БөЖ: Қазақ тілі білімі салаларының құрылымдылық жүйесіндегі кәсіби бағыттар. Орындаған



Pdf көрінісі
Дата07.10.2023
өлшемі322.9 Kb.
#480049
қтә



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 
Тіл және әдебиет институты 
«Қазақ тілі және Әдебиет» кафедрасы 
БӨЖ: 
Қазақ тілі білімі салаларының құрылымдылық жүйесіндегі кәсіби бағыттар.
Орындаған: Әбсаматова Ә. Ж 
Тобы: ҚТӘ-23-1 қ 
Қабылдаған: Ақмағамбетова Б. Е 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Петропавлск қ, 2023 ж 


Кіріспе 
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата бабадан мирас болып келе жатқан 
киелі дүние. Ол – халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл – адам баласының 
әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, 
дүние танымының көрінісі. Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған 
мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық 
құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің 
болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл 
бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы 
белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.
Әрбір ұлт тілі өзінше ұлы, өз нақышымен қымбат. Қазақ тілі – ең бай әрі 
дамыған тіл. Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі. Қазақ тілінің кешегі 
мәйекті қалпын, терең философиялық тұжырымды екі ауыз сөзге сыйғыза 
білген, мірдің оғындай өткір қалпын терең меңгеру, меңгерту парыз. Әрі бұл 
меңгеру мен меңгерту – ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға 
қойылса орынды. Кез келген тілдің сипаты мен өзіндік тарихы бар, оларды 
бірінен-бірі артық не кем деуге ғылыми негіз жоқ. Мәселе сол тіл иеленетін 
әлеу-меттік құндылыққа, ұлттық мәдениеттің басымдылығына, мемлекет 
жүзеге асыратын тілдік саясатқа, ақыр аяғы отбасына келіп тіреледі. Тілдің 
әлеуметтік құндылығын асыру не кеміту қоғамның өз қолында. Ұлттың 
болашағын ойлаған жас! Сен ертеңгі елдің келелі келешегін қолыңмен жасар 
азаматсың. Білімділік пен зиялылықтың ең басты шегі, факторы ана тілінде 
сөйлеу, ойлау, оны сыйлау, ешкімнің тіл тигізуіне, менсінбеуіне жол бермеу. 
Өз ішіңнен шыққан, ана тілін білгісі келмейтін өгейдің жолын бөге. 
Қазіргі таңда ана тіліміз ғылыми ойдың, ғұламалықтың тіліне айналуда. 
Барлық ғылым салалары бойынша терминдер жасалу үстінде. Бұл жолы 
ауырлау болса да, жасампаздардың жасап жатқан жақсы жолы. 
Шешен сөйлей білу – қазақ халқының маңдайына жазылған бағы. Ал 
оның түп мақсаты – тыңдаушысын иландыру, сендіру. Шешен сөйлеу тек бай 
тілге ғана тән қасиет болу керек. Қазақ халқының шешендігі – тілінің 
байлығы. Бұл байлық бір күнде жинала салған дүние емес. Онда заманалар 
ізі, ғасырлар демі жатыр. Тіл мен ой тарихи тұрғыдан бірдей пайда болды 
дегенге құлақ қойсақ, онда қазақ тілінің терең тарихи даму жолы көз 
алдымызға келуі керек. Туған елдің болашағы саналатын жас ұрпақты ұлттық 
дәстүрі мен салт-санасының негізінде тәрбиелеп, туған топырақта 
тамырлаған алтын тарихтың бесігінде тербетіп, қазақтың бай мәдениетінде 
жүздіру – баға жетпес өлшеусіз рухани қызмет. Ұрпақ тәрбиесінің маңызына 
қазақ баласы зер салып, оған ерекше мән берген. 


Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. 
Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында 
баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. 
Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да 
бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін 
оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен 
ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдім. 
А. Байтұрсынов - – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп 
күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш 
мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша 
оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде 
қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай 
не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ 
қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер 
Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың 
бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін 
ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде 
жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов 
қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 
жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта 
басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде 
пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін 
осы күнгі суреттермен берілген кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 
жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар 
көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына 
үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде 
қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу 
құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы 
кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен 
де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай 
ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, 
мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. 
Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей 
болып шыққан». 
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу 
құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде 
үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-
бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы 
кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске 
арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше 
рет қайта басылып пайдаланылып келді. 


«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. 
Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың 
кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ 
грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша 
терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан 
есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. 
сан 
алуан 
лингвистикалық 
ғылыми 
терминдердің 
баршасы 
А. 
Байтұрсыновтікі. 
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты 
салалары -– фонетика -– дыбыс туралы ғылым, морфология –- сөз құрамын 
зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш 
тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр. Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген 
еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған 
болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 
жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - 
Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін 
салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 
1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. 
Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің 
жол-жобасын көрсетіп берді. Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі 
бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша 
сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми 
грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін 
көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -– сауат аштыру, тілді оқытудың 
әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін 
оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. 
Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. 
Академик-ғалым Р.Г. Сыздықова қазақ тілінің лексикографиясына 
арнайы тоқталып, осы кезеңдегі шыққан сөздіктердің кемшіліктері мен 
жетістіктерін 
тереңдей 
зерттеді. 
Ғалым 
қазақ 
тілін 
зерттеген 
түркітанушылардың біраз еңбектеріне тоқталып, І. Кеңесбаевтың пікірлеріне 
қосыла келе: 
• қазақ тіл білімінің іргетасы қаланды; 
• тұңғыш рет қазақ тілі туралы лингвистикалық ілім пайда болды;
• грамматика мен фонетика курсы құрылды;


• алғаш рет көп мөлшерде ана тіліндегі лингвистикалық терминдер 
енгізілді; 
• қазақ жазуы, орфографиясы мен пунктуациясы мәселелері күн 
тәртібіне қойылып, шешімін тапты деген тұжырымға келеді. Басқа 
мақалаларында қазақ тілін зерттеген орыс ғалымдары мен қазақ 
лексикасындағы терминдердің қалыптасуы және грамматика мәселесі 
жөнінде сөз етеді. 
С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» 
атты кітабында қазақ тілінің осы кезеңдегі зерттелу тарихына тоқталып өтеді. 
Ғалымның зерттеу нысаны диалектілер болғандықтан, басқа ғалымдардың 
еңбектерінде осы мәселе төңірегінде сөз етіледі. Арасында В.В. Радловтың, 
Н.И. Ильминскийдің, В.В. Катаринскийдің, М.А. Терентьевтің, П.М. 
Мелиоранскийдің еңбектеріне баға беріп, еңбектеріндегі диалектілерді 
талдайды. Дәлелдері орынды, ойларын нақты мысалдармен береді. Бұлардан 
басқа Х.К. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбегі, Ш. Ш. 
Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» 
атты т.б. ғалымдар еңбегінен құнды-құнды материалдармен танысуға болады.
Б. Әбілқасымовтың «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби 
тілі», «Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер» деген 
еңбегінде 1825 жылдан бастап жарық көрген қазақ тілі жайлы алғашқы 
мақаладан бастап, төңкерістен кейінгі еңбектер де арнайы қамтылады.
Түркітанушы ғалым Н.А. Баскаковтың үш еңбегі де тіл білімінің даму 
бағыты мен оның жеке мәселелері жөніндегі ғылыми құнды дүниелер 
қатарына жатады. М. Томановтың «Тіл тарихы туралы зерттеулер» атты 
еңбегінде де қазақ тілін тұңғыш зерттеушілер туралы айтылады. 
Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тілін 
зерттеу орыс тілінде жүргізілді. Осы кезеңге дейін қазақ тілі грамматикасы 
жеке пән ретінде қарастырылмай, шығыс тілдерімен араласып қарастырылса, 
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Петербург, Қазан, Ресей Ғылым 
академиясы, Азиялық шетел министрлігі департаменті жанындағы шығыс 
тілдері бөлімі тарапынан назар аударылып, қазақ тілі жайлы түсінік, тілдік 
құрылымы, өзге тілдермен салыстыра зерттеу жүргізілді. Қазақ тіл білімін 
орыс тіл білімінің жүйесіне салып, орыстандыру саясатын ұстанды. 
Ғалымдар қазақ тіл білімін қанша зерттеп, өз болжамдарын айтқанымен, сол 
тілдің төл өкілі болмаған соң, қазақ ұлтының танымына терең бойлай 
алмады. Нәтижесінде қазіргі таңға дейін қолданып келе жатқан кириллица 
әліпбиін таңу арқылы өз миссияларын орындап, қазақ халқын талай жылдар 
бойы өз тамырынан алшақтатты. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет