Бұл бағдарлама «Есеп және аудит» Мемлекеттік жалпыбілімдендіруші стандарты негізінде құрастырылған


Міндеттемелер мен капиталдың аудиті



бет9/11
Дата19.01.2024
өлшемі131.5 Kb.
#489462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
силлабус косымша

15. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
Ұзақ мерзiмдi міндеттемелер аудиті. Капиталдың аудиті. Меншiктi капитал есебiн тексеру. Жарғылық капиталдың қалыптасу заңдылығының аудитi. Резервтік,қосымша төленген және төленбеген капитал аудиті.
16. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
Кәсiпорынның қаржылық жағдайларының аудитiнiң мазмұны мен негiзгi процедуралары, пайдалану кезiнде қаржылық талдаулардың әдiстемелiк тәсiлдерiн пайдалану. Қаржылық тұрақтылық, төлеу қабілеттiлiгi және кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгiн талдау
17. Елімізде ішкі бақылау жүйесінің жүзеге асырылу маңызын атаңыз.Ішкі аудитте ішкі бақылаудың жалпы жүйесінің ұйымдастырылу тәртібін атаңыз. Ішкі бақылаудың әдістемелік және ұйымдастыру – техникалық мәселелерді шешуде маңызын ашып көрсетіңіз.
18. Ішкі бақылау қызметі тарапынан жүргізілген тексерудің міндеттері мен мақсатын атаңыз. Ішкі бақылау қызметі аясында орындалатын қызметтер түрі қандай? Компанияның ішкі бақылау жүйесіндегі әдістер мен процедураларының категорияларын атаңыз.
19. Ішкі бақылау жүйесінің элементтерінің сипаттамасын ашыңыз. Ішкі бақылау жүйесінің элементінің өзара қарым-қатынасын ашып көрсетіңіз. Бақылау ортасына түсініктеме беріңіз. Ішкі бақылау жүйесінде бақылау тиімділігі дегеніміз не? Ұйымдағы ішкі бақылау жүйесі қандай принциптерге негізделеді?
20. «Ішкі бақылау ықпалдасу моделі» атты COSO-ның моделін қалай түсінесіз? Ұйымның ішкі бақылау жүйесінде өзара байланысқан компоненттерді атаңыз?
21. Ішкі аудит комитеті ішкі бақылау жүйесінің қандай ұстанымдарына жауапты?Ішкі бақылау жүйесінің процедуралары қандай сұрақтарға жауап беруге тиіс?
22. Ақпараттық қамту және ақпаратпен алмасу жүйелеріне қандай шаралар кіреді?ІБЖ мониторингісі – бақылау процедураларын орындаушы ретінде қызметтері қандай?
23. Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тәуелсіз бағалау мерзімін атаңыз. Шаруашылық жүйеде қолданылатын әдістер мен процедуралар категориясын атаңыз.Есеп принциптерінің тұрақты қолданылуын ішкі бақылау жүйесінде қалай анықтайды? Қандай қызмет аясында бақылау рәсімдерін жасауды, бекітуді, енгізуді және рәсімдеуді қамтамасыз етеді? Ішкі аудит қызметі бақылау рәсімдерінің операционық тиімділігін бағалап, тексеру нәтижелерін рәсімдеуге жауапты ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет