28
- Ләбид ибн Асам.
- Қалай дуалаған?
- Құрма ағашының кепкен қабығы, тарақ және түскен
шаш арқылы.
- Ол зат қайда?
-
Құдықтың ішінде, – деп өзара әңгімелесті.
Таңертең Пайғамбарымыз
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын) сахабалармен бірге құдыққа барады. Арасынан бір кісі
құдыққа түсіп әлгі затты алып шығады.
Ішінен тарақ, шаш
және он бір рет түйінделген жіп шығады. Сол арада Жебірей-
іл періште Пайғамбарымызға
(оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын) «Фәлақ» пен «Нәс» сүрелерін жеткізді. Осы екі сүрені
қосқанда он бір аят шығады. Әр аят оқылған сайын дуаланған
жіптің бір түйіні шешіледі. Әр
аятты оқыған сайын Алла ел-
шісінің
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жағдайы жақ-
сарады.
Фәлақ сүресі
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Қул ә’узу бираббил-фәлақ, мин шәрри мәә халақ,
уа мин шарри ғаасиқин изә уақаб, уа
мин шаррин-нәф-
фәәсәәти фил-’уқад, уа мин шарри хәәсидин изәә хәсад»
Мағынасы:
1.
Таңның Раббысына сиынамын.
2. Жаратқан нәрселердің кесірінен.
3. Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен.
4. Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен.
5. Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алма-
ушылардың күндеген сәтте кесірінен, – деп айт.