Біз болашағымыздың жарқын болғанын көргіміз келеді


қарамағында Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми



бет11/16
Дата30.11.2023
өлшемі2.89 Mb.
#484950
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тәуелсіз Қазақстан

қарамағында Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми

кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар Қазақстан

Республикасының Президенттік мәдени орталығы құрылды.


Астана
Астана – Бәйтерек» кешені «Астана - Бәйтерек» монументі – бұл Астананың белгісі болып табылатын теңдесі жоқ құрылыс. 97 метр биіктікте шолу алаңы орналасқан одан Сіз Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал ағаштың басына орнатылған алтын күн де, ішкі сәулеті де символ мәнді, үш аймаққа бөлінген және әлемнің үш негізін бейнелейтін салынып жатқан Қазақстанның жаңа астанасының көрінісін тамашалай аласыз. Металлдан, шыныдан және бетоннан жасалған «бәйтерек» әдемі, салынуы бойынша күрделі архитектуралық ғимарат: биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрылымы бес жүз діңгек қадамен ұсталынған. Күн сәулесінің әсерінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» шыныдан жасалған диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна шар дүние жүзінде алғашқы рет рекордты биіктікті бағындырды. Жас Астанада бой көтерген аталған монумент архитектуралық жаңарудың, Астананың, Қазақстанның символы болып табылады.
Күнделікті Монументке тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік қабатын көрсететін барлық жас аралығындағы көп адамдар келеді. Келушілердің қызметіне екі кафе-бар ұсынылады. Олар өздерінің өнімдерін және бар ассортиментін ұсынады, сонымен қатар онда «Астана-Бәйтерек» символикасымен сувенирлік өнімдер сату бойынша дүкен бар. Онда сіз халықтардың бұйымдарын табасыз. Келушілерді қарсы алушы және қызмет етуші барлық жұмысшыларда бейджиктер, жеке біріңғай формалы киімі бар. Киім ұлттық өрнектермен нақышталған, әрбір қызмет үшін өңделген және жыл сайын жаңартылады.
«Астана-Бәйтерек» монументі бұл дүниеде жоқ аналогтардың әмбебап ғимараты, оны салу идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтікі. «Астана-Бәйтерек» монументінің маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы сияқты, оны «Аялы Алақан» – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі шығармашылық композициясынан көруге болады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді1997 жылды көрсететін Астананың мемлекеттің жаңа астана болғанын және осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа кезең нүктесі.
Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында – 584,8 мың адамды құрады. Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады. Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. 2003 жылы әлемдік «Moodys Investors Service» рейтингтік агенттігі қаламыздың кредиттік рейтингісін Ва3 –тен (тұрақты) Ва1 –ге (оң) дейін, бірден екі деңгейге көтерді. Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша), Ушак (Түркия) , Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз байланыстырады. 2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана Мәскеу, Минск, Бішкек және тағы да басқа ЕурАзЭҚтің ірі қалалары мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас саласында беделді ұйым болып табылатын Астаналар мен ірі қалалар халықаралық Ассемблеясына (ХҚА) мүше болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет