Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет2/13
Дата23.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#499648
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Информатика 4-тоқсан 5-сынып-1

Барлық оқушылар:

  • компьютермен жұмыс кезінде адам ағзасына келтіретін зиян түрлерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • компьютердің адам ағзасына келтіретін зиян түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.
Сабақта қолданылатын темин сөздер.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

шаршау

усталость

fatigue

жүйке

нерв

nerve




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Компьютерде жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Есіңе түсір.

  • Қауіпсіздік ережелерін бұзу, орындамау компютерді пайдаланушы үшін қандай зияндар тигізеді деп ойлайсыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Жазу.
Компьютердің адамға зиянды жақтарын жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Техникалық қауіпсіздік ережесі 3- сынып.

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
10 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау
«Сынған вагон» ойыны. Оқушылар арасынан төрт сарапшы тағайындалады. Оқушылар нөмірленеді. Нөмірленген оқушылар вагон болып саналады. Сарапшылар нөмір бойынша вагондарды шақырады. Вагондар тараудың басынан білгендерін айтады, сарапшылар тоқтатып сұрақ қояды. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы сынық вагон болып табылады. Ол оқушыға соңына дейін жөнделуге мүмкіндік беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берген вагон рельске қосылады.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Компьютерде жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Естеріңе түсіріңдер.

  • Қауіпсіздік ережелерін бұзу, орындамау компьютерді пайдаланушы үшін қандай зияндарын тигізеді деп ойлайсыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер.

«Иә және жоқ» ойыны. Оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді.
1. Компьютермен қанша уақыт болса да жұмыс жасай беруге болады. (Жоқ)
2. Компьютердің алдында сусын ішіп, тамақтануға болады. (Жоқ)
3. Компьютер құрылғылары электр тогымен жұмыс істейді. (Иә)
4. Кабинетте техникалық қауіпсіздік ережесі бар ма? (Иә)

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет