Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі


Мақсаты: Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету. Қажетті заттар



бет14/15
Дата23.09.2024
өлшемі495 Kb.
#503883
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дип.-ЖЕТКІНШЕК-ЖАСТАҒЫ-ОҚУШЫЛАРДЫҢ-ПСИХИКАЛЫҚ-ДАМУЫНЫҢ-ЖАЛПЫ-ПСИХОЛОГИЯЛЫК-НЕГІЗІ

Мақсаты: Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.
Қажетті заттар: Түрлі — түсті қарыңдаштар, сурет дәптер парағы. Барысы: Мұғалім балаларға өз қорқыныштарынан арылуды ұсынады. Ол оқушыларға:
- Балалар сендердің қорқыныштарың қандай түсті? - деп сұрайды.
Мұғалім оқушыларға:
- Балалар алдарыңдағы ақ қағазға қорқыныштарың қандай түсті
болса, сондай түспен бояңдар!- деп тапсырма береді.
Сурет дайын болған соң мұғалім оқушыларға:

  • Балалар енді дайын болған соң суреттерінді ұсақтап жыртып тастаңдар!- дейді.

  • Енді сендер еш нәрседен қорықпайсыңдар, - деп қорытындылайды.

«Жаман болғым келмейді»
Мақсаты: Бұл тақырып бойынша, өткізілетін сабақтар оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып жағымсыз әдеттерден арылтады. Не істеуіміз керек?
Мақсаты: - Балаларды дұрыс шешім қабылдай білуге;

  • Өзін басқалармен қарым-қатынас кезінде қалай ұстау керек. екендігін үйрету

  • қорқыныш сезімін жеңе білуге дағдыландыру.

«Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді» суреті. Балаға өзін екі суретте бейнелеп салуға тапсырма беріледі. Бірінші
суретте өзінің қазіргі кезін, ал екінші суретке өзін келешекте қандай болғысы келетіндігін суреттеуі тиіс.
Қосымша «Б»
«Мен және менің денем. Бұл тапсырмалар психогимнастика негізіне бағытталған жаттығулар: Қонжықтар, насос және доп, үш 3 жолдас этюд т.б. Бұл жаттығуларды жүргізгенде бөлмеде жаттығуға сәйкес әуен болуы керек.
• «Мен және менің тілім
1.«Сөзсіз қалай қарым-қатынас жасауға болады» тақырыбында
әңгіме»
2.«Терезе арқылы». Балаларға бір-бірімен терезе арқылы сөйлесіп
тұрғандай етіп, елестеткізіп, жестпен түсіндіру тапсырылады. Мысалы: «Сен қолшатырынды ұмытып кеттің, ал далада болса жаңбыр жауып тұр».
3.«Сөзсіз тақпақ айтып бер».
Оқушылармен ойындарды жүргізіп болған соң, олармен алған әсерлері жайында, адам өмірінде қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екендігі жөнінде әңгіме жүргізу тиімді әдістердің бірі.
• «Мен және менің эмоциям».

  1. «Көңіл- күй күнделігі»

  2. «Көңіл- күйді көтеру тәсілдері»

• «Менжәне мен»
1. Психологиялық автопортрет
Парақтың бірінші бетіне оқушы: «Мені қандай қасиеттерім үшін жақсы көруге болады?» деген сұраққа жауап жазады, екінші бетіне «маған қандай қасиеттерім үшін ұрысуға болады?», деген сұраққа жауап жазады.
2.«Өзіндік қабылдау »

Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «Менің кемшіліктерім», оң жағына «Менің жетістіктерім» деп ойларын ашық жаздыру.


М енің кемшіліктерім Менің жетістіктерім
1.
2.
3.
4.
5.
6.
5 минуттан соң 3-4 оқушының өз жазғандарын талдап, талқыға саламыз. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені есте ұстаған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ «сын айтуға» болмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет