Бизнес жүйесіндегі маркетинг



бет12/13
Дата16.09.2022
өлшемі87 Kb.
#460838
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бизнес негіздері

Заңды тұлғалар
Акционерлік қоғам.
Жарғылық қорын құру. Акционерлік қоғамның қызметі 2003 ж. «Акционерлік қоғам туралы» заңға сәйкес реттеледі.
Акционерлік қоғамның жарғылық қоры номиналдық құндағы акциялар санынан тұрады.
Жарғылық қор 2 жолмен құрылады:
· қоғам құрылтайшыларының акцияны номиналды құнмен сатып алу
· акцияның бір үлесін бірінші құнды қағаз нарығында еркін бағамен сату
Аталған заңға сәйкес акционерлі қоғамдар тек ашық типтегі және ашық қоғам 2 түрде құрылады:
· ашық акционерлік қоғам
· халықтық ашық акционерлік қоғам
Акционерлік қоғамда 2 құрылтайшылық құжат жасалады:
· Құрылтайшылық келісім-шарт
· Жарлық
Құрылтайшылық келісім-шарт уақытша мерзімге жасалады, яғни құрылтайшылар жиналысында аталған 2 құжат қаралып, талқыланып бекітіледі.
Жаңа заңға сәйкес 1 немесе бірнеше акционер бірігіп ірі акционер функциясын атқарады.
Ашық акционерлік қоғамда ірі акционер қоғамның дауыс беретін акцияларының 10 % және одан да көбі болуы, ал халықтық ашық акционерлік қоғамда – 5 % және одан да көп дауыс беретін акция үлесі болуы қажет.
Дауыс беретін акцияларға қарапайым және пұрсатты акциялар жатады.
Қажет болған жағдайда «алтын акциялар» шығарылады. Алтын акциялар не дауыс беруге, не дивиденд алуға қатыспайды. Аталған акциялар тек құрылтайшылар жиналысының немесе қоғамның басқару органдарының кейбір шешімдеріне тоқтау (вето) қою мақсатында шығарылады.

Қоғамға қойылатын шектеулер. Ашық акционерлік қоғамның минималды жарғылық қоры 50000 еселі АЕК, ал халықтық акционерлік қоғамның минималды жарғылық қоры 1000000 еселі АЕК.
Акционерлер саны ашық акционерлік қоғамда - 500 дейін, ал халықтық акционерлік қоғамда – 500 жоғары болуы қажет.
Дауыс беру принципі: 1 акция – 1 дауыс. Алайда, әр акционердің қолындағы дауыс беретін акциясанына акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар Кеңесінің шешімдерімен максималды шектеу қойылады.
1991ж. заңға сәйкес пұрсатты акциялар үлесі жалпы акциялар санының 10 % құрады. Ал 1998ж. және 2003ж. заңдарға сәйкес – 25 % құрады.
Акционерлік қоғамның минималды жарғылық капиталы 2003ж. заңға сәйкес 30 күнде өтелуі қажет, ал 1998ж. заңға сәйкес – 1 жыл, 1991ж. заңға сәйкес ұзартылған мерзімге жеңілдікпен, яғни 10 жылда өтелуі қажет болған.
Қоғамның пайдасын бөлу тәртібі. Өнімді сатудан түскен түсімдерден материалды шығындарды алып тастағаннан кейінгі қалдықты баланстық пайда деп атайды.
Баланстық пайдадан резерв қоры және өндірісті дамыту қоры құрылады, қалған пайдадан салық төленеді.
Пайда салығы өтелгеннен кейінгі қалдық таза пайда болып есептеледі. Таза пайдадан алдымен жоғары мекеме орындарына міндетті төлемдер өтеледі (салықтың басқа түрлері, несие қайтарымы т.б.).

Қалған таза пайда үлесінен әртүрлі қорлар құрылады (қоғамның қалауынша):


· көмек қоры
· материалды ынталандыру қоры
· әлеуметтік-мәдени қамсыздандыру қоры
· дивиденд қоры т.б.
Жоғарыда аталған қорлар мөлшеріне заңға сәйкес ешқандай шектеу қойылмайды, тек резервтік қор төмендегідей шектелуі мүмкін: резервтік қорға жыл сайын таза пайданың 5 %-на дейін аударылуы мүмкін, бірақ қордың жалпы мөлшері қоғамның жарғылық қорының 25 %-нан аспауы қажет.
Өндірістік кооперативтер.
Жарғылық қорын құру. Өндірістік кооперативтерінің қызметі 12.07.2001ж. «Өндірістік кооператив туралы» заңына сәйкес реттеледі.
Кооперативтің жарғылық қоры кооператив мүшелерінің мүліктік және жер пайларын біріктіру арқылы құрылады. Аталған пай үлестері жарғылық қорға берілген күннен бастап кооператив меншігіне ауысады.
Пайларының бір үлесін кооперативке жалға беру арқылы да мүшелікке кіруге болады. Мұндай жағдайда кооператив жарғылық қорындағы үлесі жал төлемі мөлшерінде анықталады.
Жарғылық қорға төлем төмендегідей: ақшалай, заттай, құнды қағаздар, мүліктік құқық, оның ішінде жер пайларына құқығы.
Кооператив мүшелеріне жарғылық қордағы үлесі (%) көрсетілген құжат беріледі.
Өндірістік кооператив құрылтайшылары тек жеке тұлғалар бола алады. Мемлекеттік тіркеуден кейін құрылтайшылары кооператив мүшесі болып есептеледі.
Кооперативке мүше болу үшін міндетті түрде кооперативте қызмет атқару қажет, ал акционерлік қоғамда немесе серіктестіктерде өндіріске қатыспай-ақ мүше болуға мүмкіндіктер беріледі.
Өндірістік кооперативтердің құрылтайшылық құжаттары:
· жарғы немесе
· жарғы және құрылтайшылық келісім-шарт
Аталған құжаттар құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен бекітіледі.
Кооператив мүшелігіне кіру ерекшеліктері:
· 16ж. толған Қазақстанның кез келген жұмысқа жарамды азаматы бола алады
· мүшелікке кіру үшін оқу орнынан рұқсат қағаз талап етілмейді
· кәмелетке толмаған азамат мүше болу үшін ата-анасының рұқсаты талап етіледі
· басқа кооперативетрге мүше болуға рұқсат берілмейді
Заңға сәйкес кооперативке қойылатын шектеулер:
· мүшелікке жасына байланысты шектеу
· құрылтайшылар саны 2-ден кем болмауы
· минималды жарғылық қорына шек қойылмайды
· дауыс беру принципі – кооператив мүшесі пай үлесіне тәуелсіз тек 1 дауысқа ие болады
Кооператив пайдасын бөлу тәртібі. Міндетті төлемдер өтелгеннен кейінгі кооперативтің таза пайдасы кооперативтің жалпы жиналысының шешімімен өз қалауынша пайдаланылады.
Пайда кооператив мүшелеріне еңбекке қатысу коэффициенттеріне (КТУ) тәуелді бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет