БөЖ Әлеуметтік саясаттану білім модулі(саясаттану) Орындаған: Божбанбай а тобы: жбт-111 Қабылдаған: Жамбулқызы г түркістан 2022 Жоспар



бет2/4
Дата29.11.2022
өлшемі38.86 Kb.
#466056
1   2   3   4
Бөж саясаттану

Қорыта айтқанда, саясаттану кез – келген кішігірім мемлекет ішіндеде болған. Алайда ол кезеңдерде саясаттану ғылым ретінде қалыптаспаған. Әр кезеңнің ұлы ойшылдараның, кемел көз-қарастарының арқасында ғылым ретінде қалыптасып, даму үстінде.



  1. Саяси билік пен мемлекеттік биліктін ара жігін ашып талдаңыз.

Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Дәл осы орайда мемлекеттік және саяси биліктің ара жігін ашуға болады. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.Саяси билік адамзат тарихында ежелгі заманнан бар. Мысалы, қазақ даласы тарихындағы ақсақалдар, ақсүйектер, билер кеңесі болса, ал славян халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей билік етпегенмен, әулеттің көптеген өкілдерінің ішінен кім хан, кім князь болуын ұйғарып отырды. Бұл қазіргі демократия тәртібіндегі саяси партиялар мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды.


Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады.
Қорытындылай келгенде, саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы билікті бөлу ұсынымына сәйкес болуы қажет. Әсіресе мемлекеттік биліктің легитимді болуына бірінші кепілдеме - шын мәніндегі халық қолдайтын конституция. Мысалы, бұрынғы кеңестік кезеңде мемлекеттік билік саяси биліктің қалыптасуына тыйым салып, саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің негізі болды. Саяси ұйымдар мен саяси партиялардың өздігінше дамуына жол берілмеді. Билік түгелдей бір орталыққа топтастырылды, әлеуметтік бастамалар көтеру, шешімдер қабылдау, халықтың шынайы еркін білдіретін қозғалыстар қудаланды және бәрі де қатал орталықтандырылды. Менің ойымша, халық тек мемлкеттік билікке бағыну қажет. Саяси билік біздің саяси территориямызды кеңейтуге ықпал жасауы керек деп түсінемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет