3 Экономикалық бөлім
3.1 Инвестицияның экономикалық тиімділігі және қызметтердің принциптері.
Кәсіпорынның инвестиция қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмас маңызды бөлігі болып табылады. Кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істеу істеу үшін, өнімнің сапасын көрсету, шығынды азайту, өндіру қуаттылығын кеңейту, өзінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату және нарықта өзінің бағдарын нығайту керек және оны тиімді жинақтау керек. Сондықтан, оған инвестициялық стратегияны нақтылап өңдеп және жоғарыдағы аталған мақсатқа жету үшін оны үнемі жаңғыртып отыру керек.
Негізінен жалпылай алғанда, инвестициялар ақшалай қаражаттар, банк салымдары, пайдалар, акциялар және т.б. бағалы қағаздар ретінде анықталады.
Инвестицияның финанстық анықтамасыь – бұл табыс алу мақсатындағы шаруашылық жұмыстарының салымдар, активтерінің барлық түрлері.
Инвестицияның экономикалық анықтамасы – негізгі капиталды техникалық қайта жабдықтау және қайта құру, кеңейту, құру, сонымен қатар осылармен байланысты кері капитал өзгерулеріне шыққан шығындармен сипатталады.
Нарықтық экономикадағы инвестициялар ол қандайда бір тиімділік немесе табысты алумен үзілісіз байланысты түрлі мөлшердегі салым жүйелері. Инвестициялар – бұл, шығындына отырып, алдыға қойылған нәтижені алуға болатын ресурс. Осыменен, инвестициялық қызметтердің екі жақты қатынасы инвестиция мәнін құрайды: нәтижелер мен шығындар қоры. Егер де қор шығыны яғни инвестициялар керекті нәтижелерге алып келмесе, онда олар қажетсіз болып саналады.
Инвестициялар дегеніміз – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капитал салымдар формасындағы қаржы қорларын қолдану. Инвестициялар заңды және табиғи тұлғалармен жүргізіледі. Инвестициялар түрлері қатерлі (венчур), тура порфельді және аннуитетті.
Венчурлы капитал, жоғарғы қатермен байланысты, қызметтің жаңа салаларында жасалған жаңа акциялар шығару түріндегі инвестициялармен көрсетіледі.
Тура инвестициялар – тұрақтанған шаруашылық субъектілер, табысты шығару мақсатында және берілген субъектілерді басқаруда қатысуға құқық алудағы салымдармен көрсетіледі.
Портфельді инвестициялар – портфелдер (әртүрлі инвестициялық құндылықтардың жинақталуы) түзілуімен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді алуды көрсетеді.
Аннуитеттер – тұрақты уақыт аралығы арқылы салымшыға алып келетін арнайы кіріс инвестициялары, сақтандыру және зейнеткерлік фондына салу жүйелеррін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |