Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80


«Алланың кез-келген құлы жанында жоқ бауыры үшін



Pdf көрінісі
бет21/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Дұға өміріңді озгерт

«Алланың кез-келген құлы жанында жоқ бауыры үшін 
Аллаға жалбарынып дұға жасаса, жанындағы періште оған 
әрдайым: Саған да сұрағаның болсын!» деумен болады. 
(Муслим)
Әрбір таң сайын береке тілейтін періште бар
Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте: 
«Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі бол-
сын): Әрбір таң арайлап атып, Алланың құлдары ұйқыла-
рынан оянып жатқанда, көктен екі періште түседі. Бірі: 
Уа, Алла Тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дү-
ниесінің орнын толтыра гөр – десе, екіншісі: Уа, Алла Таға-
лам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды 
шығынға ұшырат – деп дұға жасайды – деп айтты» – делін-
ген. 
(Бұхари, Муслим)


37
Құрметті оқырман! 
Бұл кітап ақпаратқа толы. Қайталап оқып, дәптеріңізге 
түртіп алғаныңыз жақсы. Жоғарыда тоқталған дұғаның әдеп
шарттарына мән бәріңіз. Дұғаның дұрыс жасалуы – қабыл бо-
луының негізі. Құран мен хадистен алынған мәтіндерді зер 
салып оқыңыз. Себебі, ол мәтіндерде Алла мен Пайғамбары-
мыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері кел-
ген. Олардың сөзі хақ. Қабыл болған дұғаларға байланысты 
оқиғаларды бойыңызға сіңіріп, отбасыңызға жеткізіңіз. Сізге 
де, әулетіңізге де пайдасын тигізсін. Оқиғалардың ішінде кел-
ген дұғаларды жаттап, қажетіңізді Алладан сұраңыз. Бұл кітап 
дұға жасаймын деушінің ықыласын оятып, құлшынысын арт-
тыруға арналған. Егер дұғалардың қазынасын іздесеңіз, сізге 
«Мұсылман қорғаны» деген кітапты алуға кеңес береміз. Ол 
кітап әлем бойынша тараған. Кез келген жағдайға байланысты 
дұғаларды сол кітаптан табасыз. Қалтаға салып жүруге ыңғай-
лы. Мешіт маңайындағы дүкендерде сатылады. Мобильді қо-
сымша түрінде де бар. 
Алла Тағала күнәмізді кешіріп, дұғамызды қабыл етсін!
Мазмұны


Кіріспе......................................................................................................4
Аллаға жайған алақан бос қайтпайды.............................................6
Дұғам қабыл болсын десеңіз..............................................................7
Алла Тағалаға серік қоспай, ықыласпен дұға ету..........................7
Сенімділікпен, табандылықпен дұға ету .......................................8
Дұға жасаушының кигені, ішіп-жегені
адал болу керек..................................................................................... 8
Туыстық қарым қатынасты сақтау...................................................9
Дұғада шектен шықпау.......................................................................9
Дұғаның жауабына асықпау............................................................10
Дұғаның әдептері................................................................................11
Қабыл болған дұғалар........................................................................13
Дұғасы қабыл болған наубайханашы.............................................14
Бала сұраған пайғамбар.....................................................................17
Тұтқын бала..........................................................................................20
Оттан құтқарған дұға.........................................................................22
Балық жұтқан пайғамбар..................................................................24
Дуаға қарсы дүға..................................................................................27
18 жыл ауырған Айюб пайғамбар...................................................30
Қайғыны кетірген дұға......................................................................32
Сізге періштелер дұға жасасын десеңіз.........................................34



Мешіт ұстаздарының тексеруінен өткен, «muftyat.kz», 
«ummet.kz» «asylarna.kz» сайттарының материалдары қолда-
нылған.
Жоба жетекшісі: Мейіржан Әлібек
Көркемдеуші: Мақсат Бәке
Корректоры: Айнұр Мансұрова
«Дұға - Дұғаның маңыздылығы». 
Нұр-Сұлтан 2020


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет