Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80


«Аяғыңмен жерді теп, міне саған шомылатын әрі



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Дұға өміріңді озгерт

«Аяғыңмен жерді теп, міне саған шомылатын әрі 
ішетін салқын су», – дейді. Айюб Алла Тағаланың әмірін орын-
дап еді, оның аяғының астынан су атқылап шықты. Айюб сол 
суға шолмылғанда сыртқы ауруларынан, ішкенде ішкі дерт-
терінен айықты және Раббысы оны жасартты. Әйелі үйге кіріп 
келгенде оны танымай қалды. Мен Айюбпын дегеніне таңыр- 
қады. Тақуа әйелінің де жастық шағын қайтарып берді. Олар-
ды ұл-қыздармен сүйіншіледі. 
Ән-нии мәссәниәд-дурру уә әнтә әрхәмур-рахимиин
Мағынасы: Маған бір пәлекет келді. Ал Сен – мейірім 
етушілердің ең Мейірімдісісің
Қандай көркем дұға! Ол тағдырына наз айтқан жоқ. Алла 
Тағаланың мейірімділік сипаттарын еске алумен болды. Алла 
оның көрсеткен сабырын мақтап, тілегін қабыл етті, денсау-
лығын қайтарды, көп бала нәсіп етіп әрі тағы сонша игілікті 
қосып берді. Алла Тағала «Бақара» сүресінде:
«Әй, мүміндер, сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер, 
күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге» деген. 
Айюб сабырлы болды, Алла Тағала онымен бірге болды. 
Айюб пайғамбарды үлкен дерттен айықтырған дұғасын жат-
тап өміріңізге пайдалансаңыз болады.


32
Қайғыны кетірген дұға
Умму Сәләма анамыз Исламды қабылдағандардың 
алғашқысы еді. Оның отбасы Аллаға серік қосушылардың та-
рапынан көп қиыншылық көрді. Ол жұбайы Әбу Сәләмамен 
алдыңғылардан болып жер аударды. Меккеден көшу барысын-
да да сынақтарға тап болды. Екі жақтың руластары Умму Сәлә-
ма мен олардың ұлдары Сәләманы бөліп әкетті. Әбу Сәләма 
Мединеге жалғыз көшеді. Бір отбасы үшке бөлінді, ана жүре-
гі мыңға бөлінді. Күндер өтіп, үлкендер араласып баласы мен 
анасын табыстырып, екеуін босатады. Олар жолға шығады. 
Умму Сәләма мен баласы Сәләманың Мединеге уайымсыз же-
туіне Османның септігі тиеді. Осман ол кезде дінді қабылда-
маған еді. Қорғансыз ана мен баланы уайымдап оларға жақсы 
жолсерік болды. Солайша Умму Сәләма күйеуі Әбу Сәләмамен 
қауышады. 
Бірде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі 
болсын) Әбу Сәләмаға «Иннә лилЛәһи уа иннә иләйһи ражиъ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет