АСТАНА – Қазақстан Республикасының елордасы
Қала жөнінде жалпы мәліметтер: Құрылған жылы – 1832 ж. Теміржол бекетінің атауы – Астана станциясы. 1961 жылғы дейін – Акмола қаласы. 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы. 1993 жылдан 1998 жылға дейін – Ақмола қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Бәйтеректің таңғы және түнгі көрінісі
Ақ Орда резиденциясы .Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 m. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 cm. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 m., қалған қабаттардың биіктігі 5 m.Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 m2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.
Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.
Үшінші қабатта:
киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;
сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;
екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал; камин залы;
қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.
Төртінші қабатта:
қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары;
Саммиттің Үлкен залы; кітапхана;
кіші Шығыс залы орналасқан.
Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.
Достарыңызбен бөлісу: |