Біздің елімізде автомобильдер санының үнемі өсуі бензин тұтынудың сөзсіз өсуіне және соның салдарынан мұнай өнімдерін жеткізу қажет жанармай құю станциялары санының көбеюіне себеп болады



бет4/20
Дата20.05.2022
өлшемі332.5 Kb.
#458089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Коррозия рамки для теории

1.4 Қара майлардың қасиеттері 

Қара майлардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылымна тәуелді.


Қара майлардың негізгі механикалық қасиеті – оның тұтқырлығы.
Қара майдың тұтқырлығы стандартты температурада вискозиметрдің тесіктері арқылы өткен қара май мөлшерінің уақытымен сипатталады. Бұл мақсатта дайындалған вискозиметрге, сынау температурасынан 2...3С0 жоғары температураға қыздырылған қара майды құяды. Сынау температурасына жеткен кезде қара майдан термометрді шығарып, вискозиметрдің шығыршықты клапанын ашады. Өлшегіш цилиндрдегі аққан қара май деңгейі 25 мл жеткен кезде секундомерді қосып, қалған 50 мл қара майдың вискозиметрден өту уақытын анықтайды. Стандартты вискозиметр бойынша 1с, 0,025...0,03 Па·с динамикалық тұтқырлыққа сәйкес келеді. Стандартты вискозиметр тесіктерінің диаметрі 3, 5, 10мм сәйкес келеді, сынау температуралары 30, 50С0.
Тұтқырлығына байланысты қара майлар: Д-1, Д-2, Д-3, Д-4, Д-5, Д-6 маркада өндіріледі. Қара майлардың құрамында полярлы атом топтары бар қосылыстар мен фенолдардың көп болуына байланысты қорғаушы бетке адгезиясы жоғары және улы болады.
Қара майлар биологиялық тұрақты, қара түсті, өзіне тән тас көмір шайырының иісі бар улы зат. Оталу температурасы 150..1900С, жану температурасы 180...2700С. Тас көмір қара майларының нағыз тығыздығы 1,1-1,3г/см3, газ қара майларының 1,0-1,2г/см3.
Қара майлардың ауа-райына тұрақсыздығы мен тез қартайуы құрамындағы ұшқыш заттардың булануы нәтижесінде және құрамындағы тотығып полимерленуге бейім келетін қанықпаған жоғарымолекулалы көмірсутектер үлесінің көп болуынан болады. Уақыт өтуімен қара майлардың топтық құрамының өзгеруі, олардың негізгі қасиеттерінің өзгеруіне алып келеді.
Ауа-райына тұрақсыздығы мен қара май тұтқырлығының өзгеруіне тұрақтылық дәрежесі, қара майлардағы жеңіл, орташа және ауыр майлардың үлесімен анықталады.
3000С температураға дейінгі фракцияны айдаудан кейінгі қара майдың жұмсару температурасы, битумға ұқсас анықталады.
Қара майдың құрамындағы фенолдың мөлшерін анықтау үшін 170...2700С температурада қара май үлгісін айдау арқылы алынған фракциядан фенолды сілтінің көмегімен бөліп алып, сілті көлемінің ұлғаюын өлшейді. Нафталиннің үлесін 170...2700С фракциясының кристалдануы кезінде бөлінген тұнба мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды.
Қара майдың тұтқырлығы мен жылуға тұрақтылығын арттыру үшін тас көмір шайырына немесе маркасы төмен қара майға 180...2000С температурада күкірт немесе құрамында күкірт бар материалдар енгізеді. Осының нәтижесінде қара май көмірсутектері дегидратацияланып, малекула аралық байланыстар өзгереді.
Қара майлардың сапасын арттыру үшін оладың құрамына 30% мөлшерінде минералды дисперсті толықтырғыштар (ұнтақталған әктас, доломит, тас көмір немесе цемент шаңы) енгізеді. Бұндай қара майлар толықтырылған қара май деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет