Бөж тақырыбы: «Мектепте биология пәнінен сабақ берудің материалдық базасын ұйымдастыру» Орындаған : Досалы Сабира Қабылдаға: Умиров Бауыржан Тобы: жбл-111 Түркістан 2023жыл Жоспар


Зерттеу материалдары мен әдістері



бет3/4
Дата05.12.2023
өлшемі37.59 Kb.
#485487
түріСабақ
1   2   3   4
Умиров БӨж

Зерттеу материалдары мен әдістері Биология пәнінен оқу-материалдық базасын ұйымдастырудың әдістемесі құрастырылды. Құрастырылған әдістеменің тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді. Педагогикалық-тәжірибелік жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасында 5В011300 «Биология» мамандығының студенттерінің қатысуымен 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарында жүргізілді. Педагогикалық-тәжірибелік жұмысқа қатыстырылған студенттер саны – 52. Эксперименттік тәжірибе үш кезеңнен тұрады: анықтау эксперименті, қалыптастыру эксперименті және бақылау эксперименті.
Зерттеу нәтижелері және оларды талдау: Студенттер білім деңгейлерінің көрсеткіші бойынша теңдей екі топқа бөлінді: эксперименттік топ (ЭТ), бақылау тобы (БТ). Білім деңгейлерінің көрсеткіші GPA балл көрсеткіштері бойынша анықталды. 1-суретте екі топтың білім деңгейлерінің көрсеткіші көрсетілген. Эксперименттік топтың студенттерінің білімді меңгеру деңгейі %, бақылау тобының көрсеткіші % құрады. Анықтау эксперименті кезеңінде үш компонент (интеллектуалдық, тәжірибелік, танымдық) көрсеткіштері арқылы анықталынды. Білім алушылардың материалдық база туралы білімін қалыптастырудағы интеллектуалдық компонентінің деңгейін анықтау келесі сауалнама сұрақтары арқылы жүргізілді:
1.Биология пәнінің оқу-материалдық базасы дегеніміз не, қалай түсінесіз? 2.Биологиядан оқу-материалдық базасын ұйымдастыру неше бөліктен тұрады? 3.Биология кабинетінің басқа оқу кабинеттерінен ерекшеліктері қандай? 4.Биология кабинетіндегі мультимедиялық құралдарға нелер жатады? 5.Биология кабинетіне және зертханасына қойылатын талаптар қандай? Білім алушылардың материалдық база туралы білімін қалыптастырудағы тәжірибелік компонентінің деңгейі келесі сұрақтар көмегімен анықталды: 1.Биология кабинетінде қолдануға болмайтын, тыйым салынатын заттар қандай? 2.Оқу-материалдық базансын ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері қандай? 3.Анатомия-физиология курсы бойынша оқу құралдарының түрлері? 4.Зоология курсы бойынша оқу жабдықтарының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз? 5.Ботаника курсы бойынша оқу құралдарының негізгі түрлері қандай? Білім алушылардың материалдық база туралы білімін қалыптастырудағы танымдық компонентінің деңгейі төмендегі сұрақтар арқылы жүргізілді: 1.Биология зертханасында қандай жұмыс түрлері жүргізіледі? 2.Тірі табиғат бұрышында кездесетін жануарлар тобын атап көрсетіңіз ? 3.Биология кабинетіндегі бөлме өсімдіктерінің басты маңызы неде? 4.Мультимедиялық құралдардың оқушыларға биологиядан білім берудегі артықшылықтары? 5. Биология кабинетіндегі қабырға стендтерінің түрлері?
Жоғарыда жазылған әр сұрақтың жауаптары үш түрлі деңгей бойынша бағаланды: «жоғары», «орташа» және «төмен». Анықтау сұрақтарының нәтижесін талдау барысында «биология пәнінің оқу материалдық базасы және ерекшеліктері» деген сұрақтарға екі топ студенттері де толық жауап бере алмады. «Анатомия, зоология, ботаника курсы бойынша оқу-құралдарының түрлері қандай?» деген сұраққа бірнеше студенттер дұрыс жауап бере алды. Анықтау кезеңінің көрсеткіштері 2, 3, 4-суреттерде көрсетілген. Эксперимент және бақылау топтарының анықтау кезеңі бойынша көрсеткіштерінде үлкен өзгешелік жоқ. Анықтау кезеңінің сұрақтарына үш компонент бойынша «жоғары» жауап бергендер 3-7% (ЭТ) және 3-11% (БТ), себебі жоғары деңгейде жауап бергендер саны аз болды. «Орташа» көрсеткіш 34-42% (ЭТ) және 30-38% (БТ), алынған жауаптар толық деңгейде емес. «Төмен» көрсеткіш 50-65% (ЭТ) және 53-61% (БТ) сұрақтардың көпшілігіне дұрыс жауап берілмеді. Қалыптастыру эксперименті кезінде биологиядан білім беруде оқу-материалдық базасын ұйымдастыру әдістемесі құрастырылды. Әдістемеде келесі инновациялық әдістер қолданылды: Case-әдісі. Нақтылы жағдайды талдау үшін және зерттеу жүргізу үшін қолданылады. Бұл әдісі кезінде оқушылар назарына қайшылықты мәселелі жағдайды шешу ұсынылады. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады. Кейс әдісі оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың зерттеушілік қабілетін дамытады. Бұл әдістің бірінші кезеңінде жағдайды таңдайды. Сол тақырып бойынша сұрақтар әзірленеді. Таңдалған жағдай дәрістің мазмұнына сай келуі шарт. Осыған байланысты кейстің мазмұны мен міндеттері көрініс табады. Әдістің екінші кезеңінде топтар арасында пікірталас болып, қорытынды шығарылады. Биология сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар табиғи (тірі жәнс препаратталган) және бейнелеуші болып бөлінеді. Табиғи тірі құралдар ретінде арнайы алынған бөлмелік және мектеп аумағынан немесе экскурсиядан әкелінген өсімдіктер, тірі табиғат мүйісіндегі тордағы, терариумдағы жәнс аквариумдағы жануарлар пайдаланылады. Табиғи препаратталған құралдарға: ботаникадан гербарий, гербарийлік кестелер. практикалык жұмыстар үшін көптеген бүтін өсімдіктен және мүшелерінен үлестірілетін материал; зоологиядан бунак денелілердің коллекциясы, омыртқасыздар типінің фиксацияланған өкілдері жануарлар дамуының сулы препараты, тұлыптары және омыртқалылардың әртүрлі жүйелік топтары өкілдерінің қанқалары, құстардың қауырсындары, балықтың кабыршағы, сүйегі, жануарлардың жеке бөліктері, т.б. сияқты үлестірілетін материалдар: адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасынан адам каңқасы, жеке сүйектері, микропрепараттар, жануарлардың жекелеген мүшелері (жүрек, ми, өкпе, бүйрек, бауыр, көз) жатады. Жалпы биологиядан барлық курста пайдаланылған құралдар, арнайы биологиялық коллекциялар, гербарийлер және үлестіретін материалдар қолданылады. Барлық табиғи құралдар тақырыбы көрсетілген сөрелерге орналастырылып, шкафтарда сақталады. Бейнелеуші көрнекі құралдарға: әр курс бойынша тақтаға үлгімен құрастырылатын кестелер; динамикалық құралдар; адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы курсы бойынша адам торсынын жиналмалы тұлыптары, жеке мүшелер жүйесі, маймылдың миы мен бас сүйегінің тұлыбы жатады.Тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды көрсету. Биология курсына микроскоптар, ұлғайтқыштар және препоравалдық аспаптар қажет. Микроскоптар саны екі оқушыға біреуден жететіндей болу керек. Мектептік типті микроскоптары 35-тен 180 есеге ұлғайтып көрсететін биологиялық №9 немесе студенттік болғаны жаксы. Ұлғайтқыштар дайын аспаптар, ванналар әрбір оқушыға жеткілікті болуы керек. Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы курсы бойынша бұлшықеттік үстелше, эргограф, динамометр, кардиограф, спирометр қажет. Тәжірибелерді көрсету үшін қыздыратын құралдар: электропеш, үтік, спиртшамы, химиялық ыдыстар, штативтер. Реактивтерге арналған шыны ыдыстар, пробиркасы бар штативтер, стакандар, микропрепарат жасау үшін заттық және жабын шынылар керек; Өлшеуіш құралдарға: таразы, термометр, сантиметрлік сызғыштар, мензуркалар болуы кажет. Практикалық жұмыстарға арналған ыдыстар әр оқушыға жеткілікті болуы тиіс. Практикалық жұмыстың ыдыстары мен құралдары ағаш немесе пластмассалы подностарда, арнайы шкафтарда сақталады. Көрнекті құралдар. Бұл ассистенттердің немесс лаборанттың кажетті матсриалдарды шкафтан оқушы үстеліне апаруына және сабақ соңында жиналуына ыңғайлы. Реактивтер оптикалық құралдарды бүлдірмеу үшін белек сақталады. Биология кабинетінде міндетті түрде экскурсия (серуен) жабдықтары болуы керек. Экскурсия барысында жиналған материалды сақтау үшін және өсімдіктер жинайтын газеттері немесе жай қағаздары бар папкалар мен гербаризациялауға арналған нығыздамалар керек. Барлық экскурсияларға компас, жиналмалы ұлғайтқыш, бақтық қалақтар немесе қашаулар, өсімдіктер мен биік ағаштың бұтақтарын кесетін секаторлар, өсімдіктердің орташа санын есептеуге яғни I м х 14 м есептелінген, жұқа тақтайшалардан жасалған төрт бұрышты рама, жиналмалы метрлік жәнс сантиметрлік ленталар. Гидрологиялык серуендср жүргізу үшін ауа және су сачоктары, морилькілер, шелектер, тегіс түпті ауа алмастырғышы бар энтомологиялық пробиркалар, ауа алмастырғышы бар керек. Серуендік құрал-жабдықтардың біразын оқушылар күшімен істеуге болады. Құралдарды белгілі жүйеде сактау оларды жылдам табуға және сабаққа тез дайындауға мүмкіндік береді. Бұлардың барлығы окушыларда оқу енбегінің мәдениетін ұйымдастыруға тәрбиелейді. Бұл оқушыда сөзсіз эстетикалық ссзімді тудырады. Биология кабинетінде бөлме өсімдіктері көп болуы керек. Өсімдіктер экологиялық, жүйелік немеее географиялық ерекшеліктеріне байланысты топтастырылып орналастырылады. Биология кабинет! эстетикалык безендірілуі тиіс. Кабинеттің барлық кескіні балада қуаныш сезімін тудырып, табиғи объектілерге назарын аударатындай болуы керек. Кабинет реттеуді ұйымдастыруда, қолдан жасалатын құралдар мен кестелерді дайындауда, сабақ жүргізуде мұғалімге оқушы үлкен көмек көрсетеді. Бұл оқушыларда ұйымдастырылған іскерлік пен еңбек мәдениетін, пәнге деген кызығушылықты оятады . Тірі табиғат мүйісі қазіргі уақытта мектептер мен тәрбие мекемелерінің мүмкіншіліктері дамудың жоғарғы деңгейіне жетіп отыр және олардың арнайы биологиялық бөлмелер (кабинеттер), биокешендер, табиғат зерттеуші жасөспірімдер станциясын, табиғат зерттеу сабақтары үшін клубтар мен акциялар құруға мүмкіндіктері бар. Мектептердегі және басқа да мекемелердегі қазіргі бөлмелер натуралистік жұмыстарға арналған, олар жануарлар мен өсімдіктерді тек көрнекі құрал немесе үлестіретін материал ретінде ұстайтын ғана емес, стенділермен жабдықталған, препараттар мен тұлыптар сақтау орны болып табылады. Суреттер, фотосуреттер. палеонтологиялық олжалар, кітаптар мен журналдар жинақтары да мектептегі табиғат мүйісінін ажырамас ерекше белгісі. Оқушыларға тірі және өлі табиғат элементтерін қатар оқытып үйрету бізді қоршаған биосферамен комплексті танысуға, есімдіктер мен жануарлар әлемінің арасындағы және олардың мекен ету ортасымен күрделі қарым-қатынастарын табуға мүмкіндік береді. Жазғы демалыс лагерлеріндегі, оқушылар сарайындағы, денсаулық сақтау орындарындағы, үйдегі және тірі мүйістердегі жүргізілетін юннаттық жұмыстар, ең алдымен, баланы жан-жақты және өз бетінше еңбек етугс үйретеді, олардың тірі табиғатқа ықыласы мен сүйіспеншілігі дағдыландырады, бағыныштығын дамытады. Бұл биологиядан мектеп бағдарламасын жақсы меңгеруге, табиғат құбылыстарын материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді Оқу тәжірибе орнының оқу-тәрбиелік маңызы Оқушыларды логикалық құралған, айқын, нақты жоспармен шебер жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. Бұл үшін оқу тәжірибе орнында үлкен педагогикалық мүмкіншілік бар. Педагогикалық ойластырылған жоспар құру аумақтың ауданын, егу мен отырғызу жұмыстарын ұйымдастырудың алғашқы жағдайы (шарты) болып табылады. Оқу тәжірибе аумағында күзде және көктемде ботаника, зоология және жалпы биология сабақтарын, 5-8 сыныптарда ерекше бағдарлама бойынша практикалық сабақтар жазғы, күзгі бақылаулар мен тәжірибелер қойып жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстар жайлы жалпы биология, зоология, ботаника курсы бойынша сабақтарға үлестірілетін және көрсетілетін материалдар дайындауға болады. Мектеп аумағында мектепте зерттелетін: далалық, бақшалык, жеміс-жидектік, мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер болуы керек. Соған сәйкес аумақта айқын шектелген далалық, көкөністік, жеміс-жидектік, өсімдік, биологиялық және зоологиялық бөлімдер болу тиіс. Әр мектеп аумағының ауданы, пішіні үйлесімі түрліше, дегенмен жоғарыда айтылған бөлімдердің барлығы болу керек. Әр бөлімде өсімдіктер (дақылдар) коллекциясына жәнс олармен тәжірибе жүргізуге орын бөлінеді. Әртүрлі бөлім өсімдіктерін бір коллекцияға және бір тәжірибе бөліміне араластыруға болмайды [12].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет