Машинаны жөндеу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Тракторлар мен комбайндар үшін жөндеудің 2 түрі: ағымдық және күрделі, ал тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы машиналары үшін – ағымдық жөндеу жоспарланады. Жөндеу аралық мерзімінің нормалары тракторлар үшін двигателінің жұмыс сағатына, жұмсалған жанармай көлеміне (кг), шартты жер алқабына (га) байланысты, ал басқа ауыл шаруашылығы машиналары үшін - өңделген немесе орылған жер алқабының көлеміне (га) байланысты тағайындалады (қосымшалар).
Трактор толық жөндеу циклынан (бір күрделі жөндеуден келесі күрделі жөндеуге дейінгі аралықта) өту үшін 1 күрделі және 2 ағымдық жөндеуден өтуі қажет.
Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының үрдісінде төмендегі көрсеткіштер жоспарланады:
· соңғы күрделі немесе ағымдық жөндеуден жоспарлы кезеңнің басына дейінгі аралықтағы өнімділік
· алдағы кезеңге жұмыс көлемі
· машинаға техникалық күтім көрсету және жөндеудің календарлық мерзімдері[kgl]
Автомобиль паркін пайдалануды ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы өндірісінде транспортты тиімді ұйымдастырудың маңызы зор, яғни өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде барлық шығындардың 20-30% транспорт шығынын құрайды.
Автомобиль траспорттары 3 түрге бөлінеді:
· жүк тасымалдайтын машиналар
· арнаулы машиналар (рефрижератор, асенизатор, передвижная реммастерская т.б.)
· жеңіл машиналар
Жыл бойы тасымалданатын жүк көлемі жергілікті жағдайларға, кәсіпорынның мамандандыру бағытына және негізгі салаларының үйлесуіне, өндірістің интенсивтік деңгейіне байланысты жоспарланады. Жүк көлемі жер алқабының әр гектарына шамамен 35-40 тоннаға дейін жетеді.
Жүк тасымалдау ішкішаруашылық және шаруашылық аралық болып екі түрде ұйымдастырылады. Ішкішаруашылық тасымалдау (бригада, бөлімше, мал фермалары аралығында) үлесіне тоннамен өлшенетін жүк айналымының 80%-нан көбі, тонно-километрмен өлшенетін жүк айналымының 45%-нан көбі жатады, ал шаруашылық аралық тасымалдауда (тұтынушыларды өніммен қамтамасыз ету, минералды тыңайтқыштарды тасымалдау т.б.) - 20 және 55%.
Жүк тасымалдауда жолдар төмендегідей топтарға жүйеленеді:
автомобиль транспорты үшін
1. асфальтты-бетонды жол
2. грейдерленген, қатты қабатты жол
3. табиғи қара жол
тракторлар үшін
1. табиғи қара жол
2. астық орылған жер
3. айдалған жер
Барлық жүктер транспорттың жүк көтерімділігін пайдалану деңгейіне байланысты 4 классқа бөлінеді:
1. автомобильдің жүк көтерімділігін 100% пайдаланған жағдайда (астық, щебень, құм, цемент)
2. автомобильдің жүк көтерімділігін 99-71% пайдаланған жағдайда (көк шөп, құрғақ топырақ, капуста, сәбіз)
3. автомобильдің жүк көтерімділігін 70-51% пайдаланған жағдайда (бидондағы сүт, қар, жүгері сүрлемі, күнбағыс, көмір)
4. автомобильдің жүк көтерімділігін 50% -ға дейін пайдаланған жағдайда (мүк)
Әр класс бойынша жүктің 1 куб.м массасы 750-800, 650-700, 500-600, 40-70 кг сәйкес келеді.
Ауыл шаруашылығы жүктерінің үлестік салмағының әр түрлі болуы тиеу, тасымалдау шығындарының, тасымалдау құралдарының пайдалану деңгейінің көп айырмашылықта болуына біршама әсерін тигізеді. Мысалы, 4 класстағы жүктердің тасымалдауын 1 классты жүктерді тасымалдауымен салыстыру нәтижесінде көлемдік жүктердің (1 класс) шығыны 2-3 есе көп, ал тасымалдау құралын пайдалану деңгейі 1,5-2 есе төмен болатындығы байқалады.
Ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауда автомобиль, трактор, көлік-арба, су жолы, әуе жолы транспорттары пайдаланылады. Мал фермаларында әртүрлі жер үстіндегі трубопроводтар, аспалы жолдар т.б. көп тараған.
Транспорт құралдарының экономикалық тиімділігін төмендегідей көрсеткіштер арақылы анықтауға болады:
· жұмыс бірлігіне еңбек шығындары
· өзіндік құн
· келтірілген шығындар жиынтығы
Кәсіпорын шаруашылығында автомобильдердің алыс қашықтықта, яғни шаруашылық аралық тасымалдауда, пайдалануы тиімдірек болады, өйткені жақын қашықтықта тасымалдау машинаның жылдамдығын төмендетеді де, тасымалдау мүмкіндігі азаяды.
Ішкішаруашылық тасымалдауында, әсіресе жол сапасы төмен болған жағдайларда тракторларды пайдаланған тиімдірек болады. Машина паркінің жүйелі түрде өсуіне байланысты көлік-арба транспортының үлесі біршама азаяды. Көлік-арба транспорты көбіне мал шаруашылығында, әсіресе фермаларға мал азығын тасымалдауда пайдаланылады.
Жүкті автомобильмен тасымалдаумен салыстырғанда трактормен тасымалдаудың 1 ткм өзіндік құны 3-4 есе, көлік-арбамен – 4-5 есе жоғары болатындығы байқалады.
Кәсіпорын шаруашылығында транспорт құралдарының қажеттілігін жоспарлау өндірісті ұйымдастырудың негізін құрайды. Жүк машиналарының қажеттілігі жұмыс көлеміне, тасымалдау қашықтығына, жұмыс уақытының ұзақтығына, нақтылы жүк көтерімділігіне және жолдардың сапасына байланысты анықталады.
Тасымалданатын жүк көлемі ауыл шаруашылығы дақылдарының, мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өніміне, тасымалданатын органикалық және минералдық тыңайтқыштар, құрылыс материалдары, мал азығы, тұқым, мұнай өнімдерінің т.б. көлеміне байланысты жоспарланады. Жоспарлауда жүкті тасымалдау қашықтығы және тасымалдауының қайталануы ескеріледі, яғни, астықтын егіс алқабынан қырманға, қырманнан қоймаға т.б. мақсатта тасымалдануы.
Әр транспорт түрі бойынша тасымалданатын жүк көлемі жоспарланады. Кәсіпорын шаруашылығында автомобильдің орташа тәуліктік қажеттілігі тасымалданатын жүк көлемі мен 1 автомашинаның орташа жылдық өнімділігіне байланысты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |