5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік
Жалпыға қолжетімді бумалар мен файлдар жасау
|
Мектеп:
|
Күні:
|
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу;
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды жасау жолын анықтайды.
|
Көптеген оқушылар:
компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды жасау жолын салыстырады.
|
Кейбір оқушылар:
компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды жасаудың маңыздылығын тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология
қолжетімді
|
доступный
|
access
|
кеңейтілген баптау
|
расширенная настройка
|
advanced settrings
|
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Файлдарды бірге пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?
Файлдарды қай жерден және қалай жүктеуге болады?
Сыныптастарыңмен, достарыңмен қолмен жасаған немесе компьютерде бірлесіп орындаған қандай жұмыстарыңды мысалға келтіре аласыңдар?
|
Жазу.
Жалпыға қолжетімді файлдар мен бума жасау алгоритмін жазыңдар.
|
Алдыңғы алған білімі
|
Компьютеріңіздегі деректерді қалай қорғауға болады?
|
Пәнаралық байланыс
|
Орыс тілі, Ағылшын тілі.
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.
|
Сабақ кезеңі
|
Педагог әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
7 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
«Сұрақ – жауап» ойыны.
Ойынның шарты: қатырғықағаздан 20 карта жасау. 10 картаға сұрақтар, қалған 10 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен келесі балаға жүреді. Ол оқушы оны сұраққа жауап беретін картамен басады.
|
Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою
Файлдарды бірге пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?
Файлдарды қай жерден және қалай жүктеуге болады?
Сыныптастарыңмен, достарыңмен қолмен жасаған немесе компьютерде бірлесіп орындаған қандай жұмыстарыңды мысалға келтіре аласыңдар?
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.
|
Сабақтың ортасы
3 мин
|
Жеке практикалық жұмыс
Желідегі жалпыға қолжетімділік берілген бумаларды пайдалану
Компьютерде жаңа мәтіндік құжат жасаңдар. Құжатқа «Информатика» пәнінен өздерің түсінбей жүрген сұрақты жазып, өз аттарыңмен сақтаңдар.
Құжатты жалпыға қолжетімді 5-сынып бумасына салыңдар.
Желідегі пайдаланушылардың жауабын күтіңдер. Жауап жазылған файлдан сұрағыңа қанағаттанарлық жауап алсаңдар, файлды жалпы бумадан компьютеріңнің жұмыс үстеліне көшіріп қойыңдар.
Дескриптор:
мәтіндік құжат жасайды;
Жалпыға қолжетімді бума жасайды.
|
Топтық жұмыс.
Теориялық материалды талдаңдар. Белгілі бір тақырып бойынша жоба жұмысын жоспарлаңдар. Таңдап алған жобаларыңды желіде бірлескен жұмыс арқылы ұйымдастырудың қадамдарын орындаңдар:
Жобаның тақырыбын ұсыныңдар;
Жобаға қажетті файлдар тізбесін таңдап (презентация жасау, құжат жасау, сурет файлын құру, керек болған жағдайда дыбыс және видео қосу) құжат жасаңдар;
Жалпыға қолжетімді бума жасап, оған ат қою;
Жобаға қатысатын топ мүшелерінің әрбірінің жобаны орындаудағы қызметтерін бөлу;
Жобаның дайындалған файлдарын жалпыға қолжетімді бумаға орналастыру.
Дескриптор:
файлдар тізбесін жасайды;
жалпыға қолжетімді бума жасайды;
файлды қолжетімді бумаға орналастырады.
Жұптық жұмыс
Жалпыға қолжетімді бума және файлдарды жасаудың маңызын бағалаңдар. Артықшылығы мен кемшілігі жайлы пікір алмасыңдар.
Дескриптор:
жалпыға қолжетімді файлдар мен бумаларды салыстырады.
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
«Файл» сөзіне синквейн жасау.
|
«Смайликтер». Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.
|