Бүгінгі таңда киім жөндеу және тігу қызметтерін Қазақстанда ательелер, сондай-ақ,
көптеген шеберханалар ұсынып отыр.
4. МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫ
4.1 Қызмет нарығының талдауы
Бүгінгі таңда тігін ісі қызметтерінің тұтыну
нарығының жағдайы бір жағынан,
тұтынушыларды тартудың қиындықтарына, екінші жағынан әлеуметті жаңғарту
мүмкіндіктеріне ие. Өз кезегінде тігін шеберханасын нөлден бастап ашу ең аз шығынды
талап етеді. Менің шеберханам
дайындаған өнімдер сапалы, қолжетімді болады.
Тұрақты тұтынушыларға жеңілдіктер қарастырылады.
Аталған қызмет түрлері нарығы тиісінше, халық санының артуымен және
халықтың табыс
көлемінің артуымен бірге өсіп, дамып отырады.
Ательелердің қызмет нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10%-дан аса көлемді
құрайды. Бұл нарықтың жеткілікті дәрежеде сегменттелгенін, бір ательелердің тек киім
тігуде маманданып,
екіншілерінің жөндеуде, ал басқаларының жоғары сұранысқа ие
барлық қызмет түрлерін көрсететіндігін атап өткен жөн. Бүгінгі дағдарыс шарттарында
жөндеу қызметтері көбірек сұранысқа ие. Сонымен қатар,
перделер, төсек жапқыштар
және басқа да тоқыма бұйымдарын тігу бағыты да айтарлықтай сұранысқа ие және
табысты
болып табылады, сондықтан толық қызмет спектрін көрсету ұсынылады.
Жобаның сәттілік деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары деп бағаланады, өйткені кез
келген елді мекенде дерлік ательенің ықтимал тұтынушылары болуға даяр адамдардың
пайызы айтарлықтай жоғары болып табылады.
Менің шеберханам секілді шеберханалар ауданда кеңінен таралған. Сонымен бірге
сырттан әкелінген ұқсас өнімдер сауда орындарында сатылады. Бірақ бұл өнімдердің
басым бөлігі – синтетикалық маталардан тігіліп, немесе
өлшемдері сәйкес келмейтін
Қытай мен Қырғызстан өнімдері. Осы өнімдерді де есепке алғанда, ауданның қажеттілігі
соның өзінде толық қамтылмай отыр.
Достарыңызбен бөлісу: