Сабақтың ортасы
3 мин
|
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Жеке практикалық жұмыс
Электрондық жеке күнделік:
1. Word мәтіндік редакторын іске қосып, жаңа құжаттық файл құру үшін Файл – Создать (Құру) командасын орындаңдар.
2. Файл ішіне күнделікті жазуды бастаған мерзім жайлы және күнделіктің кімге тиесілі екені туралы ақпарат жазыңдар.
3. Файл – Сохранить как... (Қалай сақтау керек...) командаларын орындаңдар. Пайда болған сақтау терезесінің жолағына файлға «Күнделік» атауын беріп, оны сақтаңдар.
4. Құжат сақталған соң келесі қадамда Файл – Сведения (Мәлімет) – Зашифровать паролем (Парольмен шифрлау) командаларын орындап, құжатқа пароль қою терезесін ашыңдар. Күнделік басқаларға қолжетімсіз болу үшін, файлға сенімді пароль орнатыңдар.
5. Жасаған жаңа құжатыңды жауып, қайта ашқанда, ол тек парольмен ғана ашылатын болады.
Дескриптор:
құжат жасайды;
құжатты парольмен қорғай алады.
|
Топтық жұмыс.
Парольдің сипаттамасы мен пароль таңдаудың ережелерін пайдаланып, 5 түрлі сенімді пароль құрастырыңдар. Парольдер зиянкестерге қолды болмау үшін оны қорғаудың жолдарын ұсыныңдар.
Дескриптор:
Жұптық жұмыс
Қандай ақпраттарды, құжаттарды құпияға жатқызуға болады? Өз қызметінде құпиялылықты қажет ететін қандай салаларды атай аласыңдар? Не үшін бұл салаларда құпиялылық қолданылады? Мысал келтіріңдер. Өздеріңнің қандай құжаттарыңды, ақпараттарыңды құпия санайсыңдар? Себебін түсіндіріңдер.
Дескриптор:
құпия ақпараттар мен құжаттарды анықтайды;
ақпаратты құпия сақтаудың себебін сипаттайды.
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.
|