Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру



бет4/6
Дата23.12.2023
өлшемі7.86 Mb.
#487723
1   2   3   4   5   6
Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейірбике ісін (копия)

Несептегі глюкозаны анықтау. Адамның несебінің құрамында глюкоза өте аз болады (0,16-0,15г/л-ге тең болады) және ол сапалы сынақтармен анықталмайды. Несепте глюкозаның пайда болуы глюкозурия деп аталады. Гейнес сынағы глюкозаның мыс тотығы гидыратын сілтілік ортада мыстың шала тотығының гидратына (сары түс) немесе мыс шала тотығына (қызыл түс) айналдыру қасиетіне негізделген. Ниляндер сынағы. Бұл глюкозаның висмут нитратын висмут металына айналдыру қасиетіне бағытталған. Несептегі глюкозаның шамасын (санын) анықтау. Ол үшін поляриметрлік әдіс қолданылады. Глюкоза поляризацияланған жарықты оңға айналдырады. Альттаузеннің колориметрлік әдісі. Бұл әдіс глюкоза ерітіндісін ащы сілтімен қыздырғанда пайда болатын әр түрлі риякцияға негізделген: пробиркадағы сұйықтықтың түсінің қорытындысын әртүсті реттелген стандартпен анықтайды. Калориметрлеу фотометрдің көмегімен жаслынады. Несептегі кетон денелерін анықтау. Несепте кетон денелері пайда болса,оны кетонурия деп атайды. Кетон денелеріне үш қосынды жатады: ацетон,ацетонсірке қышқылы, бетта-оксимай қышқылы. Несептегі билирубинді анықтау. Қалыпты жағдайда несепте билирубин болмайды. Егер сапалы сынақтар оң болса, ол патологиялық жағдайда көрсетеді. Бұл билирубинемия деп аталады. Розин сынағы. 4-5 мл несепке люголь ерітіндісін немесе 1% йодты қабаттап құяды. Реакция оң болған жағдайда,сұйықтар арасында жасыл сақина пайда болады.

Аддис-каковский сынама тәсілі. Бұл тәсіл тәуліктік несеп тұнбасында қан түйіршіктерінің, яғни эритроциттер, лейкоциттер мен цилиндірлердің санын анықтауға негізделген. Несепті тәулік бойына немесе он сағат ішінде жинап,оны мұқият араластырады,өлшейді және тұнбаны алу үшін 12 минутта бөлінген несеп мөлшерін яғни барлық мөлшердің 1/50 бөлігін алады. Өлшеп алынған несепті бөліктенген цитрофуга пробиркасына құяды, минутына 2000 айналым жылдамдфқпен 5 миеут центрифугалайды. Аддис-каковский сынағы бойынша қалыпты жағдайда тәуліктік несептегі эритроцит 1000000 дейін, лейкоцит 2000000 дейін,цилиедірдің саны 20000-ға дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет