4 Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
4.1 Ұңғы өнімдерін жинау, дайьндау және тасымалдау кезінде қойылатын талаптар
Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау кезінде қолданылатын жабдықтар мен кұбырлар- бақылау аспаптарымен, қолмен және автоматты түрде баскарылатын реттеуші және сақтандырушы құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек.
Аппараттарда және құбырларда орнатылған сақтандырушы, реттеуші және тығындаушы (ысырмалар, крандар) арматуралар нормаға сәйкесті,техникалық сипаттамалармен бекітілген график бойынша жүйелі түрде тексеруден өтеді. Тексеру нәтижесін вахталық журналға түсіріп отырады. Жинау және дайындау қондырғыларында қысымы 0,7 атм. болатын және одан да жоғары артық қысымда жұмыс жасайтьн айырғыштар мен басқа да аппараттар (қондырғылар) пайдалануға емгізіліп және оларды қысымда жұмыс жасайтын құрылғылар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес пайдалану керек. Қысымда жұмыс істейтін аппараттар манометрлермен, деңгей көрсеткіштерімен және сұйықты жабық сыйымдылыққа ағызуға арналған құрьлғылармен қамтамасыз етіледі.
Технологиялық процестерді бақылау жәпе баскару жүйесінің датчиктері арнайы материалдардан жасалып жәие дірілдеу жағдайына, сондай-ақ газ гидраттарының түзілуіне, парафиннің, тұз шөгінділерінің және басқа да заттардың жиналу жағдайында қолдануға есептеледі.
Технологиялық құбырлар мен арматуралар танымды (белгілі) бояулармен боялады және арнайы ескерту белгілері мен жазулары жазылады. Құбырларға тасымалданатын ортаның қозғалыс бағытын көрсететін бағыттық көрсеткіштер (стрелкалар) қойылады.
Мұнай және құм ұстағыштары арнайы жанбайтын материалдардан жасалады. Ашык мұнай ұстағыштардың айналасында биіктігі 1м болатын металдық коршаулар тұрғызылады. Құм ұстағыштардьң конструкциясында, онда жиналған шөгінділерді тазалау үшін гидроэлеваторды қолдану мүмкіндігі қарастырылуы керек. Тұндырғыштар мен резервуарлардың айналасында адамдар катынайтын темірден жасалған арнайы көпір қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |