|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұраққа жауап береді.
Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
|
«Биологиялық вирустар мен компьютерлік вирустар: ұқсастық және айырмашылықтары» тақырыбында талқылау ұйымдастыру.
Компьютерді зиянды программалардан қалай қорғаймыз?
Вирус түрлерін жазу.
Компьютердің жұмыс істеу қабілетінің төмендеу себептері неде деп ойлайсыңдар?
Компьютердің адам сияқты ауруы мүмкін бе, қалай ойлайсыңдар?
Желілер топологиясының тиімді және тиімсіздік жақтарын талқылау.
|
Бағалау Мұғалім оқушыларды «Басбармақ» әдісі
арқылы бағалайды.
|
|
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Жаңа ақпаратты топта бірін-бірі үйретіп, түсіну үшін
«ДЖИГСО» әдісін қолдану.
|
Білу кезеңі:
«Компьютерлік вирус» дегеніміз не?
Ол қалай пайда болады?
Компьютердің вируспен зақымдалғанын қандай белгілерден ажыратуға болады?
Жұмыс істеу қабілеті төмендеген компьютердің жұмысын қалай қалпына келтіруге болады?
Компьютердің вируспен зақымдалғанын қандай белгілер арқылы ажыратуға болады?
Түсіну кезеңі:
Компьютерлік вирустан қорғау жолдарының негізгі қадамдарын қалай сипаттар едіңдер?
Компьютерлік вирустардың зияндылығына дәлелді мысалдар келтіріңдер.
Компьютерлік вирустарды әсер ету дәрежесіне байланысты қалай жіктеуге болады?
|
Дескриптор:
Оқулықтағы мәтінді оқиды.
Білу және Түсіну деңгейіндегі берілген сұрақтарға жауап жазады.
Бағалау Мұғалім оқушыларды «Басбармақ» әдісі
арқылы бағалайды.
|
|
|
Сабақтың ортасы
21 мин.
|
(Ж) Қолдану
Компьютер дәрісханасындағы компьютердегі вирусқа қарсы программаның жұмысына талдау жүргізіңдер. Антивирустық программа терезесінің негізгі элементтерінің қызметімен танысыңдар.
|
Дескриптор:
Вирусқа қарсы программаның жұмысын талдайды.
-Антивирустық программа терезесінің негізгі элементтерінің қызметімен танысады.
|
|