Қаржы индустриясында. Жоғары жылдамдық, жұмыс жасау икемділігі, өз-өзіне қызмет көрсету мен қашықтан басқару тиімділігі барлық банк қызметкерлері үшін маңызды. Осы мәселелерді шешуде бұлттық технологиялар сұранысқа ие болды және банк бөлімшелері бұлттық ортаның ең белсенді тұтынушыларының біріне айналды. Қарқынды дамудың арқасында қаржы индустриясы алдыңғы қатардан көріне бастады. Қазіргі уақытта белсенді қолданыста жүрген бұлттық технологиялар:
Microsoft Hosted SharePoint, oblako.kz, 1С Онлайн (Uchet.kz, ITSheff), 1С (Первый БИТ), SmartCloud, 1С бұлтта (1С-Рейтинг) және т.б.
Бұлттық технологиялардың қызмет түрлері нарықта жұмыс істеуі, қолдану салаларының ұлғаюы және оның толыққанды дамуы тиісті нормативтік құқықтық актілерді, ақпаратты қорғау стандарттары және т.б. қойылатын талап түрлеріне
қатаң бағынады.
Бұлттық сервистер мынадай маңызды талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Қолданушының сұранысы бойынша өз-өзіне қызмет көрсету ыңғайлылығы мен қолайлылығы. Қолданушы бұлттық сервис иелерінің араласуынсыз автоматты түрде өзіне көрсетілетін қызметтер;
Бұлттық қызмет түрлерінің жылдамдығы. Бұлттық ресурстар Интернет желі жылдамдығымен ілесе алуы;
Жедел реакция. Тұтынушыға берілетін бұлт ресурстарының көлемін тез және икемді түрде өзгерте алу мүмкіндігі (кеңейту немесе азайту), кез келген мөлшерде сатып алу қолайлылығы мен жылдам іске асуы.
Достарыңызбен бөлісу: |