Бөж тақырыбы: «Мектепте биология пәнінен сабақ берудің материалдық базасын ұйымдастыру» Орындаған : Досалы Сабира Қабылдаға: Умиров Бауыржан Тобы: жбл-111 Түркістан 2023жыл Жоспар



бет2/4
Дата05.12.2023
өлшемі37.59 Kb.
#485487
түріСабақ
1   2   3   4
Умиров БӨж

II. Негізгі бөлім
Білім беруде пәнді тереңдетіп оқыту үшін кабинеттерді тиісті деңгейде материалдық базамен қамтамасыз ету маңызды. Ақпараттық технологияларды, зертханалық оқу материалдарын, тірі табиғат бұрышын, оқу-учаскелік алаңын ұйымдастыру басты міндет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту басты міндеттер деп атап көрсетілген. Онда білім беру ұйымдарының заңнама бойынша мүліктерге иелік ету, пайдалану құқығы бар, гранттарды алған мемлекеттік мекемелер білім беру процесін ұйымдастыруға материалдық-техникалық базаны пайдаланады деп айтылған. Дәстүрлі білім беру үдерісінде биология кабинетінің оқу-материалдық базасы көрнекі құрал-жабдықтарды құраса, қазіргі білім беру бойынша биология кабинеті жаңа заман талаптарына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықталған. Интерактивті тақта, видео, аудиожазбалар, компьютерлер оқушыларға жаңа мәліметтер беруге көмектеседі. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша оқу-материалдық базаның құрамдас бөліктеріне: биология пәнінің демонстрациялық-зертханалық құрылғылары бар кабинет, оқу-тәжірибе үлескесі және тірі табиғат бұрышы жатады. Биология кабинеті туралы А.Б. Ручин: Биология кабинеті – бұл тек қана биология сабақтары, факультативтік және үйірме сабақтары өткізілетін және сабақтан тыс тапсырмалар орындалатын сынып (үй-жай) ғана емес, бұл оқу-тәрбие процесінің материалдық базасы деп жазған. Биология кабинеті күрделі педагогикалық жүйе болып табылады, оған оқу жабдықтары, оқушылар мен мұғалімдерге арналған жұмыс орындары, оқытудың техникалық құралдары, оқу жабдықтарын сақтауға арналған құрылғылар кіреді. Онда оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесі жүзеге асырылады, ол үшін арнайы жабдықтау көзделеді. Сонымен қатар, биология кабинеті мұғалімнің жұмыс орнын білдіреді, осыған байланысты сабаққа шығармашылық дайындық үшін қажетті барлық нәрсе болуы тиіс деп міндеттеген [4]. Н. Тормановтың еңбегінде биология кабинетінің құрал-жабдықтары әрбір биология курсы талаптарына сәйкес белгілі бір жүйемен орналастырылуы керек деп айтылған. Бұл кабинетте реттеуді ұйымдастыру, құрал-жабдықтар дайындау мен кабинетте суға арналған екі краны бар шұңғылшаның болуы қажет. Н. Торманов мұғалімнің жұмыс орны мен оның артындағы қабырға көрнекі оқу-құралдарын көрсетуге пайдаланылады және көрнекіліктерді қолдану әдістемесінің келесідей талаптарына сәйкес болуын көрсеткен:
1.Көрсетілген зат барлық оқушыларға жақсы көрінетін болуы тиіс; 2.Көрсетілген затқа назарын жинақтауға ешнәрсе кедергі келтірмеу керек, қабырғада суреттер, көңіл аудартатын жазулар, безендірулер болмағаны абзал; 3. Затты алдын ала емес, қажет болғанда сабақ барысында көрсету қажет [3].
Н.П.Ахметова биология бойынша мектеп бағдарламасын меңгеру бойынша оқу қызметінің басым бөлігі биология кабинетімен байланысты деп анықтаған. Мектеп биология кабинеті – «Биология» пәні бойынша сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыста оқушылардың белсенді танымдық қызметіне ықпал ететін оқу құралдарымен жабдықталған мектептің ерекше оқу бөлімшесі. Биология кабинеті – бұл биология бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған үй-жай. Жаратылыстану кабинеттерінің алғашқы бөлмелері әйнектелген шкафтарда өсімдіктер мен жануарлардың тұлыбы сақталған мұражай болып табылады. Кейінірек, эксперименттік әдістерді енгізумен кабинет зертхана-класс болып табылады. Шыны және фарфор ыдыстары, микроскоптар пайда болды, тірі өсімдіктер мен ұсақ жануарларға арналған бөлмелерге бөлген (тірі табиғат бұрышы) [5]. Уильям Л. (William L.) биология кабинетін құруда және қолдауда жетекші рөл мұғалім, кабинет меңгерушісі болып табылатындығын көрсеткен. Оның қызметі – бұл кабинетте білім беру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, санитарлық нормалар мен т.б. саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес жағдайда ұстау ғана емес, сонымен қатар кабинетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, техникалық және басқа да оқыту құралдарымен жабдықтау. Уильям Л. бұл ретте оқу объектілерін іріктеу мүмкіндігіне қарай екі аспектіні бөлген: 1)оқушыларды объектілермен жұмыс істеуге үйрету; 2) білім берудің өлкетану құрамы [6]. Биология кабинетінің құрылғылары арнайы белгіленген талаптарға сай орналастырылады. Оқу-материалдық базасын ұйымдастырудың маңызы оқу процесін өткізу барысында, зерттеу жұмыстарын жүргізуде мұғалімге көмекші құрал қызметін атқарады. Биология кабинетін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету оқушылардың биология пәніне деген ынтасын арттырады. Мұғалім кабинетті ұйымдастырушы маман ретінде жетекші рөл атқарады. Кабинеттегі оқу жабдығы оны пайдалану жиілігін, қауіпсіздік ережелерін қамтиды, қандай да бір курсқа, тақырыпқа тиістілігін ескере отырып орналастырылады және сақталады. Кабинеттегі және зертханадағы материалдар, құралдар, аспаптар мен құралдар, интерактивті оқыту құралдары жүйелендірілген. Олардың барлығы мазмұнға сәйкес нөмірленген. Әрбір кестеге нөмір беріледі. Табиғи гербарийлер, коллекциялар күн сәулесі түспеу үшін қораптарда сақталады. Биология кабинеті жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған. Онда компьютер, проекциялық жабдықтар сияқты ақпараттық-коммуникативтік құралдар бар, оқыту процесін сапалы жақсартуға, зерделенетін материалды көрнекі қарауға, түрлі әдістемелік тәсілдерді тиімді пайдалануға, оқушылардың белсенді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сабақта қолданылатын жаңа құрал-жабдықтар пәнге деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді, оқушыларда қосымша ақпарат көздерін қолдануға ұмтылатындығын, олардың ішінен білім алатындығын жазған [7-8]. Г.С. Петрищева, Л.В. Максимова сынды ғалымдар оқу жабдығының негізгі бөлігін оқу құралдарының түрлері, бағдарлама бөлімдері мен тақырыптары бойынша шкафтарда көлемі, салмағы, пайдалану жиілігі және тұлыптарды сақтауға қойылатын талаптар ескеріле отырып сақталатындығын, жәндіктер коллекциясы мен гербарийлер нафталин салынған қораптарға немесе инсектицидтері бар қапшықтарға буып-түйілген күйінде сақталатындығын жазған. Жануарлардың қаңқаларын шкафтың әйнектелген бөлігіне, адамның қаңқасын полиэтилен қаптамаға салады. Микропрепараттарды арнайы қораптарда, әрбір препаратты өз бөлімінде сақтайды. Микроскоптар мен штативті лупаларды футлярларға салады. Кестелерді картонға желімдеп тігінен сақтайды. Қағаз кестелерді көлденең жағдайда кең сөрелерде орналастырады. Дидактикалық карточкалар, фотосуреттер, суреттер, схемалар, ашық хаттар, өсімдіктер бөліктері бар тарату материалдары конверттерде, каталог жәшіктерде немесе папкаларда сақталады [9-10]. Биология кабинетіндегі демонстрациялық құралдарға көрнекілік құралдар, препараттар, бейнелеу көрнекі құралдары жатады. Н. Абылайханова биология сабақтарында қолданылатын көрнекті құралдарды табиғи (тірі және препаратталған) және бейнелеуші болып бөлген. Табиғи тірі құралдар – арнайы алынған бөлмелік және мектеп учаскесінен немесе экскурсиядан әкелінген өсімдіктер, тірі табиғат мүйісіндегі тордағы, терариумдағы және аквариумдағы жануарлар пайдаланылады. Табиғи препаратталған құралдарға: ботаникадан-гербарий, гербарийлік кестелер, практикалық жұмыстар үшін көптеген бүтін өсімдіктен және мүшелерінен үлестірілетін материал; зоологиядан бунақденелілердің коллекциясы, омыртқасыздар типінің фиксацияланған өкілдері жануарлар дамуының сулы препараты, тұлыптары және омыртқалылардың әртүрлі жүйелік топтары өкілдерінің қаңқалары, құстардың қауырсындары, балықтың қабыршағы, сүйегі, жануарлардың жеке бөліктері, т.б. сияқты үлестірілетін материалдар: адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасынан адам қаңқасы, жеке сүйектері, микропрепараттар, жануарлардың жекелеген мүшелері (жүрек, ми, өкпе, бүйрек, бауыр, көз) жатады [11]. Білім беру мекемесінің материалдық базасына байланысты В.М. Константинов бағдарлама бойынша биология пәнін оқыту барысында, экскурсияларға бару, музейлерді аралау, табиғатты бақылау жұмыстары жүргізілуі тиіс деп жазды. Себебі, оқушылардың биологиялық білімдері мен практикалық жұмыстарды байланыстыра алуына, жаңа технологияларды меңгеруіне, тірі объектілер туралы ақпаратты талдауына қажет. Осы жағдайда ғана алынған білім толыққанды болады делінген .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет