9. Сатып алу кезеңiнiң аудиті
Сатып алу кезеңiнiң шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.Сатып алу кезеңiнiң аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Сатып алу кезеңiнiң шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.
10. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
Өндіріс кезеңiнiң шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.Өндіріс кезеңiнiң аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңiнiң шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.
11. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
Сату кезеңiнiң шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Дебиторлық қарыздар аудиті.
12. Ақша қаражаттарының аудиті
Кассалар мен кассалық операциялардың аудитi. Банктiң есеп айырысу шотына жүргiзiлетiн аудиттiң мiндеттерi және сәйкестiлiгi.Валюталық операцияларда аудиттiң жүргiзiлу мiндеттерi және дәйектiлiгi, дерекнамалары.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті.
13. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
Негiзгi құралдар аудитi. Негiзгi құралдар аудитiнiң мiндеттерi мен дәйектiлiгi. Негiзгi құралдар балансында қалдықтардың бiрдейлiгiн, есеп кезеңiнiң басы мен аяғындағы көрсетiлген Бас кiтап деректерiмен, есеп регистрлері мен аналитикалық және синтетикалық есеп сәйкестiлiгiне көрсету ережесiн тексеру. Материалдық емес активтер аудиті. Материалдық емес активтер туралы түсiнiк, олардың ерекшелiктерi мен топтамалары. Материалдық емес активтердiң жеке түрлерінің сипаттамасы. Материалдық емес активтердiң баланста дұрыс көpiнic табуының аудитi, Бас кiтап деректемелерiнiң баптары бойынша тексеру.
14. Инвестициялау кезеңінің аудитi
Қаржылық инвестиция туралы түciнiк. Бас кiтапты баланстағы деректермен сәйкестiлiгiн тексеру. Қысқа мерзiмдi инвестициясының дұрыс бағалануын тексеру. Аналитикалық есептiң синтетикалық есепке сәйкестiлiгiн тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |