Біз болашағымыздың жарқын болғанын көргіміз келеді


«Нұр-Астана» орталық мешіті



бет13/16
Дата30.11.2023
өлшемі2.89 Mb.
#484950
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тәуелсіз Қазақстан

«Нұр-Астана» орталық мешіті «Нұр-Астана» орталық мешіті 2005 жылғы 22 наурыздан бастап Астананың сол жағалауының ғажайып келбетіне, жаңа бір көз тартатын ғимаратына айналды. Бұл жерде ол үйлесімді орналасқан. Шығыстың әсемдігі шыны, бетон, болат, гранит және алюкобонд әсемдігімен өріліп, ойластырылып салынған. Бес мыңнан астам дінге сенетін адам мешіттің шамамен төрт мың шаршы метрінде, тағы екі мың келуші оның алдындағы алаңда намаз оқи алады. Әр біреуі 62 метр төрт мұнара мәңгілікке бірге жинақталған, ал алюминь мен алтын жалатылған күмбездер қаланың іскер адамдарына рухани игіліктер туралы ұмыттырмайды.
«Думан» ойын-сауық орталығы – күмбезді кеңістік, океанариум және кинозал Қазақстан үшін ойын-сауық индустриясында тағы бір жаңа модель – «Думан» орталығы, онда барлық отбасыңызбен демалуға болады. Үш мың километр қашықтықтан әкелінген Оңтүстік теңіздерінің тамшысы – океанариум қайталанбас, Қазақстандағы алғашқы және жалғыз аттракцион, «Думан» ойын-сауық орталығының жан жүрегі болып табылады. Ол: Океанариум, 3DКинотеатр, дәмхана және сауда залы желілері, серуендеуге және демалуға арналған орталық аймақ, «Джунгли» аттракционы, боулинг, казино, көп функционалды және қонақ үй кешені сынды бірнеше аймақтан құрылған біртұтас құрылым. Күмбезді залдан Сіздер: Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қорғанын, Галикарнас кесенесін, Азаттық мүсінін және тағы басқа көптеген дүниелерді көре аласыздар. Акватеатрдан қызықты теңіз көріністерін тамашалауға, жаныңда жүзіп жүрген акулаларды көруге болады. Кино залдағы дауыстың қаттылығы және арнайы көзілдіріктер көрермендерге өздерін экранда болып жатқан оқиғаның ортасында жүргендей әсер қалдырады.
«Астаналық цирк» КМҚК Былтырғы жылы Есілдің сол жағалауына сыртқы көрінісі «ұшатын тарелкаға» ұқсас цирк ғимараты салынды. Ондағы сәулет идеясы, оның жоғарғы технологиялармен іске асырылуы, ішкі құрылғының эргономикасы, кеңейтілген инфрақұрылымы барлығы да ерекше. Ең басты жетістік – алғаш рет құрылған цирк ұжымы. Акробаттар, эквилибристтер, үйретушілер, аттағы жігіттер, ауада өнер көрсететін гимнасттар, иллюзионистер мен сайқымазақтар цирктің кішкентай және ересек жанкүйерлерінің көңілдерін көтереді. Адамдармен бірге африка арыстандары, шотланд понилері, түйелер, аюлар, есектер, маймылдар және иттер сынды жануарлар да өнер көрсетеді.
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тұй-ұқұқ және Теркін атты байырғы түркі ескерткіштерінің ашылу салтанаты аясында ұлы қолбасшы, түркі тарихының жарқын тұлғасы Күлтегін батырдың өміріне арналған деректі фильм көрсетілді.Cол фильмге арналып күлтегнін ескерткіші жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет