Біздің елімізде автомобильдер санының үнемі өсуі бензин тұтынудың сөзсіз өсуіне және соның салдарынан мұнай өнімдерін жеткізу қажет жанармай құю станциялары санының көбеюіне себеп болады



бет16/20
Дата20.05.2022
өлшемі332.5 Kb.
#458089
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Коррозия рамки для теории

4.3 Еңбектің гигиеналық жағдайлары
Еңбек гигиенасы деп - өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы организмі мен ұжым денсаулығына еңбек жағдайының әсерін зерттейтін саланы айтамыз.
Өндірістік санитария еңбек гигиенасының ғылыми жағдайларын практикада қолдануға қызмет етеді және құрылымдардың, мекемелердің жабдықтарды пайдалану мен қалыпты жағдайда ұстап тұруын қарастырады. Жұмыс орнында, өндірістік ғимараттарда және мекеме аумағында еңбек жағдайларының шарттары мен талаптарын орындаумен айналысады.
Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы жұмысшылар денсаулығына кері әсерін тигізетін факторларды болдырмауға және өндірісте жұмысқа қалыпты жағдай жасауға бағытталған.
Адам денсаулығына қоршаған орта температурасы, оның ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және қызған заттардан сәулеленуден құралған микроклиматтық жағдайлары едәуір әсер етеді.
Өндірісте жұмыс істейтіндер жұмыс уақытының үлкен бір бөлігін өндірістік ортамен тікелей байланыста өткізетіндігі белгілі. Өндірістік жағдай кезінде техникалық және технологиялық процестер (ұңғыманы бұрғылау, мұнайды өндіру, дайындау, тасымалдау, жоғалту және т.б) және басқа да өндірістік процестер кезінде ауаға зиянды көмірсутекті газдар мен будың бөлінуі, шудың, вибрацияның пайда болуы, температура мен ылғалдылықтың өсуі немесе азаюы мүмкін. Бұл факторлар әр түрлі үлес мөлшерінде кездеседі, сондықтан да егер олардың алдын алмаса, жеке қорғаныс құралдары болса да адам организміне зиян тигізуі мүмкін. Мекемелердегі еңбек жағдайының кері әсерін болдырмау үшін мекемелерде тұрақты түрде негізгі өндірістік факторлар мөлшерін есепке алып отыру керек. Алынған көрсеткіштерді санитарлық нормалардың (СН – 245 – 71 «Өндірістік мекемелерді жобалаудың санитарлық нормалары, ГОСТ; ССБТ және т.б.) шекті мәндерімен салыстыра отырып еңбек жағдайларын жақсарту шараларын жүргізеді. Осылайша нормативті шарттарға сәйкес жұмыс орындары объектілерінің санитарлы техникалық күйі келтіріледі.
Осы бағытта негізгі және соңғы шараларға еңбек жағдайларының санитарлы – техникалық күйін паспорттандыру жадылары жатады.
Адам температураның -500С – тан +500С-қа дейінгі өзгерісіне шыдай алады. Қоршаған орта температурасының мүұндай үлкен ауытқуына адам организмі өзінің термореттеу деп аталатын қасиеті арқасында төтеп бере алады.
Термореттеу арқылы адам организмі өте үлкен ауытқуларға шыдағанымен, оның қалыпты физиологиялық күйі белгілі бір деңгейге дейін ғана сақталады. Адамның қалыпты термореттеуінің жоғарғы шегі толық тыныштықта 380С - 400С (ауа ылғалдылығы 30% болғанда) аралығында болады. Физикалық жұмыс немесе ауа ылғалдылығы өсу кезінде бұл шек төмендейді. Өндіріс жағдайларында ауа ылғалдылығының артуы жердің булануын азайтады, сәйкесінше организмде жылу бөліну азаяды.
Нормаларға сәйкес өндірістік ғимараттар ішіндегі оптималды температура суық және ауыспалы мезгілде +170С +190С , ауа ылғалдылығы 600 - 400 , жылдамдығы 0,3 – 0,4 м/с, жылы мезгілде температура 200С-220С болуы керек.
Жабық ғимараттар мен объектілерде уақытша жұмыс үшінмаксималды рұқсат етілетін, қоршаған орта температурасы 330С, өйткені бұл жағдайда организмнің термореттеуін қысқа мерзімде қамтамасыз етуге болады.
Санитарлық нормаларда жұмыс орындарындағы қоршаулар мен жабдықтардың қыздырылған беттерінің температурасы 400С-450С, ал ішкі температурасы 1000С – тан төмен емес, жабдық беттері үшін 350С – аспауы керек деп қаралған. Осыны қамтамасыз ету үшін жұмыс орнынан жылу сәулелері мен жанғыш газдардан қорғайтын су немесе ауа қалқандарын қолданады.
Жұмыс аумағының орналасуы деп - жұмыс орнының еденнен 2 метр биіктіктегі кеңістікті айтамыз. Тұрақты жұмыс орны – бұл жұмысшы өзінің жұмыс уақытының басым бөлігін (50% - тен көп немесе үздіксіз 2 сағаттан ұзақ) өткізетін жерді айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет