Бизнес жүйесіндегі маркетинг


Жеңілдетілген декларация негізіндегі салық тәртібі



бет13/13
Дата23.09.2022
өлшемі86.85 Kb.
#461210
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бизнес негіздері

Жеңілдетілген декларация негізіндегі салық тәртібі.
Аталған салық тәртібін шағын бизнеспен айналысатн кәсіпкерлер және жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалар (ШБ субьектілері) төмендегідей шектеулерде қолданады:
а) жеке кәсіпкерлер үшін:
· кәсіпкерді қоса есептегендегі тоқсандағы орташа тізімдік жұмыскерлер саны 15 адамға дейін
· тоқсандық табыс мөлшері – 4.5 млн. тенгеге дейін
б) жеке тұлғалар үшін:
· тоқсандық жұмыскерлер саны – 25 адамға дейін
· тоқсандық табыс – 10 млн. тенгеге дейін
в) заңды тұлғалар үшін:
· салық кезеңіндегі орташа тізімдік жұмыскерлер саны – 50 адамға дейін
· салық кезеңіндегі табыс – 25 млн.тенгеге дейін
Аталған салық тәртібінің ерекшеліктері төмендегідей:
· салық тоқсандық нақтылы табыс көлемі бойынша есептеледі
· салық тек алынған табыс мөлшері негізінде жеңілдетілген декларация бойынша шығындар ескерілмей төмендегі ставкалармен есептеледі (жеке табыс, корпоративтік және әлеуметтік салықтар):
Жалдамалы жұмыскерлердің есептік жылдағы орташа айлық жалақысы: жеке кәсіпкерлерде ҚР заңдылықтарымен бекітілген 2 үлестік минималды жалақыдан кем болмаған жағдайда, заңды тұлғаларда – 2,5 үлестік минималды жалақыдан кем болмаған жағдайда, әр жұмыскердің салық мөлшері 1.5% төмендетіледі.
ШҚ (ФҚ) үшін арнаулы салық тәртібі. ШҚ (ФҚ) өз қалауынша арнаулы салық тәртібін немесе жалпы салық тәртібін таңдайды.
Арнаулы салық тәртібіндегі ШҚ (ФҚ)-на бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен ерекше есеп айырысу тәртібі қарастырылады және аталған салық тәртібі тек а/ш өнімдерін өндірумен, өз өнімдерін өңдеумен және өткізумен айналысатын ШҚ (ФҚ)-на ғана қолданылады, бірақ подакцизді өнімдерді өндірумен, өңдеумен, өткізумен айналысатын ШҚ (ФҚ)-на аталған салық тәртібі қолданылмайды.

Арнаулы салық тәртібіне құқығы тек жеке меншігінде немесе басқа да пайдалану құқығында жер телімдері бар қожалықтарға ғана беріледі.


Бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі календарлы жыл болып есептеледі.
Салық тәртібін пайдалану жағдайлары.
Арнаулы салық тәртібіндегі қожалықтар бірінші жылдың 20 февраліне дейін жер телімі орналасқан ауданның салық органына салық өтінішін өткізеді.
Салық өтініші көрсетілген уақытта түспеген жағдайда салық төлеуші бюджетпен жалпы салық тәртібінде есеп айырысады.
Таңдалған салық тәртібі салық кезеңінде өзгертілмейді.
Өтінішке төмендегі құжаттардың көшірмесі тіркеледі:
1) нотариалды немесе ауыл атқарушы органдары бекіткен жер теліміне құжат;
2) нотариалды немесе ауыл атқарушы органдары бекіткен жер ресурстары басқармасы тарапынан берілген жер телімінің бағалық құны анықталған акт
Акт болмаған жағдайда жер телімінің құны жер ресурстарын басқару органының мәліметіне сәйкес аудан бойынша 1 гектардың орташа құнымен анықталады.

20 февральдан кейін құрылған ШҚ (ФҚ) арнаулы салық тәртібіне салық өтінішін жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу Куәлігін алғаннан кейінгі 30 жұмыс күні аралығында тапсырады.


Салық органы салық өтініші түскеннен кейін 3 жұмыс күні аралығында арнаулы салық тәртібіне келісім беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.
Арнаулы салық тәртібін пайдалану ерекшеліктері
Бірыңғай жер салығын төлеушілер төмендегі салық немесе бюджетке басқа міндетті төлемдерден босатылады:
1) ШҚ (ФҚ) арнаулы салық тәртібіндегі қызметінің табысынан жеке табыс салығы;
2) ҚҚС - арнаулы салық тәртібіндегі қызмет айналымынан;
3) жер салығы және (немесе) жер телімін пайдалану төлемі - арнаулы салық тәртібінде пайдаланылатын жер телімдері бойынша;
4) тасымалдау құрал-жабдықтарына салық;
5) мүлік салығы.
Бірыңғай жер салығын есептеу объектісі ретінде жер телімдерінің құны алынады.
Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
Жыртынды жер бойынша бірыңғай жер салығы жер телімінің бағалық құнына төмендегі төлемдер арқылы есептеледі:

Жер телімі (га)

Салық ставкасы

500-ге дейін

0,1 %

501 - 1000

0,1 % - 500 гектардың бағалық құнынан + 0,2 % - 500 гектардың бағалық құнынан жоғары өсімнен

1001 - 1500

0,2 % - 1000 гектардың бағалық құнынан + 0,3 % - 1000 гектардың бағалық құнынан жоғары өсімнен

1501 - 3000

0,3 % - 1500 гектардың бағалық құнынан + 0,4 % - 1500 гектардың бағалық құнынан жоғары өсімнен

3000-нан жоғары

0,4 % - 3000 гектардың бағалық құнынан + 0,5 % - 3000 гектардың бағалық құнынан жоғары өсімнен

Жайылым жер, табиғи шабынды және т.б. жер телімдері бойынша арнаулы салық тәртібіндегі бірыңғай жер салығы жер телімдерінің бағалық құнынан 0,1% төлемі деңгейінде анықталады.
Әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері
Бірыңғай жер салығын төлеушілер ай сайын АЕК-тен 20 % ддеңгейінде әр жұмыскерге, қожалық басқарушысына және кәмелетке толған әр мүшесіне әлеуметтік салық төлейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет