Бұлшықет ұлпасы textus mus- cularis



бет4/5
Дата07.11.2022
өлшемі40.08 Kb.
#464194
1   2   3   4   5
Ұлпалар

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, көмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол менаяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлісүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылужылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта,жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті,қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсеріменрефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.
Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек, аяқ бұлшық еттері кіреді. Мысалы, белдің шаршы бұлшық еті, мықын-бел бұлшық еті, төс-бұғана-сүйір бұлшық еттері омыртқа жотасының екі жағына иілуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері, қабырға аралық бұлшық еттер, көк ет, т.б. көкірек клеткасын әр түрлі қозғалысқа келтіреді. Асықты жілік пен шыбық сүйегінің бұлшық еттері, балтырдың үш басты бұлшық еті және саусақтарды июші, жазушы, саусақ аралығын ашушы және біріктіруші бұлшық еттер аяқтың басын әр түрлі қозғалыстарға келтіреді. Бұлшық еттер жұмыс істегенде организмдегі зат алмасу процесі одан сайын үдей түсіп, тамырлар арқылы келетін қан ағыны көбейеді. Бұлшық ет қызметінің күшеюінен оның қоректенуі жақсарып, салмағы артады (мұны бұлшық еттің жұмыстық гипертрофиясы деп атайды). Дене мүшелерінің барлық қозғалысы өзара байланысты, ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы реттеліп отырады. • Бұлшықет көптеген ұзынша жасуша бұлшықет талшықтарынан тұрады.Омыртқалыларда бұлшықеттің үш гистологиялық типі кездеседі: • Қаңқа бұлшықеті көлденең жолақты немесе ерікті. • Бірыңғай салалы • Жүрек бұлшықеттері (миокард) Бұлшықеттің топтамалары: • 1.Бас пен мойын бұлшықеттері • 2.Тұлға бұлшықеттері: • трапеция пішінді; • ромб тәрізді • 3.Көкірек бұлшықеттері: • көкіректің үлкен бұлшықеттері; • сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер; • Ішкі қабырға аралық бұлшықеттер • көкет; • Құрсақ бұлшықеттер: • Қол бұлшықеттер • Аяқ бұлшықеттер • Бұлшықет жиырылуына қажетті жағдай: Ca++жиырылғыш аппаратпен әрекеттесуі.Мұндай қасиет тек жіңішке жіпшелерде орналасқан тропониннің молекасында болды. Келесі зерттеулер көрсеткендей Ca++ болмаса актин филаменттерінің арасында орналасқан тропомиозин молекуласы жіңішке және жуан филаменттердің әрекеттесуіне кедергі жасайды. Олар актин орамасындағы көлденең көпіршелер жалғанатын үлескілерді оқшаулайды.Ca++ байланыстыру арқылы тропонин молекулалары пішінін өзгертеді, нәтижесінде тропомиозин молекулалары жылжып актинмен байланысатын көлденең көпіршелерді ашады. Егер Ca++ концентрациясы төмендесе, иондары тропонин молекуласынан ажырап, бастапқы конформациясына келеді. Бұлшықет ұлпасында эндоплазмалық ретикулум саркоплазмалық ретикулум деп аталадыБұлшықеттің жиырылуын ацетилхолин нейромедиаторын бөле қозғалтқыш нейрондар басқарады.Ацетилхолин синапстық саңылау арқылы сіңіріліп, бұлшықет жасушаларының плазмалық мембранасында орналасқан ацетилхолин реценторымен әрекеттеседі. Бұл трансмембраналық иондар каналының ашылып,жасуша мембранасының деполяризациялануына әкеледі.Әрекет потенциалы жүйке-бұлшықет қосылыстарынан бұлшықет жасушаларын қоздырып, барлық бағыттарға таралады. Синхронды типтегі бұлшықеттерде саркоплазмалық ретикулум жақсы дамыған ,өйткені олардың жұмысын реттеу үшін жүйке импульстарының көп мөлшері қажет, ал әр импульс кальций иондарының саркоплазмалық ретикулумнан босап шығуымен байланысты. Тропомиозин мен тропониннің ролі • Актин филаменттері Ғ-актинмен көмекші тропомиозин мен тропонин ферментерінен тұрады. Тропомиозин молекулалары Ғ актинді орап жататын екі созылған тізбек түзеді. Тропомиозин жиырылу механизмінің “қосылып” “өшуіне” қатысады. Тропомиозин менCa 2+ қайтымсыз қосатын глобуляры нәруыз тропонин байланысады.Бұлшық ет тыныштықта болғанда тропомиозин миозинді бекіту үшін миофламент актинді “өшіре”үлескісін тоқтатады.
Маңызы
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектесед

Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ьі деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: І мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе а фференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден тұрады. Оның құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет