарғы сыныпта оқытылатын авторларды айтпағанның өзінде орта буын сыныптардың өзінде өтілетін шығармалар біршама көлемді болып келеді. Сыныптағы сабақ мерзімінде түгел оқып шығу мүмкін емес. Сондықтан көбіне әдеби шығарманы үйде оқушы өздігінен оқып келуге тиісті. Шығарманы үйде оқуды ұйымдастыру мұғалім үшін аса бір қиын да жауапты іс. Оқушының көркем шығармаға қызығушылығын ояту ата-ана мен мұғалім тарапынан үнемі үздіксіз жүргізілетін іс-шара. Бастауыш және орта буын сыныптарда оқылған шығармалармен жүргізілген жұмыстар белгілі бір дәрежеде оқушының келешекте кітапты сүйіп оқуына немесе керісінше мүлде қаламауына әкелетін жол басы деуге болады. Шығарманың үйде оқылатын бөлігінің оқылған-оқылмағанын мұғалімнің үнемі қадағалап отыруы оқушының жауапкершілігін арттыра түседі. Әйтсе де, оқушылардың кейбірі мектеп бағдарламасындағы шығармалар ауқымында қалып, тек мұғалімнің талап еткен шығармаларын ғана оқуды міндет санайды. Ал кей оқушылар сол алғашқы бастау мен баспалдақтан ілгері жылжып, нағыз көркем әлемге ену мүмкіндігіне ие болады. Оқушыныны көркем әдебиетті оқуға қызықтырудың тәсілдері көп: соның бірі, шығамадан үзінді оқып, үзіндінің қай шығармадан алынғанын тапқызу немесе кейіпкердің сөзін жасыру, сияқты сұрақ-тапсырмалар арқылы оқушының шығарманы оқыған-оқымағанын анықтауға болады әрі оқуға деген ынтасын көтеруге болады. Шығарманы талдау да шығарма мазмұнына бойлауға, оны түсінуге жетелейді. Белгілі бір дәрежеде мазмұны танылған шығарманы тереңдеп талдау оқушыларды көптеген әрекеттерге жетелейді. Оқушының аналитикалық ойын дамытады. Көркем шығармадағы символ, деталь арқылы талдата отырып, болымсыз нәрседен ауқымды ұғымға жетелеу, шығарманың ішкі астарын ашу оқушыны іздендіреді, қызықтырады. Қалай болғанда да мұғалімнің шығарманы оқытуға деген ізденісі мен жүйелі еңбегі жеміс берері анық. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуда табанды еңбек пен жүйелі жұмыс нәтижелі болады. Әдебиетті түсініп, түйсінетін ұстаздың оқытуы да сабақтың нәтижелі болуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет